Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi


Табиғи иммуноглобулиндерді



бет11/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!

Табиғи иммуноглобулиндерді аффиндігі әлсіз IgG, IgM және IgA класында антиденелері ретінде сипаттауға болады. Олар лимфоциттер мен фагоциттердің рецепторлық жүйелерін құрайды, комплементтермен біріге отыра немесе жеке өздері микробтарды жояды. Табиғи антиденелердің әрекетінен микроб жасушасының үстіңгі қабаты өзгеріске ұшырап, фагоциттерге жеңіл жабысады. Сонымен қатар бұл иммуноглобулиндер хемотаксис құбылысын, яғни фагоциттерді бөгде заттарға қарсы бағыттау процесін қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады. Ғалымдардың болжауы бойынша табиғи антиденелер ағзаның әртүрлі микробтармен күнделікті жағдайда кездесуінің нәтижесінде пайда болады.
Лизоцим - мурамидазалық белсенділігі бар фермент. Ол көз жасында, сілекейде, қанда, сүтте, жұмыртқаның ақ уызында, ұлпаларда кездеседі. Лизоцим грам-оң микробтардың жасуша қабырғасының мукопептидтерін N-ацетилмурамид N-ацетилглюкозаминіне ыдыратады. Мукопептидтер грам-оң микробтардың қабырғасының жалғыз ғана қабаты болғандықтан лизоцим оларды өз күшімен лизиске ұшыратады. Әртүрлі биологиялық сұйықтықтардағы лизоцимнің белсенділігін анықтау үшін грам-оң микроорганизмдердің кейбір өкілдері, әдетте M.lysodeicticus тест-микроб ретінде қолданылады. Грам-теріс микробтарды лизоцим тек комплементтің көмегімен ғана талқандай алады. Лизоцим макро- және микрофагтармен синтезделінеді. Ағзаның лимфа және қан ағымына, экскреттеріне ене отыра лизоцим барлық биологиялық сұйықтықтарды қанықтырады.
Бета-лизиндерді тромбоциттер жасап шығарады. Олар лизоцимге грам-оң микробтарды талқандауға көмек көрсетеді.
Комплемент - жануарлар мсн адамның қан сарысуында болатын күрделі белок. Оның ең көп мөлшері теңіз шошқасының қан сарысуында табылған. Комплементті мононуклсарлы фагоциттер мен бауыр үлпершегінің жасушалары құрастырып шығарады. Бұл белокты кешен әрқайсысы белгілі бір қасиетті иемденген бірнеше компоненттерден құралған. Жалпы алғанда, оның компоненттері хемотаксистің, иммундік әсердің күшеюіне, сезімталдығы артқан жасушалардың еруіне және анафилаксияның өрбуіне өз ықпалын тигізеді, сонымен қатар комплементтің көмегімен антиденелер грам-теріс бактериялар мен эритроциттерді ерітеді, вирустарды бейтараптандырады.
Комплемент терминін 1895 ж. Эрлих енгізген болатын. Табиғи төзімділіктің бұл факторына 1899 ж. Бухнер алексин деген атаумен сипаттама берген еді. Антиденелердің эритроциттер мен бактерия жасушаларын тек қана қан сарысуының қатысуымсн еріте алатындығы және қыздырылған (56°С, 30 мин) қан сарысуының мұндай қасиеттен айырылатындығы зерттеушілерге бұл уақытқа дейін де белгілі болған. Бухнер мен Эрлих гемолиздің жаңа алынған қан сарысуындағы комплементтің көмегімен іске дәлелдеп берді.
Қорыта айтқанда, ағзаның комплемент жүйесі иммундік реакциялардың нәтижесінде немесе микробтар мен олардың токсиндерімен тікелей түйісу арқылы белсенділікке ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет