Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi



бет5/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!

І кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін камтиды. Мәселен, К. Линей (1707-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль (1806-1893), П. С. Паллас (1741-1811), И. И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н. А. Северцов (1827-1885), Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин(1809-1882),КМебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В. В. Докучаев (1846-1903), Шоқан, Уәлиханов (1835-1865), т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың "Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы", А. Декандольдың "Ботаникалық география", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтың "Өсімдіктер географиясы", Ч. Дарвиннің "Түрлердің шығу тегі", В. Докучаевтың "Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі", т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі - дарвинист Э. Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.
II кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.
Әсіресе, осы кездерегі Г. Ф. Морозовтың "Орман туралы ілімі", Д. Н. Кашкаровтың "Орта және бірлестіктер", "Жануарлар экологиясының негіздері", ағылшын А. Тенслидің "Экожүйелер туралы ілімі", орыс ботанигі В. Н. Сукачевтың "Биоценоз", В. И. Вернадскийдің "Биосфера туралы ілімі", т.б. ғалымдардың енбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бұдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне кетеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті.
Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдеріңің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г.Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер экологиясы (М. С. Гиляров), насекомдар экологиясы (И. В. Кожанчиков, Г. Я. Бей-Биенко, В.В. Яхонтов, Г.А.Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясы (А. Т. Банников, Н. И. Калабухов, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Г.А.Новиков, С. С. Шварц), өсімдіктер экологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), деп танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтын "Өсімдіктер экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т.б. еңбектер қазірге дейін маңызын жойған жоқ.
Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В. А. Плющевский-Плющик, П. Ф. Соловьев, А. И. Радкевич, С. В. Шостик, П. . Жуков, И. К. Лопатин, Л. С. Долбин, В. В. Адамов, Б. И. Якушев, Г. А. Новиков, Г. Г. Винберг, Л. М. Сущени, Л. В. Камлюк, т.б. өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.
Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу кұралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар экологиясы" (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің "Биология" (1939), Ю. Одумның "Экология және экология негіздері" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология негіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздері" (1981), Н. Чернова мен А.Былованың "Экология" (1988), В. А. Радкевичтің "Экология" (1977), Н. Ф. Реймерстің "Экология (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет