Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi



бет14/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!

Түр-тұқымдық антигендер. Әр түрге жататын ағзалардың осы түрге тән антигендері болады.
Топтық антигендер немесе изоантигендер деп бір түрге жататын ағзалардың өзара айырмашылықтарына жауапты генетикалық маркерлерін, айталық эритроциттердің топтық антигендерін, трансплантациялық антигендерін және т.б. айтады.
Форсман антигендері әр түрге жататын ағзалардың аттас ақзаларының, мысалы, көз бұршағының, гипофиздін, бүйректің, бауырдың, шәуеттің және т.б. ортақ антигендері болады. Бұл мәселе аттас ағзалардың атқаратын қызметтерінің ұқсастығымен, жасушалардың химиялық құрылымы жағынан сәйкестілігімен түсіндіріледі. Айталық, адамның ұлпа антигендерімен ұқсас антигендер макак-резустың, сиырдың, шошқаның, иттің, қоянның, егеуқұйрықтың, теңіз шошқасының ақзаларынан орын тепкен. Ортақ антигендер ешкінің, қойдың, жылқының, теңіз шошқасының, тауықтың эритроциттерінен табылған.
Мұндай антигендер гетерогенді антигендер немесе Форсман антигендері деп аталады. Айта кететін бір мәселе ол кейбір микробтардың адам мен жануарлардың ақзаларымен ортақ антигендерінің болуы. Мысалы, адамның А қан тобының факторлары мен кейбір пневмококктардың капсулаларының өзара антигендік ұқсастықтары дәлелденген, тырысқақтың вибрионы мен оба микробының кейбір антигендері адамның ұлпаларынан табылған. Сүт қоректілердің эритроциттерінің антигендері көптеген тұқымдастарға жататын бактсриялардың құрамында анықталып отыр. Ұлпа мен микроб антигендерінің ұқсастық мәселесі ғалымдарды үлкен ойға салып отыр. Өйткені микроорганизмнің жасушасында оған сезімтал жануарлардың антигендерінің болуы, паразиттің ағзада кең таралып, кедергісіз өсіп-өнуіне мүмкіндік береді. Әдетте гетерогенді антигендер липоидтар мен полисахаридтер болып келеді [13,14,15,16].
Аутоантигендер. Кейбір жағдайларда ағзаның ұлпаларының белоктары денатурацияға ұшырап, микробтың токсиндік заттарымен қоспа түзейді. Зақымдалған жасушалар өз ағзасына антиген, яғни аутоантиген болып табылады. Мұндай антигеңдер иммундік жүйені өз ағзаларына, ұлпаларына қарсы антиденелерді жасауға мәжбүр етіп, аутоиммунды аурулардың өршуіне әкеледі [17,18].
Соматикалық антигендер – ағзаның қабырғасындағы липополисахаридтердің бүйірін бойлай орналасып, жасушалар-дың бетіне шығып тұратын полисахаридтердің тізбектері. Іс жүзінде ағзаның детерминанталары болып табылады [15,16].
Метаболитті антигендер олардың жасушаларының белокты метаболиттері, экзотоксиндер жатады. Формальдегидтің әлсіз қанықпасымен өңдегенде экзотоксиндердің антигендік қасиеттері өзегірске ұшырамай, вакциндік препарат ретінде қолданыла алатын анатоксин деп аталатын затқа айналады [17,18,19].
Барлық микроорганизмдердің антигендері иммунитетті жеткілікті дәрежеде қалыптастыра алмайды. Міне сондықтан антигеннің иммуногенділігін күшейту үшін оны адъюванттармен органикалық немесе минералды заттардан құралған иммуногенездің күшейткіштерімен араластырады. Адъюванттар ретінде алюминийдің гидрототығы, алюминий-калий ашудасы, ланолин, вазелин майы, бактериялардың липополисахаридтері және басқалары қолданылып жүр. Зерттеушілердің көңілінен шығып, кеңінен қолданылып жүрген иммуногенездін күшейткіші - Фрейндтің адъюванты. Ол вазелин майынан, ланолиннен немесе вазелин майынан, ланолиннен және туберкулез микробтарынан құрылған. Адъюванттар антигендердің ағзаларға сіңуін баяулатып, олардың иммундік жүйеге тигізетін әсерін ұзарта түседі [20].
Бөгде антигендерге қарсы қорғаныс фагоцитоз жасушаларының макрофагтар мен полиморфты ядролы лейкоциттердің әрекеттерімен басталады. Антиген фагоцитоздың көмегімен жойылып кетсе, иммундік жауап пайда болмайды, ал егер ол толық залалсыздандырылмаса иммундік жүйе оған қарсы бағытталған антиденелерді немесе иммуноглобулиндерді түзейді. Иммуноглобулиндер гуморальдік иммунитеттің негізін құрайды.
Антиденелер немесе иммуноглобулиндер ағзаның жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына және генетикалық болмысы бөлек бөгде затгарға - антигендерге қарсы бағытталған маңызды қорғаныс факторлары. Иммуноглобулиндер микробтарды немесе бөгде жасушаларды тұмшалап, оларды фагоцитозға дайындайды, вирустар мен токсиндерді залалсыздандырады, антигенмен жабысқаннан соң комплемент жүйесін іске қосады. Антиденелер қорғаныс механизмінің тиімді факторлары бола тұра, кейде аутоиммунды аурулардың, анафилаксияның, атопиялық құбылыстардың нсгізгі себебі болып табылады [24,25,26]. Әуелі баста антиденелер өздерінің атқаратын қызметтеріне байланысты шартты түрде бейтараптаушы, ерітуші және ұйытушы болып үш топқа жіктелген болатын. Бейтараптаушыларға - антитоксиндер, антиферменттер және вирусбейтараптаушы антиденелер, ерітушілерге - бактериолизиндер, гемолизиндер және цитолизиндер, ал ұютушыларға - агглютинирлеуші және преципитирлеуші антиденелер жатқызылған. Комплемент байланыстырушы антиденелер өз алдына бір топқа бөлінеді. Антиденелердің қабілетіне қарай серологиялық сыналымдар агглютинация, гемолиз, лизис, преципитация реакциялары деген атауларға ие болды.
Бастапқы кезде зерттеушілер нақты бір антидене молекуласы тек бір ғана функцияны атқарады деген жорамал айтқан еді. Мысалы, бактериолизиндер тек қана микробтарды ерітеді, ал агглютининдер тек қана оларды бір-біріне желімдейді деген тұжырым болған. Бірақ кейінгі жүргізілген жан-жақты зерттеулердің нәтижесінде антидененің өзіне тән антигеніне әртүрлі әсер ете алатындығы айқын болды. Нақты бір антигенмен иммунденген жануар әрқилы әрекеттері бар антиденелерді бір мезгілде түзей алатындығы да белгілі болды. Мұндай бір-біріне ұқсас антиденелер иммунологиялық реакциялардың түрлеріне, қойылу шарттарына байланысты әртүрлі әрекет көрсете алады. Айталық, бруцеллездің микробына қарсы түзілген антиденелерді агглютинация, преципитация, комплементгі байланыстыру реакцияларында анықтауға болады.
Антиденелердің молекуласында антигендермен байланысқа түсе алатын белсенді орталықтары орналаскан. Олардың саны антиденснің валенттілігін сипаттайды. Осыған байланысты антиденелердің толық және толымсыз түрлері белгілі болып отыр. Толық антиденелер өз антигендерімен әрекеттескенде аспапсыз көзбен көрінетін агглютинация, лизис, преципитация феномендерін тудыра алады, ал толымсыз моновалентті антиденелер өздерінің пайда болуына себепкер болған антигендермен әрекеттескенде көзге ілінер ешбір нышан байқалтпайды. Мұның себебі - толымсыз антиденелер антигендік бөлшектерді біріктіре алмайды. Толымсыз антиденелерді анықтау үшін арнайы серологиялық реакциялар ұсынылған.
Бұрын гамма-глобулиндер деп аталып келген антиденелік белсенділігі бар қан сарысуының белоктары бүгінгі күні иммуноглобулиндер деген атауға және Ig символына ие болды. Иммуноглобулиндердің бөгде заттармен байланыса алу кабілетінен басқа антигендік қасиеттері де болады. Міне сондықтан иммуноглобулиндерге қарсы антеденелерді алуға болады. Иммуноэлектрофорез тәсілінде осы антиденелерді қолдану иммуноглобулиндерді кластарға жіктеуге мүмкіндік туғызды. Қазіргі кезде иммуноглобулиндердің 5 класы белгілі болып отыр: IgG, IgM, IgA, IgD, IgE.
Иммуноглобулиндердің молекуласының құрылысы Г.Портер мен Дж.Эдельманның жүргізген ғылыми жұмыстарының арқасында анықталды. Оларға осы еңбектері үшін 1972ж. Нобель сыйлықтары берілген болатын.
Иммуноглобулиндер екі ауыр және екі жеңіл полипептид тізбектерінен құралған. Ауыр немесе Н-тібезбегінің молекулалық салмағы орта есеппен алғанда 50 000 Д, ал жеңіл немесе L-тізбегінікі - 25 000 Д тең. Сонымен тұтас иммуноглобулиннің молекулалық салмағы 150 000 Д құрайды.
Осы ауыр тібектерінің құрылысына қарай иммуноглобулиндер жоғарыда көрсетеліген 5 класқа бөлінеді. Олардың әрқайсысының өзіндік физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері болады. IgG класына жататын иммуноглобулиндердің Н-тізбегі шеңберінде бір-бірінен антигендік айырмашылықтары болады.
Иммуноглобулиндердің жеңіл тізбектері барлық кластар мен класс тармақтары үшін біртектес болып келіп, тек аминқышқылдарының алмасу тәртібі бойынша ғана ажыратылады. Жалпы алғанда, L-тізбектері 210-230, ал Н-тізбектері 420 440 аминқышқылдарынан құралған. Иммуноглобулиндердің ауыр тізбектері өзара және жеңіл тізбектермен дисульфидтік байланыста болады. IgG молекуласы папаинмен өңдеген кезде екі Ғаb-фрагментгеріне және бір Ғс-фрагментіне бөлінеді. Fab-фрагменттер антигенмен байланыса алады, бірақ агглютинация немесе преципитация құбылыстарын тудырмайды. Ғс-фрагменті комплементті өзіне жабыстырады және IgG молекуласын жасуша мембранасындағы Ғс-рецепторларына бекуіне жағдай туғызады. Ал, иммуноглобулиндерді пепсинмен ыдырату бекінде екі валентті Ғ(аb)2-фрагмент пайда болады. Ол өзінің екі валенттілігінің арқасында толық антиденелер сияқты антигендерді агглютинация немесс преципитацияға ұшырата алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет