Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi



бет19/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!

ҚОРЫТЫНДЫ



  1. Трипанасома антигенiн эритроцитке амидол арқылы орнықтырғанда сезiмталдығы жоғары эритрацитті диагностикумдар алуға болатыны анықталды.

  2. Эритрацитті диагностикумдар алу үшін антиген мен эритроциттiң байланысуы 500С температурада су қобдиында 135 минут ұстаған тиiмдi екенін анықталды.

  3. Трипанасоманың антигенді эритроцитті диагностикумдарымен антиденені бейтараптау реакциясымен трипанасома қарапайымдыларының таралуын зерттеуге болатындығы анықталды.

  4. Қан сорғыш соналардың кең таралуы, жылқылардың арасында трипаносомоз ауруының көп таралуына ықпал етеді.

  5. Трипанасома қарапайымдыларының таулы аймақта жылқылардың 5 пайызында таралғаны байқалды.

  6. Трипанасома қарапайымдыларының таулы аймақта жылқылардың 12 пайызында таралғаны байқалды.

  7. Трипанасома қарапайымдыларының далалық аймақта жылқылардың 20 пайызында таралғаны байқалды.

  8. Қан сорғыш соналар таулы аймаққа қарағанда далалық аймақта 6 есе, өзен бойында 10 есе көп таралғаны байқалды

Сондай – ақ гомоиотермді жануарлар төменгі температураға төзімді. Мысалы солтүстікте өмір сүретін көк түлкі, ақ қоян, тундра кекілігі аяз-дарда да тіршілік белсендігін төмендетпей, 700С дейінгі температура ай-ырмашылығына төзе алады. Гомоиотермді жануарлардың химиялық рет-теуі жоғары дәрежеде болады. олар пойкилотермді жануарлардай төменгі температурада зат алмасуын төмендетпейді, керісінше үдейте түседі. Әсі-ресе бұлшық еттер зат алмасуының ерекше маңызы бар. Оны суық кезде бұлшық еттердің дірілдеуі мен тонусының көтерілуінен байқауға болады. Зат алмасудағы жылу бөлуде майларды ерекше атап өткен дұрыс. Оларда негізге химиялық ыдырығанда энергияның қоры сақталады. Кейбір қоңыр түсті майлар ыдырағанда энергия АТФ синтезіне бөлінбей түгелдей дене жылулығына пайдаланылады. Қоңыр майлар суық жақтың жануарларында көптеп жиналады. Қатты суықтарға бейімделу үшін гомоиотермді жану-арларын зат алмасу күшейтеді. Мысалы, құстардың жүрек соғысы мину-тына бірнеше жүздеген мың ретке дейін жетеді екен. Олардың кейбіреу-лері бір күнде өз салмағына 3-4 есе артық қорек жей алады. Қорек қоры аз жерлерде поляр ендігімен арғы жағында өмір сүретін аңдар: морж, түлен, ақ аю, солтүстік бұғылары үшін химиялық реттеу, яғни зат алмасуды күшейту арқылы температураға бейімделу экологиялық тиімді емес.
Сондықтан оларда физикалық бейімделу жақсы дамыған. Атап айт-қанда денелерін мамық жүнмен немесе үлпек қауырсындармен жабу, тері астында қалың қабатты май қорларын жинау т.б. Бұл жерде айта кететін жай суық аймақ жануарларының май қоры денедегі жылуды сақтап қалу үшін денесін түгелдей қаптаса /киттерде 1 метрден астам май қабаты бар/ ыстық жердің жануарларында /түйе, қой, зебу/ май қоры өркеш, құйрық сияқты белгілі бір бөліктерінде орналасқан. Сондай-ақ терлеу арқылы тем-ператураны реттеуінде әрбір жануарлар түрлеріне сәйкес ерекшеліктері болады. Адамдар қатты ыстықта күніне 12 л дейін тері шығарады екен. 1 кг суды булау үшін 2,3×106 Дж энергия кетеді.
Мұншалықты суды шөл шөлейт жердің жануарларына ысырап қалу тиімді емес. Сондықтан көп-теген жануарлардың терлеу процестері терісінде емес мұрын және ауыз қуысының сілекей қабаттарында жүреді. Сонымен қатар темрература тұрақтылығын сақтау жануарлар денесінің көлеміне де байланысты. Денесі қанша үлкен болған сайын оның жылу шығару қасиеті күшейе береді.
Сондықтан жануарлардың бір түрінің ыстық жақта өмір сүретіндері ірі келеді.
Керісінше суық жақта өмір сүретін жануарлардың құлағы, құйрығы т.б. денеден шығып тұратын бөліктері жылы жақтың жануарларынан кіші келеді. Мысалы: Африка пілдерінің үлкен құлақтары көптеген қан тамыр-лары арқылы температура реттеуде маңызды роль атқарады.
Гомойтермді жануарлардың ін қазу, ұя салу тұрағын ауыстыру, топтасу т.б., мінез- құлық тіршіліктері пойкилотермді жануарларға қарағанда күрделі болып келеді.
Олардың 150 см одан терең індерінде температура әрқашан бір деңгейде ұсталады. Пингвиндердің қаттыаяздарда бір топқа жиналу кезін-де оның ортасында 370С жетеді екен.
Сондай-ақ қатты ыстықтарда түйе-лердің бірігуі кезінде топтың сыртында 600С-700С дейін көтерілсе орта-сында 390С болады екен.
Міне осылай гомойтрофты жануарлар химиялық, физикалық және физиологиялық пен морфологиялық реттеулері олардың сыртқы орта температурасының өзгеруіне бейімделе алады.
Экология - биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, "Экология" терминін ғылымға алғаш енгізген Э. Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос - үй, тұрақ, мекен және логос - ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым - деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.
Э. Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасынан кейіннен көптеген толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерттеу аясын, мазмұны мен мақсат-міндеттерін кеңейте түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу аумағын дамыта отырып адамзат, қоғам, табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кешенді ғылымға айналады. Экология ғылымдардың ғылыми деңгейіне көтеріледі.
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал, антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.
Экология - организмдердің арасында болатын (особтар, түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы. Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамый-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының зерттеу нысаны - биологиялық және географиялық микро және макро-экожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер, т.б.) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы (динамикасы).
Экология гылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
- биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;
- табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;
- адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру;
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін, әдет-ғұрпын қалыптастыру;
- экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет