Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi



бет1/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!


Ф-ЖООКБ-01/018

КIРIСПЕ


Тақырыптың өзектiлiгi: Талшықтылар- паразитті қарапайымдар жануарлар жүйесіне бір жасушалылар тармағына, қарапайымдылар типіне жатады. Көптеген талшықтылар адам және жануарлар паразиттері болып саналады. Олар қарапайымдылар арасындағы паразиттердің ішіндегі ең қатерлісі және экономикалық шығынға ұшырату жөнінде алдыңғы орын алады. Талшықтылардың ерекшеліктері оларда жасушаның да, ағзаның да қасиеттері қалыптасқан. Осы қасиеттерін пайдалана отырып, паразиттер өз иелерінің қорғаныш әрекеттеріне қарсы тұрып, дамып отырады.
Қазіргі кезде Талшықтылар класында қарапайымдылардың 1000-нан астам түрі кездеседі. Талшықтылардың Трипанасолық отрядына жататын адам мен жануарларда ауыр паразиттік аурулар тудыратын трипанасома паразиті зор экономикалық шығын келтіреді. Трипанасомоз қоздырушысы алғаш рет 1908 жылы табылған.
Кейін трипанасома жылқының қанынан (А.И.Федорович, 1916), Түркменстанда түйеден (Г.Я.Змеев, 1938) табылған. Қазақстанда трипанасомозды зерттеу академик И.Г.Галузоның басқаруымен 1957 жылдан бері жүргізіліп келеді.
Зeрттey жұмыcының тeoриялық нeгiзi. Мал шаруашылығында да трипанасомоз жануарлардың жаппай азғындауы мен өлім-жітімнің бірден-бір себептері болып табылады.
Трипанасомоз кең тараған, ол барлық географиялық аймақтарда кездесетін ауру. Паразитологиялық зерттеулер арқылы паразит барлық жылқылар мен түйелерде табылған.
Трипанасомозды зерттеу, оның мал шаруашылығына орасан зор экономикалық зиян келтіретінің анықтады. (А.А.Марков, 1964; 1965; И.Г.Галузо т.б., 1965; Б.А.Тимофеев, А.В.Акулов, 1975).
Көрсетілген ғылыми зерттеулер нәтижесі трипанасомоз зардапты аурулар қатарына жататындығын, оны кеңінен және терең зерттеу керек екенін ескере келе, тaқырыптық көкeйтecтiлiгiн көрсетеді.
Соңғы кезде паразиттер экологиясына: паразиттердің дамуы, оның биотикалық фактор ретінде өсіп өну кезеңінде иесіне және басқа ағзаларға тигізетін әсеріне көп көңіл бөлінуде. Осы салада біз иммунологиялық әдістер қолдану барысында көп нәтижелерге жетіп, оны пайдаланудың тиімді жақтарын көрсетілген.
Осы уақытқа дейiн микробиология, вирусология т.б. салаларда кеңiнен қолданылып жүрген иммунологиялық әдiстер паразитология саласында әлi де кем қолданылып келедi.
Бұл жағдайлардың себептерiне паразиттердің антигендiк құрылымының толық зерттелмеуi, сезiмталдығы жоғары, қойылуы жеңiл және өндiрiсте тиiмдi диагностикумдар алу әдiстерiнiң болмауы немесе кеңiнен енгiзiлмеуi жатады.
Қазақстан республикасында мал шаруашылығында көптеген буынаяқтылар инвазиондық аурулар тудырады.
Суы мен оты мол жерлерде миллиардтаған қан сорғыш маса, сона, шіркей және құмыты сияқты насекомдар тіршілік етеді. Бұлар жұмыртқаларының пісіп-жетілуіне қажетті бір тамшы қан алу үшін адам мен жануарларды аңдумен болады.
Кейбір қан сорғыш насекомдар, адамды тіпті түнде де шағып, бір қалыпты дем алуға мүмкіндік бермейді. Тек таңертеңгі салқында ғана олар біраз саябырланды. Бірақ күн шығысымен қайтадан көбейіп кетеді. Күннің көзі әбден көтерілгеннен кейін бұл ұсақ насекомдар шөп арасына тығылуға мәжбүр болады. Олардың орнына ірірек соналар ұшып шығады. Бұлар тұмсықтарын бірден адамның не малдың денесіне пісіп алады. Сонаның шаққанына, тіпті кейде түйе де шыдай алмай жер бауырлап жатып алады.
Осындай шыбын-шіркейі, сонасы көп жерлерде жұмыс істейтін адамдарға, олар үлкен зиян келтіреді.
Қан сорғыштар малға да үлкен зиян келтіреді. Олар үнемі талап-шағып мазалай бергендіктен, мал жайылмай арықтап, өнімділігін төмендетеді.
Біздің республикамызда да қан сорғыш насекомдар өте көп және олар мал шаруашылығының өнімділігін төмендетудегі негізгі факторлардың бірі болып отыр. Қан сорғыш насекомдар, әсіресе Каспий теңізі жағалауында, Сырдария мен Іле өзенінің бойында, Балқаш пен Зайсан көлінің айналасында, Алтай және Тянь-Шань тауларының жайылымдарында өте көп кездеседі. Ол аймақтарда қан сорғыштардың көптігінен мал жайылымдары әлі де болса толық игерілмей келеді. Ал енді көптеген аудамдарда масаның, сонаның шағуынан қорғау үшін малды түнгі салқында жаюға тура келеді.
Қан сорғыштардың халық шаруашылығына келтіретін зияны тек адам мен малды шағып мазалайтындығында ғана емес, сонымен қатар олардың адам мен малдың жұқпалы ауруларын (безгек, топалаң, трипонозомоз т.б.) таратуға әсерін тигізетіндігінде. Қан сорғыш насекомдар вирустер туғызатын бірқатар ауруларды да таратады.
Қан сорғыштардың биология саласында ғылыми зерттеу жүмыстары жүргiзiлiп жатқанымен, олардың таралуы жайындағы және экологиялық мәселелері толық анықталмай отыр.
Буынаяқтылардың таралуын негiзiнен паразитологиялық әдiстермен анықтайды. Бұл әдiстердiң жүргiзiлу қиыншылықтары оларды кең көлемде жүргiзуге мүмкiншiлiк тудырмай отыр.
Осыған сәйкес жаңа және тиiмдi әдiстер қолдану өзектi мәселе болып табылады [2].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет