Қорғауға ұсынылған негiзгi мәселелер:
Қан сорғыш соналар мен трипанасома паразиттерінің Қазақстанның оңтүстік аймақтарында таралу ерекшеліктері айқындалды.
Жұмыстың сыннан өтуi және жарық көруі. Диссертация бойынша 2 ғылыми еңбек жарық көрді.
Диссертация құрылымы мен көлемi. Диссертация компьютермен 83 бетке терілген.
Жұмыс 15 кесте, 2 сызбалармен безендірілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 184.
І ТРИПАНАСОМА ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ
1.1 Температура – экологиялық фактор
Ағзалардың жер шарында таралуына ықпал ететiн әсердiң бiрi темпе-ратура. Кез-келген ағзаның тiршiлiгi үшiн сыртқы ортаның және ағзаның өзiнiң iшкi температурасының жоғарылауына немесе төмендеуiне әсер ете отырып, олардағы зат алмасу процестерiн өзгертедi. Вант-Гоффа заңы көр-сеткендей, температураның әрбiр 10С жоғарылауы ағзадағы зат алмасу реакцияларын 2-3 есе күшейтедi.
Жер бетiндегi өсiмдiктер мен жануарлардың басым көпшiлiгi нөлден төменгi температурада белсендi тiршiлiгiнен айырылады. Сондай-ақ оларға орта жағдайының жоғарғы температурасы да қолайсыз әсер етедi. Әрбiр ағзалар тiршiлiгi, құрамындағы негiзгi органикалық зат ақуызға байланыс-ты болғандықтан, оларға әсер ететiн температуралық фактор ақуыз қасие-тiн жоғалтпайтын мөлшерде болу керек.
Ол мөлшер 0-тан 50С арасы. Дегенмен кейбiр ағзалар бұл шектен тысқары мөлшердс өмiр сүре алады. Жер бетiндегi температура көзi негi-зiнен күн сәулесi болып табылады. Ал оның таралуына, өзгеруiне жер бе-дерi, топырақтың жылу өткiзгiштiгi, жылу сыйымдылығы, ауадағы бұлт-тар, теңiзден келетiн суық және салқын ауа ағындары ықпал етедi.
Ағзалар температураға байланысты термофильдi және криофильдi болып бөлiнедi.
Термофильдi ағзаларға оптимум жоғарғы температура болатындар жа-тады. Оларға көптеген ұсақ ағзалар, насекомдар дернәсiлдерi, жұмыр құрт-тар, кенелер т.б. топырақтың жоғарғы қабатында өмiр сүретiн ағзалар жа-тады. Топырақтың жоғарғы қабатында органикалық заттар, шiрiндiлер температурасы жоғары болады. Термофильдi ағзаларға сондай-ақ 860С-930С ыстық су көздерiнде /гейзерлерде/ кездесетiн көк-жасыл балдырлар, бактериялар, құмды жердегi 65С кейiнгi ыстыққа шыдамды қақ қыналар, өсiмдiк және оның дәндерiн жатқызуға болады.
Криофильдi ағзалар орта температурасының 80С-100С дейiн төмен-дегенiнде өмiр сүре алады. Оларға бактериялар, саңырауқұлақтар, қына-лар, мүктер, кейбiр буынаяқтылар т.б. жатады. Тундра, арктида, антрак-тида, биiк тау шындарында суық теңiздерде өмiр сүретiн ағзаларды жатқы-зуға болады.
Сыртқы орта температурасына тәуелдi және тәуелдi еместiгiне байла-нысты ағзалар гомойотермдi және поикилотермдi топтарға бөлiнедi.
Гомойотермдi ағзаларға омыртқалылар құстар мен сүтқоректiлер жа-тады. Олар сыртқы температураға тәуелдi емес, дене температурасын бiр-қалыпты ұстап тұрады.
Пойкилотермдi ағзалардың денесiнiң температурасы сыртқы орта температурасына тәуелдi болады. Олардың өмiр сүруiне керектi жылу сыртқы ортадан келедi. Пойкилотермдi ағзаларға барлық ұсақ ағзалар, өсiмдiктер, омыртқасыз және кейбiр хордалы жануарлар мен жәндiктер жатады.
Гомойотермдi ағзалар денелерiне керектi оптимальдi температураны, өздерi көптеген биохимиялық реакциялар арқылы тұрақты ұстап тұра алады.
Гомойотермдi жануарлар iшiнде ерекше топқа гетеротермдiлер жата-ды. Олар белсендi кездерiнíде дене температурасы тұрақты ұстай алса, белсендi емес кездерiнде /қысқы ұйқыға жату/ дене температурасы зат алмасу процестерi бәсеңдеу себебiнен сыртқы ортаға сәйкес төмендеп кетедi.
Жер шарында температура маусым бойынша, тәулiк бойынша құбы-лып, өзгерiп отырады. Осыған байланысты биологиялық /ритм/ ырғақтық, табиғат құбылысына сәйкес өзгерiп отырады. Басқа да климаттық фактор-лармен қосыла отырып температурада организмдердiң жер бетiне ендiк аймаққа, вертикалдық аймаққа таралуына көптеген әсерiн тигiзедi.
Сондықтан күн сәулесiнiң жер бетiне таралу және сiңiрiлу қабiлеттiлiгiне байланысты экватордан бастап жер шарын мынандай климаттық аймақтарға бөлуге болады.
1. Тропикалық аймақ. Төменгi орташа жылдық температура 160С ас-пайды. Ең суық күнi температура 0С-тан төмендемейдi. Температураның құбылуы өте аз амплитудасы 50С аспайды. өсiмдiктердiң гүлдеуi жыл бойы өзгермейдi.
2. Субтропикалық аймақ. Орташа температура ең суық уақытта 40С төмендемейдi, ал ендi жылылық айында 20С артық болады. Төменгi немесе минус температура өте сирек болады. Қыста қар болмайды. өсiм-дiктердiң өсу кезеңi 9-11 ай бойы болып тұрады.
3. Бiркелкi аймақ. Қыста қар көп болады. Өсiмдiктер тек жаз айла-рында ғана өсiп, қыста тыныштықта болады. Көктемде және күзде тоңазу күндерi болады. Бұл аймақта жылдың төрт мезгiлi болады: көктем, жаз, күз, қыс.
4. Суық аймақ. Орташа жылдық температура 0С-тан төмен тоңазу кейде өсiмдiктердiң өсу мезгiлiнде де /2-3 айдай/ болып тұрады. Темпе-ратура жыл бойы құбылмалы болады.
Сонымен осындай күрделi және бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болатын организммен сыртқы климат жағдайларының және топырақ құбылысының арасындағы байланыстар табиғатта өздерiне тән табиғи зоналардың немесе биомалардың /биом-тiршiлiк, латома-жиынтық/ пайда болуына әкеп соқты-рады. Немесе тiрi табиғатпен бiрiгiп орналаскан аймақтары. Бұндай аймақ-тар көпке дейiн сақталады және белгiлi бiр физико-географиялық ортаның жағдайына бейiмделген. Шабындық аймағы, орманды аймақ, орманды да-ла аймағы, жартылай шөл дала, ылғалды тропикалық аймақ, құрғақ шөл дала саванна, экваторлық орман аймағы.
Тундра аймағы - ормансыз Солтүстiк кеңiстiгi. Өсiмдiктердiң өсуiне өте қолайсыз. Органикалық заттардың қалдықтары ыдырамайды. Мәңгi тоң, өте төменгi температура, жазы өте қысқа, қысы өте ұзақ. Өздерiне тән аздаған биоценоздық түрлер бар. Сондықтан да тундра биоценезының өнi-мi өте төмен, жылына 5-тен 15 ц/га органикалық зат түзiледi.
Орманды аймақ - бұл аймақта ауа райы, топырақ құнарлығы бiршама дұрыс. Әсiресе қылқан жапырақты орманда биоценоздың өкiлi көп және өте әртүрлi болып келедi. Органикалық заттардың жылдық өнiмi гекта-рынан 15-тен 30 центнер болады. Осындай қолайлы климат жағдайлары басқа да өте бай әртүрлi орманды биоценоздың пайда болуына әкеп соқты-рады /емен орман, шамшан-үйеңкi орман, аралас орман т.б./. Осындай ормандарда бұта-шөптесiн өсiмдiктер жақсы жетiлген. Әрине, осының бәрi әр түрлi жануарлардың мекендеуiне көп әсерiн тигiзедi.
Дала - бұл аймақта судың тапшылығынан түк шөптесiн өсiмдiктер, ас-тық тұқымдастар ғана өседi. Жан-жануарларға бай және әр түрлi түрлерi кездеседi, /кемiрушiлер, аңдар, көптеген құстар/. Биологиялық өнiмi шама-мен алғанда жоғары деп есептеуге болады. Жылына әр гекгарынан 60 центнер өнiм бередi.
Температураға байланысты жер бетiнен аймақтарға бөлiнуi таулы жерлерде де кездеседi. Таулы жердегi өзгешелiк төменнен жоғары қарай өзгередi.
Сондықтан далалы, далалы-орманды алқап төменгi беткейде ор-наласса, орманды қылқан жапырақты орман, тундра және мәңгiлiк қар мен мұз ортаңғы және жоғарғы шыңдарына орналасады.
Өсімдектердің температураға бейімделуі
Өсiмдiктер қозғалыссыз бiр орнында тұрақты өсуiне сәйкес орта температурасына бейiмделiп өседi.
Қалыпты аймақ өсiмдiктерi эвритермдi болып келедi. Олар жыл мезгiлiнiң ауысып отыру нәтижесiндегi суық және жылы температуралар-дың 600С дейiнгi аралықта өзгеруiне төзе бередi.
Тропикалық және суық аймақтағы өсетiн өсiмдiктер стенотермдi болып келедi. Тропикалық өсiмдiктер температурасын 50С-80С төмендеге-нiне, ал криофильдi жасыл балдырлар 00С суықтыққа шыдамсыз келедi.
Өсiмдiктердiң температураға бейiмдiлiгi биохимиялық, физиология-лық және морфологиялық өзгерiстерге байланысты болады. Өсiмдiктер жа-пырақтарындағы устьицалар арқылы суды буландыру жолымен өз денесiн-дегi температураны төмендете алады. Сондықтан сыртқы орта темпера-турасы көтерiлген сайын, өсiмдiктердiң суды булауы артып отырады. Сол арқылы, олар температурасын 4-60С, ал кейде 10-150С-қа дейiн төмендете алады. Күн сәулесiнiң шағылысуы, оның топыраққа енуi т.б. жағдайларға байланысты өсiмдiктердiң әртүрлi бөлiктерiнде температура өзгермелi бо-лып келедi. Тундра аймағындағы өсiмдiктердiң жерге жатаған болып орна-ласуы олардың органикалық заттар ыдырауында пайда болған, сондай-ақ күн сәулесiн сiңiру арқылы алынған топырақ температурасын ұтымды пайдалануы болып табылады. Түнде температураның төмендеп, күндiз көтерiлiп отыруы өсiмдiктер тiршiлiгiне қолайсыз жағдай болып саналады.
Температураның күндiк ауысуы суық аймақтарда 10-150С, бiрқалып-ты аймақтарда 5-100С, тропикада 30С болып келедi. Сонымен қатар өсiм-дiктерге температураның мезгiлдi ауысуы да маңызды. Атап айтқанда дән-нiң өнуiне төменгi температура болады. Эволюция процестерiне байланыс-ты өсiмдiктерде де барлық тiрi организмдерге тән сыртқы ортаның ыңғай-сыз құбылыстарынан қорғану үшiн әртүрлi морфо-физиологиялық бейiм-дiлiк қасиеттерi пайда болады. Осыған байланысты даттың биолог ғалымы К.Раункиер өсiмдiктердiң тiршiлiк формаларының әр түрлi системасын ұсынды.
Осы системаға байланысты өсiмдiктердi бес группаға бөледi.
1. Фанерофиттер /гректiң: фанерос - ашық, анық/ ашық жердiң өсiм-дiгi: ағаштар, бұталар, шырмауықты өсiмдiктер. Бұлардың қайта өсетiн бүршiктерi топырақтың бетiнен 30 см-дей жоғары, өзiнiң сыртқы қабыр-шықтары және смола тәрiздi сұйық заттың бөлiнуiне байланысты сыртқы ортаның ыстық-суығынан жақсы қорғалған.
2. Хамефиттi /гректiң: хаметос-жерде/ жер бетiнде өсетiн аласа бойлы, бұталы, жартылай бұталы өсiмдiктер. Олардың қайта өсу бүршiктерi қыс-тап шығатын өркендерiнде, топырақтан 20-30 см биiктiкте орналасқан, қардың астында жатады. Бұларға ит бүлдiрген, шие, өрмелеп өсетiн жапы-рағы жасыл бұта, қара жидектер жатады.
3. Гемикритофиттер /гректiң: гемео-жартылай; криптос-жабық/ жар-тылай өсiмдiктер, жабық шөптесiн көпжылдық өсiмдiктер жатады. Бұлар-дың негiзгi жер бетiндегi мүшелерi өлiп өсу бүршiктерiн жауып жатады. Бұған жататын өсiмдiктер: қалақай, бақбақ т.б.
4. Критофиттер /гректiң: криптос-қабық/ кабық өсiмдiктер - ең кең тараған өсiмдiктердiң тобы. Бұлардың өсу бүршiктерi жердiң астында немесе судың iшiнде болады. Бұлар гелиофиттер, бүршiктерi өсiмдiк мү-шелерiнде жердiң астында орналасқан /тамырында, жер асты сабағында немесе тамыр сабағында, түйнек сабағында/; гелофиттер немесе батпақты су жағасында өсетiн өсiмдiктер олардың қыстық бүршiктерi судың түбiнде орналасқан. Бұған оқ жапырақтар жатады.
Гидрофиттер - су өсiмдiктерi суда жүзгiш жапырақтары бар, бұлардың бүршiктерi судың түбiнде көпжылдық тамыр-сабақтарында орналасқан. Мысалы: тұңғиық тұқымдасты өсiмдiктер.
1.Терафиттi /гректің: терафос-жаз/ жаздық көбiнесе бiр жылдық өсiм-дiктер ыстықта, құрғақшылықта және суықта көбiнесе тұқым немесе спора түрiнде өсе алады. Бұлар сыртқы ортаның ыңғайсыз әсерiне төтеп беретiн морфологиялық және физиологиялық бейiмделгiш заттармен қамтамасыз етiлген. Сондықтан осы аталған өсiмдiктер әртүрлi климаттық аймақтарда таралуына байланысты өз алдына бiр биологиялық өсiмдiктер жиынтығын құрады.
Өсiмдiктердiң әртүрлi өсу сатысына байланысты жылу сүйгiштiгi де әртүрлi. Мысалы, қоңыржай аймақты тұқымның өнуi өте төменгi темпера-турада болса, ал гүлдеуi үшiн өте жоғарғы ыстық температура қажет. Сон-дықтан, өсiмдiктердiң сыртқы ортаның жылуына бейiмделу дәрежесiне байланысты үш топқа бөлуге болады.
1.Термофильдi немесе суыққа төзiмсiз өсiмдiктер - судың қату темпе-ратурасынан төменгi жағдайда тез өлiп қалады немесе бұзылады. Өлуiне себеп: ферменттiң активтiлiгi төмендейдi, белоктар мен нуклеин қышқы-лының алмасу процесi бұзылады, мембрананың өткiштiк қабiлетi азайып қоректiк заттардың өту процесi бұзылады. Бұлар көбiнесе жаңбырлы тро-пика ормандарында және жылы теңiздерде өсетiн өсiмдiктер.
2.Мезотермдi немесе аязға төзбейтiн өсiмдiктер – төменгi темпера-тураға төзiмдi болғанмен ұлпасында мұз пайда болса, өлiп қалады. Суық түсiсiмен осмостық активтi заттардың концентрациясы клетка шырынында және цитоплазмада жоғарыдан, қату нүктесiн 6-70С дейiн томендетедi. Бұ-ған жататындар көбiнесе мәңгi жасыл субтропикалық өсiмдiктердiң түр-лерi.
3.Криофильдi немесе мұзға төзiмдi және аязға төзiмдi өсiмдiктер – бұлар көбiнесе ауа райы құбылмалы, қысы суық жерлерде өседi, өте қатты аяздарда өсiмдiктiң жер бетiндегi мүшелерi қатса да өзiнiң тiршiлiк қабi-летiн сақтайды. Аязды көтеру үшiн, өсу процесiн тоқтатып, клеткада қаңт-тар /20-30%/ жинала бастайды, кейбiр амин қышқылдары жиналып сумен байланыс реакциясы кемидi. Клетканың құрылысы өзгерiп, ферменттерi орын ауыстырады, клетканың суы азая бастайды. Сөйтiп клетканың аязға төзiмдiлiгi күшейедi.
Ыстыққа бейiмделуiне байланысты өсiмдiктердi үш топқа бөлемiз:
1.Ыстыққа төзiмсiз түрлерi - сыртқы ортаның температурасы 60С 400С-та даму, өсу процестерi бұзылады. Бұларға көбiнесе балдырлар, суда өсетiн гүлдi өсiмдiктер жатады.
2.Ыстыққа төзiмдi түрлер - бұған ыстық күн сәулесi көп түсетiн, шөл далада, саваннада, құрғақ субтропикада өмiр сүретiн өсiмдiктердiң түрлерi жатады.
3.Ыстыққа төзiмдi прокариоттар - бұған жататындар көк-жасыл бал-дырлардың кейбiр түрлерi. Бұлар температурасы 85С 900С ыстық суларда да тiршiлiк қабiлеттiлiгiн жоймайды. Кейбiр өсiмдiктер кейде өрт кезiнде өте жоғары 100С-қа дейiн температураның әсерiне шалдығады. Құрғақ қатты жапырақты ормандарда өртке төзiмдi өсiмдiктердiң тобын – пиро-фиттердi кездестiруге болады. Осындай саваннада өсетiн ағаштардың дiн-дерiнiң қабығы өте жуан, отқа төзiмдi заттар сiңiрiлген, сондықтан ағаш-тың iшкi ұлпаларын жақсы қорғайды. Жемiстерi мен тұқым да қалың бо-лып келедi.
Күн сәулесi энергиясының өсiмдiк жапырағында таралуы.
I-II- жапыраққа сiңiрiлген энергия мөлшерi;
Жануарлардың өсiмдiктерден айырмашылықтары олардың тiрек-қи-мыл жүйесiнiң /қаңқа, бұлшық ет/ дамуы, биохимиялық процестердiң бел-сендi жүруi аркасында көп энергия бөлiнуi болып табылады. Сондықтан жануарлар өз денесiндегi температура тұрақтылығын сақтай алады.
Жануарлардың температураға бейiмдiлiгiн бiрнеше жолдары болады:
1. Химиялық жылу реттеу жолы. Сыртқы орта температурасы төмен-деген жағдайда өз денелерінде жылу шығару процестерi жүредi. Оған орга-никалық заттардың тотығуы және АТФ-тiң ыдырауы жатады.
2. Физикалық жылу реттеу. Дене температурасын өзiнде сақтау неме-се сыртқы ортаға көптеп шығару жатады. Жануарлар анатомиялық және морфологиялық құрылыстарына сәйкес өз денелерiнде температурасын ұс-тай алады немесе сыртқы ортаға шығара алады. Оған денесiн қаптаған жүндер, қауырсындар, терi асты май қорларының орналасуы, қан тамырла-рының құрылысын т.б. жатады.
3. Өмiр сүру ортасын және мiнез-құлқын өзгерту көптеген жануарлар-дың температура өзгеруiне бейiмделетiн негiзгi қасиеттерi болып табыла-ды. Олар суық жақтан ыстық жаққа ауысуы арқылы температураның опти-мум мөлшерiн сақтап отырады. Пойкилотермдi жануарларда зат алмасу процесi төмен дәрежеде жүредi. Сондықтан олардың дене температурасын бiрқалыпты сақтауы мүмкiн емес. Олар қоршаған орта төмендегенде бар-лық зат алмасу процестерiн азайту арқылы суыққа төзiмдiлiк қасиетiне ие болады. Пойкилотермдi жануарлар iн қазу, ұя салу т.б. тiрлiктерi арқылы өз денелерiнiң температурасын бiршама тұрақтандыра алады. Мысалы: кейбiр насекомдар, бауырымен жорғалаушылар /кесiртке, жылан/ т.б. таң-ертеңгi салқын мезгiлде күн шуақта болса, күн ысыған кезде iндерге немесе бүтақтардың басына өрмелей шығып кетедi. Кейбiр насекомдар /бал арасы, құмырсқа, термиттер т.б./ топтасып өмiр сүру арқылы жақсы желденетiн, температурасы бiрқалыпты сақталатын тұрақтарын жасайды. Пойкилотермдi жануарлардың кейбiрiнде химиялық және физикалық рет-теу қасиеттерi кездеседi. Мысалы: химиялық реттеуде аралар бұлшық еттерiн тез-тез қимылдату арқылы дене температурасын 320-340ÑС-қа де-йін жеткізеді, ал физикалық реттеуде көл бақалардың денесіндегі суды буландырудан көруге болады. Олар 200С ыстықта бір сағатта су булан-дыру арқасында 7770 Дж жоғалтады.
Гомойотермді жануардың температура тұрақтығын ұстау қасиеттері жоғары дамыған. Бұл қасиет жас ұрпақтарында жақсы қалыптаспаған. Жо-ғары температураға гомоиотермді ағзалардың бейімделу қасиетін ағылшын докторы Ч.Блейден жаңаша тәжірибесін көрсете білген.
Ол бірнеше жолдастары және итімен бірге 1260С құрғақ камерада 45 минут отырғанда ешқандай зардап шекпегендіктерін дәлелдеді. Бұл уақыт-та өздерімен бірге ала кірген бір бөлек шикі ет пісіп үлгереді және бетіне май құйылған бір стакан су қайнайды.
Сондай – ақ гомоиотермді жануарлар төменгі температураға төзімді. Мысалы солтүстікте өмір сүретін көк түлкі, ақ қоян, тундра кекілігі аяз-дарда да тіршілік белсендігін төмендетпей, 700С дейінгі температура ай-ырмашылығына төзе алады. Гомоиотермді жануарлардың химиялық рет-теуі жоғары дәрежеде болады. олар пойкилотермді жануарлардай төменгі температурада зат алмасуын төмендетпейді, керісінше үдейте түседі. Әсі-ресе бұлшық еттер зат алмасуының ерекше маңызы бар. Оны суық кезде бұлшық еттердің дірілдеуі мен тонусының көтерілуінен байқауға болады. Зат алмасудағы жылу бөлуде майларды ерекше атап өткен дұрыс. Оларда негізге химиялық ыдырығанда энергияның қоры сақталады. Кейбір қоңыр түсті майлар ыдырағанда энергия АТФ синтезіне бөлінбей түгелдей дене жылулығына пайдаланылады. Қоңыр майлар суық жақтың жануарларында көптеп жиналады. Қатты суықтарға бейімделу үшін гомоиотермді жану-арларын зат алмасу күшейтеді. Мысалы, құстардың жүрек соғысы мину-тына бірнеше жүздеген мың ретке дейін жетеді екен. Олардың кейбіреу-лері бір күнде өз салмағына 3-4 есе артық қорек жей алады. Қорек қоры аз жерлерде поляр ендігімен арғы жағында өмір сүретін аңдар: морж, түлен, ақ аю, солтүстік бұғылары үшін химиялық реттеу, яғни зат алмасуды күшейту арқылы температураға бейімделу экологиялық тиімді емес.
Сондықтан оларда физикалық бейімделу жақсы дамыған. Атап айт-қанда денелерін мамық жүнмен немесе үлпек қауырсындармен жабу, тері астында қалың қабатты май қорларын жинау т.б. Бұл жерде айта кететін жай суық аймақ жануарларының май қоры денедегі жылуды сақтап қалу үшін денесін түгелдей қаптаса /киттерде 1 метрден астам май қабаты бар/ ыстық жердің жануарларында /түйе, қой, зебу/ май қоры өркеш, құйрық сияқты белгілі бір бөліктерінде орналасқан. Сондай-ақ терлеу арқылы тем-ператураны реттеуінде әрбір жануарлар түрлеріне сәйкес ерекшеліктері болады. Адамдар қатты ыстықта күніне 12 л дейін тері шығарады екен. 1 кг суды булау үшін 2,3×106 Дж энергия кетеді.
Мұншалықты суды шөл шөлейт жердің жануарларына ысырап қалу тиімді емес. Сондықтан көп-теген жануарлардың терлеу процестері терісінде емес мұрын және ауыз қуысының сілекей қабаттарында жүреді. Сонымен қатар темрература тұрақтылығын сақтау жануарлар денесінің кө
леміне де байланысты. Денесі қанша үлкен болған сайын оның жылу шығару қасиеті күшейе береді.
Сондықтан жануарлардың бір түрінің ыстық жақта өмір сүретіндері ірі келеді.
Керісінше суық жақта өмір сүретін жануарлардың құлағы, құйрығы т.б. денеден шығып тұратын бөліктері жылы жақтың жануарларынан кіші келеді. Мысалы: Африка пілдерінің үлкен құлақтары көптеген қан тамыр-лары арқылы температура реттеуде маңызды роль атқарады.
Гомойтермді жануарлардың ін қазу, ұя салу тұрағын ауыстыру, топтасу т.б., мінез- құлық тіршіліктері пойкилотермді жануарларға қарағанда күрделі болып келеді.
Олардың 150 см одан терең індерінде температура әрқашан бір деңгейде ұсталады. Пингвиндердің қаттыаяздарда бір топқа жиналу кезін-де оның ортасында 370С жетеді екен.
Сондай-ақ қатты ыстықтарда түйе-лердің бірігуі кезінде топтың сыртында 600С-700С дейін көтерілсе орта-сында 390С болады екен.
Міне осылай гомойтрофты жануарлар химиялық, физикалық және физиологиялық пен морфологиялық реттеулері олардың сыртқы орта температурасының өзгеруіне бейімделе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |