Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi



бет12/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!

Пропердин - комплементтің жекеленген құрама бөліктері (С2, С3) және магний иондары бар қан сарысуының бета-глобулин аймағындағы белогы. Оның көптеген микробтар мсн вирустарды зиянсыз ететін қабілеті бар.
Лактоферин - бүркеме эпителий ұлпасын микробтардан қорғайтын жергілікті иммунитеттің факторы. Оны сілекей, сүт, жас бездері, тыныс алу, ас қорыту, несеп-жыныс жолдарындағы бездер және көп ядролы лейкоциттер синтездейді, олар үш валентті темірдің атомдарын тұтыну барысында микробтармен бәсекеге түсіп, олардың өсіп-өнуін тежейді.
Интерферонның түзілуіне вирустар мен бактериялардың улары, митогендер және т.б. себепкер болады. Шығу тегіне қарай интерферонның үш түрі белгілі:
1) вирустардың немесе басқа агенттердің әсеріне ұшыраған лейкоциттердің жасап шығаратын интерфероны;
2) вирустармен немесе басқа агенттермен өнделгсн фибробластардың интерфероны;
3) вирустарға жатпайтын индукторлардың әсерінен белсенділігі күшейтілген лимфоцитгер мен макрофагтардан бөлінетін иммунды немесе интерферон.
Интерферон сенсибилизденген лимфоциттердің цитотоксиндік әрекетін күшейтеді, ісік жасушаларының өсіп-өнуін тежей алады. Кейінгі кезде оның радиацияға қарсы қорғаныс қабілеті де белгілі болып отыр.
Қан сарысуының бактерицидтік белсенділігі - табиғи резистенттіліктің гуморальдік факторларының құрамына енетін барлық антимикробты қасиеттері бар заттардың интегральдік көрсеткіші (күші). Бактериолиттік компоненттер қатарына лизоцим және комплемент жатады. Олардың біріншісі негізінен грам-оң, ал екіншісі грам-теріс бактерияларды жояды.
Иммундік жүйе ағзаның иммунитетін, яғни оның генетикалық гомеостазын қамтамасыз етеді. Ол лимфоидты жасушалардан мүшелерден және ұлпалардан құралған. Иммундік жүйе орталық және шеткері бөліктерден тұрады. Орталық бөлік қатарына айырша без немесе тимус, құстардың Фабрициев қалтасы, сүт қоректілердің Пейер түйіндері, сүйек майы, сонымен қатар жұтқыншақ бездері жатады. Иммундік жүйенің шеткері бөлігіне сөл бездері, көк бауыр және қан кіреді. Бұл жүйенің ең басты өнімі – лимфоцит.
Айырша без сүт қоректілердің 5-6 жұмалық ұрықтарында қалыптаса бастайды. Ол ұсақ жарнақшалардан құралған екі бөліктен тұрады. Әрбір жарнақтың қатты және жұмсақ қабаттары болады. Олардың бірінші қабатында кішкене лимфоциттер – тимоциттер шоғырланады, ал екінші қабаты осы жасушалардың көбею орталығы. Тимустың жұмсақ қабатында лимфоциттерді жетілуінде маңызды рөл атқаратын эпителиальді жасушалар - Гассел денешіктері орналасқан. Қазіргі кезде тимус бөліп шығаратын бірнеше биологиялық белсенді заттар белгілі болып отыр.
Бұл гуморальдік факторлар иммунологиялық процестердің барысын реттеуде белсенділік көрсетеді. Айырша без жануарлардың және адамның жас ұлғаюымен қатар біртіндеп кішірейе береді. Жатырдағы ұрықтың салмағының 2% тимус болса, жаңа туған нәрестедегі оның үлесі 0,5% ал қырыққа келген адамда 0,01% дейін төмендеп, қарттарда ол тіпте жойылып та кетеді.
Адамның қартайғанда аурушыл болуы осы бездің жоғалуына байланысты. Тимусы оташылық әдіспен алып тасталған төлдердің нашар өсетіні белгілі болып отыр.
Мұндай малдарды қанында лимфоциттердің саны күрт азаяды, иммунитеттің кейбір белгілері байқалмайды, міне сондықган олар жұқпалы ауруларға сезімтал келеді. Тимусы қайта салынған жануарлардың ауру төзімділігі күшейе түседі. Фабрициев қалтасы тек қана құстарда ғана болады. Ол құстардың тік ішегінің үстіңгі бетінде орналасып, клоака кеңістігімен өзек арқылы жалғасқан.
Бұл лимфоэпителиалды ұлпа тауық ұрығының эбриогенезінің 12-13 күндері пайда болып, жеті жұмалық балапандарда атрофияға ұшыра бастайды. Фабрициев қалтасы да айырша без сияқты екі қабаттан тұрады. Оның қатты қабатында жетілген, ал жұмсақ қабатында жетілмеген В-лимфоциттері шоғырланған. Сүт қоректілерде бұл мүше жок болғандықтан В-лимфоциттсрі сүйек майынан бірден жетілген түрінде шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет