Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi


Трипанасома қарапайымдыларының биологиясын зерттеу



бет17/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!

3.2 Трипанасома қарапайымдыларының биологиясын зерттеу

Трипанасома қарапайымдылары Тгураnasomа eguiperdum жылқы мен есектің киеңкі немесе карақаптал және су ауру деп аталынатын инвазионды аурулар қоздыратын паразит.


Киеңкі немесе қарақаптал көбінесе жыныстық, жанасу арқылы жұғатын созылмалы ауру. Ауруға шалдыкқан малдың жыныс мүшелері, терісі және жүйке жүйесі зақымдалады.
Трипанасома қарапайымдылары денесі бұрғы тәрізді бір торшалы паразит. Оның ұындығы 22-28 мкм, ені 1,4-2,6 мкм. Денесінің орта тұсында ядросы, ал оның арт жағында тағы бір кішірек ядросы (блефаропласт) орналасқан. Осы кішірек ядродан трипаносоманың бишігі басталып, ол паразиттің бір жақ шетіндегі жұқа жарғақты көмкеріп, торшаның бас жағында бос бишік болып жатады.
Трипанасома қарапайымдылары жыныс мүшелерінің кілегей қабығын және осы қабықтың қыл тамырларын мекеңдейді. Трипанозоманың бұл түріне тек қана тақ тұяқтылар бейім. Зертханалық ұсақ жануарларға бұл қоздырғыш жұқпайды. Сондай- ақ, жасанды қоректерде де өсіп-өнбейді. Жыныс мүшелерінде паразит ұзынынан екіге бөліну арқылы көбейеді. Трипанасома қарапайымдылары дене трипанотоксин деген уытты заттар бөлініп шығады. Трипанотоксин қанға тарап, бүкіл денеге зиянды әсерін тигізеді.
Трипанасома қарапайымдылары жылқы, есек және қашырларда кең таралған паразит. Трипанасома қарапайымдылары көбінесе шағылыс маусымында ауру малдан сау малға жұғады. Үйірдегі айғыр ауруды ондағы биелерге таратады.
Сондай-ақ трипанасома қарапайымдылары қоздырғышы зерттеу аспаптары арқылы да таралуы мүмкін. Киеңкі әсіресе асыл тұқымды мал өсіретін жылқы зауыттарына және фермаларына аса қауіпті.
Қазақстан жағдайында киеңкі жергілікті байырғы жылқыда, әсіресе табындағы жылқыда, ешбір сыртқы белгісіз астыртын етуі мүмкін. Бірақ шеттен әкелінген асыл тұқымды жылқыға трипанасома қарапайымдылары жұқса, кесел ауыр түрде өтеді. Есек пен қашырда бұл аурудың клиникалық белгісі болмайды. Киеңкінің жасырын кезеңі 2-3 ай. Аурудың алғашқы кезеңіңде айғырдың жыныс мүшелері- ұмасы, қасасы, күпегі ісінеді. Ал биенің желіні, сыртқы жыныс мүшелері және құрсағының төменгі жағы ісінеді. Ісіктерді сипап көргенде салқын, жұмсақтығы қамыр тәрізді және мал ауырсынбайды. Жыныс мүшелерінің терісінде алғашқыды кішкентай түйіндер пайда болып, олар кейіннен ашық жараға айналып жазылып кетеді де, орнында ақшыл дақгар (пигментсіз) кзлады. Қынаптан сарғылт түсті қан аралас жалқаяқ ағады. Аурудың бұл кезеңінде ісіктер басым болғандықтан, оны ісіктер кезеңі деп атайды. Аурудың бұл кезеңінде жылқының жалпы күйі өзгере қоймайды, тәбеті қашпайды. Осы кезеңнің аяғында малдың жыныстық қабілеті күшейгендей сырт белгілері байқалады.
Аурудың екінші кезеңіне жылқы терісінің зақымдануы тән. Ауру жылқының терісінде ауық-ауық есек жем тәрізді бөртпелер пайда болады. Сауырында, кеуденің екі жағында және қарын жағында дөңгелек, диаметрі 4-20 см-дей шығырық тәрізді ісіктер пайда болып, бірнеше сағаттан кейін бұл ісіктерөздігінен жойылып, аздан соң қайта шығуы мүмкін. Әдетте буаз бие осы кезеңде іш тастайды. Ауру бұдан әрі асқына түссе, киеңкінің үшінші кезеңі басталады.
Аурудың үшінші кезеңінде жүйке жүйесі жартылай (парезге) немесе толық салдануға шалдығады. Әдетте бір жақтағы жүйке парезге шалдыққан жылқының бір құлағы салбырайды, бір жақ қабығы түседі, ернінің бір жағы қисаяды. Малдың шонданай жүйкесі зақымданса, жүрісі тәлтіректеп, сауыры мен артқы аяқтарының бұлшық еттері семе бастайды. Сондықтан жылқының жүрісі өзгереді, артқы аяқтарын сылтып басады. Белжүйкесі толық зақымданған жағдайда, жылқы артқы аяқтарын баса алмай, ит сияқты отырып қалады. Сол себептен киеңкіні орысша “подседал” деп те атайды. Кейінірек жылқы бөксе жағын көтере алмай, жатып қалып бірте-бірте көтеремге айналады да, денесі салданып өліп қалады.
Осылай ауырған жылқының 30-50 % дейін өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.
Аурудың үшінші кезеңінде малдың көзі коньюнктивитке шалдығып, оған ақ түсуі (ноғала) мүмкін. Сондай-ақ, буындар ісініп, тыныс жолдары да қабынады. Киеңкі созылмалы ауру, ол 1 жылға, кейде одан да артық уақытқа созылады. Бірақ жоғарыда көрсетілген белгілері түгел біліне бермейді. Табыңдағы жылқыда аурудың бірінші кезеңі байқалмай өтуі де мүмкін. Ауру асқынып, мал қиналып тұрып қалғанда ғана киеңкінің келесі кезендерінің белгілері біліне бастайды. Кейде ауру жасырын түрде өтіп, тек қана екінші және үшінші кезеңдерінің кейбір белгілері ғана білінеді.
Ауруды анықтау үшін эпизоотологиялық деректерді, клиникалық белгілерін еске ала отырып, микроскопиялық және серологиялық: комплементті байлау, кері гемагглютинация реакциялары және иммунофлуоресценциямен зерттеулер жүргізеді.
Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін, ауырған биенің қынабынан, айғырдың уретрасынан қырынды алып, пән шынысына бір тамшысын тамызып, жапқыш әйнекпен қысып көруге болады. Кейбір ауырған малдардан паразит табылмауы мүмкін. Сол себептен де қосымша қан сарысуын серологиялық реакциямен тексереді.
Киеңкі шыққан жылқы табыны арасында клиникалық, микроскопиялық және комплементті байлау, кері гемагглютинация реакциялары әдістерімен зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесін ескере келіп, оларды 4 топқа бөледі.
1) Аурулар тобы: комплементті байлау, кері гемагглютинация реакциялары әдісімен 1 рет болса да оң реакция (титрі 1:10 және жоғары) берген немесе жыныс мүшелерінен трипанасома табылған жылқы;
2) комплементті байлау, кері гемагглютинация реакциялары әдісімен 2-3 рет күдікті нәтиже берген жылқы;









Сурет-2. Түйе қанындағы Тгypanasomа еvansi









Сурет-3. Киеңкімен ауырған айғыр. Шабымен үрпісінің ісінуі


3) Денесінде шығырық пішінді ісіктері, салдану және жартылай салдану белгілері бар жылқы;


4) комплементті байлау, кері гемагглютинация реакциялары әдісімен теріс реакция берген, бірақ ауруға тән клиникалық белгілері бар жылқы;
II. Ауруға күдіктілер тобына мыналар жатады:
1) Үш рет комплементті байлау, кері гемагглютинация реакциялары әдісімен теріс реакция берген, бірақ аурудың көмескі болса да белгісі бар жылкы;
2) 3 рет комплементті байлау, кері гемагглютинация реакциялары әдісімен зерттегенде, 1 рет күдікті реакция берген, бірақ ауру белгілері жоқ жылқы;
3) Аурудан сау емес топтағы көтерем жылқы.
Күдіктілер тобына аурудан сау емес үйірде шағылыста болған жылқы жатады.
IV. Ауру топқа қатыспаған, ауруға күдікті және ауру жылқымен шағылыспаған мал-сау деп саналады.
Малдың өлексесі өте арық. Кілегей кдбыктары бозарьщқы. Жыныс мүшелерінің маңында ісік уытты жаралар, ақшыл дақгар болуы мүмкін. Бөксе жағы мен арткы бүлнщқ етгері семгендікген, жіліктері сойдиып кдңқаға үқсаған. Сөл бездері үлғайған.
Ауру жылқының күре тамырына 0,015 г/кг мөлшерінде физиологиялық ерітіндіге езілген 10 % наганин құйылады. 15-20 күннен соң препаратты осы әдіспен қайта қолданады. Дәрінің уытын қайтару үшін емдеген соң жылқыны жеңіл тер шыққанша күніне 3-4 рет желдіртіп алу шарт. Киеңкіні емдеу үшін азидин дәрісі де қолданылады. Ол үшін азидинді 3-5 мг/кг мөлшерінде 7 % ерітінді түрінде бұлшық етке егеді. Емді 24 сағаттан соң осы дозада қайталайды.
Емдеуден кейін 5-6 айдан соң жылқыны барлық анықтау тәсілдерімен зерттейді. Теріс реакция берген жылқыны сау деп есептейді. Ауру қайталанса, жылқыны етке жібереді.
Егер шаруашылықта ауру мал шықса, оларды дер кезінде сойып тастау керек. Егер бұл шара шаруашылыққа тиімсіз болса, ауру және ауруға күдікті топтағы жылқыны емдеу қажет.
Баска топтардағы жылкыларға түгелдей емдік мөлшерінде наганин егіп, жылқы басын жылдам сауықтыруға мүмкіндік жасайды.
Шағылыстыру науқаны қарсаңында жылқыны түгелдей барлық анықтау тәсілдерімен тексеріп, мал ішінде киеңкінің бар- жоғын анықтау керек. Аурудың көмескі белгілері бар жылқыны оқшаулап емдеу орынды. Сау айғырға үйірге қосарда сақгық ретінде наганин 0,01 г/кг мөлшерде егіледі, құрал-саймандар зарарсыздандырылады.
Су-ауру жылқы мен түйенің трансмиссивті, яғни буынаяқтылар тасымалдайтын протозоид ауруы. Зақымдалған малдың дене қызуы көтеріліп, денесінің әр жерінен ісіктер пайда болып, сөл бездері ісінеді, қатты арықтайды. Су-аурудың жіті және созылмалы түрлері болады.
Трипанасома қарапайымдылары морфологиялық белгілері жағынан басқа трипанозомаларға ұқсас. Дене тұрқы 2,8-32 х 1,4-28 мкм. Мекені- қан плазмасы. Олар кан ішінде жылдам қозғалады. Ұзын бойынан жарылып 2-4, ал кейде 6-ға бөлінеді. Ауру малдан сау малға қоздырғышты қансорғыш жәндіктер-соналар тасымалдайды.
Бұл ауруға жылқы, түйе, есек, қашыр бейім. Сондай-ақ , ит, үй қояндары, теңіз шошқасы және ақ тышқандар сияқты зертханалық жануарлар да ауырады.
Су-ауру Орта Азия республикалары мен Қазақстанда кездеседі. Әсіресе Шымкент, Қызылорда, Аырау облыстарында Орал және Сырдария өзендері алқаптарында жиірек болады. Ауру қоздырғышына соналармен қатар шақпа шыбыңдар да тасымалдайды. Су- ауру шыбын-шіркей көп батпақты, шалшық сулы, ағынсыз қара сулары мол жайылымдарда жиірек кездеседі. Жаз бойы су-ауру трансмиссивті жолмен таралып, күзге таман ауру малдың саны көбейе түседі. Мұндайда су-аурудың жасырын түрімен ауырған жылқы мен түйе инвазияның таралуына аса кауіпті негіз болып табылады. Су аурудан арылмаған және мал дәрігерлік-санитариялық шаралар дұрыс жолға қойылмаған шаруашылықта су ауруға түйе көп шалдығады. Ауру малға дер кезінде ем және жақсы күтім жасау керек, себебі бұл инвазияға шалдыққан мал өздігінен сауықпайды.
Жылқы су-ауруының жасырын кезеңі 2-3 апта. Алғашқыда байкаусыз дене қызбасы болады. Ауру малдың денесі босаңсиды, тәбеті қашады. Денесінің әр жерінде ісік пайда болады. Ісіктер жыныс мүшелері мен аяқтарында да болуы мүмкін. Дене ыстығы көтерілуімен қатар тыныс алуы және тамыр соғуы жиілейді. Ауруға жүйке жүйесі шалдыққан жылқы қозып алға ұмтылады немесе сіресіп тұрып алады.
Қан құрамын зерттегенде эритроциттердің саны 2-3 млн-ға дейін азайғаны байкалады. Қанда анизоцитоз, пойкилоцитоз, эоозинофилдер мен лимфоциттердің көбеюі байқалады.
Қызбасы көтеріліп, денесі дірілдеп терлейді, кейде жылқы жатып алады.
Көбінесе су-аурумен жылкы созылмалы түрде ауырады. Дене қызбасы қанда паразит көбейгенде байқалады. Мал тәбеті қашпай және азығы тәуір болса да жүдейді, көзінде ирит және кератит белгілері пайда болады. Кілегей қабықтары бозарыңқы сарғыш тартқан. Кейде су-ауруға жүйке жүйесі де шалдығады. Жүрісі сенімсіз, жүргенде мал аяқтарын жоғары көтереді, сүріншек келеді. Тәбеті сақталғанмен, кейінірек жылқының бөксе жағы салданып жатып қалады.
Түйе су ауруының жасырын кезеңі 2-3 апта. Оның жіті және созылмалы түрлері бар. Су-аурудың жіті түрінде ауық-ауык түйенің дене қызбасы 40° дейін көтеріледі. Түйе тершең болып, жүргенде тез шаршайды да, көп жата береді. Сөл бездері ұлғаяды, оларды қолмен ұстағанда мал ауырсынады. Танаудан су, көзден жас ағады. Соңынан ауру созылмалы түрге айналады.
Аурудың созылмалы түрінде түйенің жүні үрпиіп, үйісіп калады. Мезгіл-мезгіл жүйке жүйесі қозып, түйе айнала береді, аяқтары ісінеді, арықтап, құр сүлдері қалады. Су-аурудың созылмалы түрі бір жылдай байқалады. Ауру түйе көп жатып, суды көп ішеді. Кейінірек түйенің арт жығы салданып, титықтап барып өледі. Аурудың бұл түрімен түйенің кәрісі де, жасы да ауырады.
Су-ауруға диагноз қойып анықтау үшін эпизоотологиялық деректерді сараптайды, клиникалық белгілерін анықтап, микроскопиялық және серологиялық зертгеулер жүргізеді. Аурудың клиникалық белгілері әр уақытта айқын бола бермейді. Олардың ішінде көңіл аударатыны: арықтау, тұрақсыз қызба, кератит, коньюнктивит, дененің әр жерінде ісік пайда болуы.
Сондықган зертханалық зерттеулер шешуші роль атқарады. Шыныға жаққан қан жұғындысын Романовский әдісімен бояп, немесе қан тамшысын микроскоппен қарап трипаносомаларды іздейді. Паразиттің бір талы табылса болды малдың су-ауру болғаны. Бірақ микроскопиялық әдіс үнемі нәтиже бермейді. Өйткені ауру малдың қанында паразит тұрақты кездеспейді. Сондықтан малдың қан сарысуын серологиялық реакциялармен тексереді. Жылқының қан сарысуын комплиментті байланыстыру реакциясымен, ал түйенікін формалин реакциясымен тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет