2-әдістеменің мақсаты:ШИРАТУжаттығулары арқылы әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың коммуникативтік, тілдік дағдыларының даму деңгейлерін анықтау.
Ширату жаттығуының тапсырмалары:
-
Достар туралы бейнебаянға зер салып қараңдар.
-
Сұрақтарға жауап беріңдер:
-
Әңгіме не туралы?
-
Әңгімеде қандай кейіпкерлер бар?
-
Әңгімеден не түсіндік?
-
Марат пен Мұрат не себепті Ақтөсті дос етіп алды?
-
Ақтөс Мұраттың қасынан не себепті қалмайды?
-
Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың?
Ұсынылған әдістемедегі әрбір жауапқа ұпай беріліп, ұпай санына байланысты бағаланды. Талқылау сұрақтарына берген жауаптарына қарай ұпай берілді. Жоғары ұпай саны 5-6 ұпай«өте жақсы», 3-4 ұпай«жақсы», 1-2 ұпай –«орташа», 0- ұпай – «төмен».
2-әдістеменің нәтижелері бойынша тапсырмаларды эксперимент сыныбының 10%-ы және бақылау сыныбының 4%-ы ғана «өте жақсы»орындай алды. Эксперимент және бақылау сыныптарының сәйкесінше 40% және 51% оқушылар тапсырманы орындауда қиналатындықтары байқалды. Бұл көрсеткіштер әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың коммуникативтік, тілдік дағдыларының даму деңгейлері төмен екендігін көрсетеді.
3- кесте. Анықтаушы эксперимент бойынша 2-әдістеменің қорытындысы
Жауаптар
|
2а эксперимент сыныбы -20
|
2ә бақылау сыныбы -21
|
Оқушылар саны
|
Пайыздық көрсеткіш
|
Оқушылар саны
|
Пайыздық көрсеткіш
|
өте жақсы
|
2
|
10%
|
1
|
4%
|
жақсы
|
5
|
25%
|
4
|
19%
|
орташа
|
5
|
25%
|
5
|
26%
|
төмен
|
8
|
40%
|
11
|
51%
|
Достарыңызбен бөлісу: |