Кіріспе зерттеудің көкейтестілігі


Абай дидактикасын оқу үрдісіне ендіру бойынша арнайы курстың сипаттамасы



бет4/5
Дата11.11.2016
өлшемі1,29 Mb.
#1507
1   2   3   4   5

2.2 Абай дидактикасын оқу үрдісіне ендіру бойынша арнайы курстың сипаттамасы
Осы тараудың 2.2 пәресінде біз педагогика курсының “Дидактика” бөлімін оқытуда Абай Құнанбаев шығармаларындағы оқыту теориясына байланысты пікірлерді ендіріп пайдалану мәселелерін қарастырылды және оны практикада қолданудың әдістемесін біршама көрсетуге ұмтылыс жасалды. Бұл жерде айта кететін бір нәрсе - әркім өзі дұрыс көретін кез-келген оқытудың жаңа әдістері мен белсенді әдістерін пайдалануларына болатыны. Біз тек мысал ретінде ғана бірнеше тақырыпты көрсеттік. Студенттердің ақын мұрасындағы дидактикалық пікірлерді толымды меңгерулеріне шарт түзу мақсатында арнайы курс оқыту қажет деп ұйғардық. Төменде оның жоспарын және жалпы сипаттамасын келтіреміз. Арнайы курсты болашақ педагог мамандардың барлығына (кәсібіне қарамастан), жоғары оқу орындарының магистратурасында, және педагог емес мамандарға да оқыту пайдалы. Арнайы курс олардың жалпы педагогика бойынша білім ауқымын кеңейтеді, дидактикалық пікірлердің біздің ұлттық ғұлама ғалымдардың мұрасында да болашағынан хабардар болады және өз жұмыс практикасында қолдану мүмкіндігіне ие болады. Сонымен бірге арнайы курс “Педагогиканың тарихы” пәнінің мазмұнындағы “Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлер” тақырыбын тың мәліметтермен байытады.

Зерттеулерден бұрынғы ақын мұрасын педагогика пәндерінде оқыту мәселесіне тоқталған ғалым І.Р.Халитова жоғарыда келтірілген диссертациялық зерттеуінің “Абай Құнанбаев мұрасының 1960-1995 жылдары педагогика пәндеріне енгізілуі және оны тиімді пайдалану жолдары” деген тақырыбында 1930 жылдардан бастап ақын шығармаларының жалпы оқу үрдісінен орын ала бастағанын көрсетеді. Аталмыш зерттеуде жалпы ақын мұрасын оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің біршама өзекті мәселелерін қарастырғанымен оның дидақтикалық пікірлерге толық шығармаларын “Жалпы педагогиканың” дидактика бөліміне ендіру мәселесі жекелеп қарастырылмаған[9]. Осы мәселені шама-шарқымызға қарай шешу мақсатында “Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру” тақырыбында арнайы курс бағдарламасын түзіп, дәрістер мен семинар сабақтары, студенттердің өзіндік жұмысына қатысты оның мазмұнын анықталды.

Арнайы курстың негізгі бағыты педагогиканың теориясын тың және ұлттық идеялармен байыту, сол арқылы отандық педагогиканы жасаудағы ақын мұрасының орнын айқындау. Нақтылап айтсақ “Жалпы педагогика” курсының дидактика бөлімін ұлттық сипатта оқытуға үлес қосу.

Арнайы курстың мақсаты: Абай Құнанабаев мұрасындағы дидактикалық ойларды отандық педагогиканың мазмұнына ендіру мүмкіндіктерін қарастыру; оқу үрдісіне ендіріп, тәжірибеден өткізу арқылы ондағы педагогиканың теориясына қатысты ойларын студенттердің меңгеруін тексеру. Осыған орай арнайы курстың міндеттері белгіленді:

- ақын мұрасында дидактикалық ойлардың бар екендігін және оның педагогиканың теориясын оқытудағы маңызын ашып көрсету;

- болашақ педагог мамандардың білімін оқыту теориясына қатысты ұлттық ой-пікірлермен толықтыру;

- Абай Құнанбаев педагогикасындағы “оқы”, “біл”, “үйрен”, “ізде”, “ұқ”, “ұғын”, “түсін” тұжырымдарын педагогика пәніне ендіру жолдарын көрсету;

- ғұлама ақын шығармаларындағы таным теориясын дидактиканы оқытуда және оқу үрдісін ұйымдастыруда пайдалану жолдарын белгілеу.

Бұларды оқу үрдісінде тексеру мақсатында “Педагогика және психология”, “Дефектология”, “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” мамандықтары бойынша 2-3-курс студенттеріне оқытылды.

Жоғары оқу орындарының оқу үрдісіне дендеп еніп келе жатқан “Кредит технологиясын” ескере отырып, арнайы курстағы дәрістер мен семинар сабақтары, өзіндік жұмыс бойынша нақты білім көлемін келтірілді. Арнайы курста ақынның дидактикалық пікірлері жеке-дара келтірілместен “Жалпы педагогиканың” дидактика бөліміндегі тақырыптарға сәйкес тұстары алынып солармен тоғыстырыла, қабыстырыла ендірілгені 2.2 пәреде көрсетілді. Сонымен бірге келтірілген өзіндік жұмыс түрлері де “Абай Құнанбаевтың дидактикалық ойларын” жеке танып-білуді көздейді. Сондықтан тапсырмалар көлемі, оларды орындау тәсілдері бойынша нақты жұмыс түрлері келтірілді.

Қазіргі кезде оқыту үрдісінде кредит жүйесі бойынша сағатты басқаша есептеу тәсілі қолданысқа жиі еніп келе жатыр.

Соған сәйкес қарастырсақ арнайы курстың көлемін 2 кредит немесе 90 сағатқа сәйкестендірсек, оның 20 сағаты дәріс, қалған 10 сағаты семинар және 16 сағаты ұстаз бен студенттердің өзіндік жұмысына, 44 сағаты студенттің өзіндік жұмысына, рефераттар орындау, оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыруға, коллоквиум, сынақ өткізуге бөлінеді. Осыған орай ақын шығармаларындағы дидактикалық ойларды оқыту теориясымен қабыстырып, сабақтас тұстарын іздеп табу үшін өзіндік іздену жұмыстары ұйым-дастырылады. Оған да тақырыптар мен жұмыс түрлері көрсетілген (кесте 4).


Кесте 4

“Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру” арнайы курсының жоспары




Модуль




Модульдер және мазмұны

Сағат саны

Бақылау түрі

1

1 модуль Модуль атауы. Этнопедагогика –халық педагогикасы туралы ғылым




№1 Бақылау жұмысы (жоба, баяндама, реферат және т.б. қорғау)

Дәріс







1.1 Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру пәні, оның мақсаты мен міндеттері

2




1.2 Абай Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы

2




1.3 Абайдың шығармаларын және өмірін зерттеген ғалымдар қатары

2




1.4 Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы дидактикалық ойлар

2




1.5 Абай шығармаларындағы дидактикалық ойлардың зерттелуі

2




Семинарлық сабақтар







2.1 Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру пәні, оның мақсаты мен міндеттері

2

Жоба

2.2 Халық педагогикасындағы Абай шығармаларының алатын орны

2

Реферат

2.3 Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы дидактикалық ойлар

2

Баяндама

ОСӨЖ







3.1. Абайдың тәрбиелік мектебі

2




3.2. Абай педагогикалық мұраларындағы халықтық тәрбие

2




3.3. Абайдың қазақ педагогикасының тереңірек дамуына қосқан үлесі

2

Реферат

1 модуль бойынша барлығы

24




1.1 Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру пәні, оның мақсаты мен міндеттері.

- Болашақ маманның кәсіби дайындығын қамтамасыз етудегі Абай Құнанбаевтың шығармаларының алатын орны;

- Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру пән ретінде.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


  1. Арғынбаев Х. Қазақ шежіресі. - Алматы, Атамұра. 2000.

2. Жарықбаев Қ. Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ағартушысы. - Алматы, 1970.

3. Көбесов А.К. Абай қара сөздерінің кейбір тұжырымдары хақында, Алматы, 1992 жыл



    1. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы.

- Абай Құнанбаевтың дүниеге келуі және туған жері;

- Абай Құнанбаевтың шығармашылыққа бет бұруы.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1987.

2. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы, 1992.

3. Тәжібаев Т. Абай Құнанбаевтың психология және педагогикалық көзқарастары /Жинақ. - Алматы, 1954.



    1. Сабақтың тақырыбы: Абайдың шығармаларын және өмірін зерттеген ғалымдар қатары

- Абай Құнанбаевтың шығармаларын зерттеген ғалымдар қатар;

- Абай Құнанбаевтың өмірін зерттеген ғалымдар қатар;

- Абай Құнанбаевтың мұраларын зерттеген қазақ ғалымдары.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Әуезов М. Абайдың идеялық-мәдени ізденулері. 20 томдық шығармалар жинағы. - Т. 15. - Алматы, 1984, 139, 144 б; ІІ том.

2. Әлжанұлы Ш. Абайдың педагогикалық көзқарастары туралы. Социалистік Қазақстан, 30 декабрь 1934 жыл.

3. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. - М., 1956.


  1. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические произведения, - М, 1965.

1.4 тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы дидактикалық ойлар

- Абай шығармаларындағы педагогикалық тұстары;

- Абай шығармаларындағы адамгершіліктің идеалдары;

- Абай шығармалары тәрбиелеудің негізгі құралдары ретінде.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қалиев С. Педагогикалық көзқарастары. Кіт. /Қазақ тәлім тәрбиесі

- Алматы, 1995.

  1. Әлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы

(XV-XVIII ғғ.). - Алматы, 1999.

3. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы, 1995.

4. Қожахметова К.Ж. Теоретико-методологические основы казахской этнопедагогики. Автореф.докт. дисс. - Алматы, 1998.

5. Халитова І.Р. Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы (1960-1995 жж.). Докт.дисс. - Алматы, 1998.

1.5 Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларындағы дидактикалық ойлардың зерттелуі.

- Абай Құнанбаевтың мұраларының зерттелуі;

- Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы дидактикалық ойлардың зерттелуі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Әуезов М. Абайдың идеялық-мәдени ізденулері. 20 томдық шығармалар жинағы. - Т. 15. - Алматы, 1984, 139, 144 б; ІІ том.

2. Әлжанұлы Ш. Абайдың педагогикалық көзқарастары туралы. Социалистік Қазақстан, 30 декабрь 1934 жыл.

3. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. - М., 1956.


  1. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические произведения, - М, 1965.

Студенттің өзіндік жұмысы



  1. Абай қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

  2. Қара сөздердің педагог мамандарға қажеттілігі мен пайдалары

  3. Абай маңындағы өнерлі жастар

  4. Абай тұсындағы кемеңгерлер

  5. Халықтық шығармалар – Абай нәр алған рухани көздің бірі

  6. Абай дүниетанымындағы орыс достарының ролі

  7. Кәкітай Ысқақұлы – Абайдың тұңғыш биографы

  8. Ақыл-ойға байланысты Абайдың көзқарасы (зерделі, пайымдаушы ақыл).

  9. Этникалық мәдениеттегі толеранттылық мәселесі

  10. Абай негізін қалаған қазақ әдебиетіндегі халықтық дәстүр

Студенттердің өзіндік жұмыста пайдалануына ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. – Алматы.

2. Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. - Алматы, 1988.

3. Есімов Ғ. Хакім Абай. - Алматы, 1994.

4. Халитова І.Р. Абай Құнанбаев мұрасын мектепте оқыту мәселелері.

Қосымша әдебиеттер:



  1. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны, Абай. 1992.

  2. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1987.

  3. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы, 1992.

  4. Әуезов М. Абайдың идеялық-мәдени ізденулері. 20 томдық шығармалар жинағы. - Т. 15. – Алматы.

  5. Әлжанұлы Ш. Абайдың педагогикалық көзқарастары туралы. Социалистік Қазақстан, 30 декабрь 1934 жыл.

Коменский Я.А. Ұлы дидактика. - М., 1956

Арнайы курс бойынша өзіндік жұмыстарды орындау әдістемесіне келетін болсақ, ол негізінен оқытудың жаңаша әдістермен белсенді әдістерді қолдану бойынша іске асырылды.

Атап айтсақ, алдымен студенттер жалпы педагогика курсының дидактика бөлімін жете меңгермейінше ақын мұрасындағы дидактикалық пікірлерді ажыратып алу күрделі.

Сондықтан дәріс оқу барысында оқыту теориясының санаттары оқытудың мақсаты мен міндеттері дидактиканың негізгі бөлімдері таным үрдісі, оқу үрдісінің заңдылықтары, оқыту әдістері мен ұстанымдары бойынша ақын мұрасындағы дидактикалық пікірлерге тиесілі тұстарын ашып көрсеткен жөн.

Ал, өзіндік жұмысты орындау бойынша келтірілген кесте бойынша тапсырмалар қарастырылған. Онда мынадай жұмыстарды ретімен орындау керек:

- дидактиканың негізгі санаттарын анықтап алу және оларды саралап жазып біліп алу;

- ақынның өлеңдерін сараптап дидактикалық пікірлерге қатысы бар шумақтары мен тармақтарын іріктеп алып көшіріп жазу;

- ақынның келтірілген қара сөздеріндегі дидактикалық пікірлерге қатысты тұстарын көшіріп жазу;

- өлеңдері мен қара сөздеріндегі дидактикалық пікірлерді оқыту теориясының белгілі тұстарымен кіріктіріп сипттамалар беру;

- бұл тапсырмаларды орындауда көшіріп жазу, талдау, топтастыру, жіктеу, іріктеп алу, сараптау, жаттау, есте сақтау, айтып беру, түсіндірмелеу, жазбаша сипаттамалар беру секілді. әдістерді қолдану.

Бұл ұсыныстарды орындау студенттердің жұмысты жүйелі орындау, мазмұнын меңгеру, оларды іс жүзінде қолдану септігін тигізбек. Өзіндік жұмыстармен қатар студенттердің ғұлама ақын мұрасындағы дидактикалық ойларын ғылыми-педагогикалық тұрғыда меңгеруіне шарт түзу мақсатында жекелеген тақырыптарда рефераттар жазу қарастырылды. Мұндағы басты мәселе бір ұғымының педагогикалық, психологиялық сипаттамасымен қоса ақынның қара сөздері мен өлеңдеріндегі сабақтастығын көрсету.

Осы мақсатты көздеп рефераттардың тақырыбын төмендегіше анықтадық:

1. Дидактиканың негізгі ұғымдары және олардың ақын шығармаларында орын алуы.

2. Оқытудың, білімнің беріктігі қағидасы мен ақын қара сөзіндегі осыған сабақтастық.

3. Ақын шығармаларындағы оқытудың жүйелілік пен бірізділік қағидасы.

4. Оқытудың қайталау әдісі және Абай мұрасындағы оған сәйкес пікірлері.

5. Ақынның “Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез” шумағының педагогикалық және психологиялық астары.

6. Абайдың “Сөзін оқы және ойлан” өлең тармағының тәлімдік маңызы.

7. Ақылды кісі мен ақымақ кісінің айырмашылығы неде?

8. “Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге” шумағының өзектілігі.

9. “Қолымды мезгілінен кеш сермедім... Баламды медресеге біл деп бердім” шумақтарының дидактикалық маңызы.

10. Интернатта оқып жүр өлеңіндегі дидактикалық пікірлер.

11. “Қайдан ғана біледі ауыр менен жеңілдің арасымен өтерді” шумағының педагогикалық сипаттамасы.

12. 7-қара сөзіндегі танымдық пікірлер.

13. 12-қара сөзіндегі оқыту әдісіне тән пікірлер.

14. 15- қара сөзіндегі қызығу мен қажеттенудің оқу үрдісіндегі мәні.

15. 25-қара сөзіндегі дидактикалық ойлар.

Рефераттарды орындау барысында студенттердің ақын шығармаларынан дидактикалық пікірлерін ажырата білуге үйренуі, дидактикалық ойларға сипаттамалары беріп, оны педагогикадағы негізгі ұғымдармен салыстырмалап көрулеріне шарт түзеді.

Жұмыс барысында ақын шығармаларын конспектілеу, көшіріп жазу, жаттау және оларға ауыз-екі сипаттамалар беру, ақынның әр өлеңі мен қара сөздері туралы ғалымдар мен ақын жазушылардың еңбектерін іздеп тауып, оларды талдау секілді қосымша жұмыстар жүргізілді.

Сауалнамалар алдымен құпия түрде болды:

1. Абай Құнанбаев шығармаларында дидактикалық пікірлер бар деп ойлайсыз ба?

2. Ақын шығармаларын жатқа білесіз бе?

3. Ақынның қара сөздерінен үзінділер білесіз бе?

4. Дидактика нені оқытады? Оқыту теориясы мен тәрбие теория-сының өзара байланысын қалай түсінесіз.

5. Оқу, білім ғылым туралы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер білесіз бе?

Жазба жұмыстар:

1. Білімдіден шыққан сөз...(ары қарай жалғастырыңыз);

2. Жас бала анадан туғанда екі түрлі - деген 7-қара сөзінде не жайында айтылады?

3.“Көзбен көрген нәрсенің сырын көңілге салу” дегенді қалай түсінесіз?

4. Дидактиканың қай санаттары ақын мұрасынан орын алған? т.с.с.

Студенттердің білімін тексеру мақсатында жалпы дидактика бөлімі оның ішінде ақын шығармаларындағы оқыту теориясына байланысты пікірлерді тексеруге арналған тест сұрақтары даярланды. Бұл жұмыстар Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогика және психология, дефектология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарының сырттай және күндізгі бөлім студенттерімен жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін дәлелдеу мақсатында студенттер 2 топқа бөлінді: 1) эксперимент тобында - 30 студент; 2) бақылау тобында – 20 студент.

Өз пікірлерін жазбаша талдау.

Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеялар оның ішінде дидактикалық пікірлерін студенттердің меңгеру деңгейінің көрсеткіштері 6-кестеде берілді.
Кесте 5

Анықтау кезеңінің көрсеткіші ( % есебімен)



Эксперименттік топ (50 студент)

Бақылау тобы (50 студент)

Жоғары

Орташа

төмен

жоғары

Орта

Төмен

21 (41,8%)

13 (26,8%)

16 (31,3%)

22 (44,3%)

13 (25%)

15 (30,6%)

Сурет 1

Анықтау кезеңінің көрсеткіші (диаграммамен)

Барлығы зерттеу жұмысына корреспонденттер ретінде 50 студент қатысып жұмыс үш сатыда жүргізілді

Арнайы курсты оқыту барысында оқылған дәрістер және семинар сабақтарында эксперимент тобымен жүргізілген жұмыстардың мазмұнында “Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойлар“ тақырыбы толық қамтылды. Кредит технологиясының ерекшеліктеріне байланысты дәріс оқу, семинар сабақтары мен өзіндік жұмыс барысында белсенді әдістер – ойлануға мәжбүрлеу, зейінін ұзақ уақыт жұмылдыруға шарт түзу, өзіндік шығармашылық іздену, тікелей және кері байланыстар орнату қолданылды.

Нәтижеде студенттердің ғұлама ақын Абай Құнанбаев мұрасындағы дидактикалық тұжырымдар мен ұғымдарды салыстырмалы түрде меңгеріп, олардың педагогиканың теориясымен сәйкестігін, ерекшеліктерін меңгеруіне шарт түзілді. Студенттердің Абай мұрасындағы дидактикалық ойларға қатысты жаңа мағлұматтарды меңгеру деңгейінің көрсеткіші анықталды. Ол 7, 8-кестелерде берілді.


Кесте 6

Эксперимент тобының қалыптастыру кезеңінің көрсеткіштері (% есебімен)






Сабақ және өзіндік жұмыс барысында білім мазмұнын меңгеруі

Тексеру эксперименті

Эксперименттен.кейін

жоғары

орта

төмен

жоғары

орта

төмен

1

Абай Құнанбаев өлеңдеріндегі дидактикалық ойлар

39,9

17,2

42,9

60,1

23,8

16,1

2

Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлер

52,1

21,9

26

54,9

23,7

21,4

3

Таным теориясы - Абай Құнанбаев шығармаларында

49,3

27,1

23,6

50,9

27,3

21,8

4

Оқу теориясы мен Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойлардың сабақтас-тығының педагогика-лық маңызы

45,9

21,1

33

51,1

24,3

24,6

Кесте 7

Дамыту кезеңінің көрсеткіштері (% есебімен)


Эксперименттік топ (50 студент)

Бақылау тобы (50 студент)

Жоғары

Орташа

Төмен

жоғары

Орташа

Төмен

28 (57,2%)

15 (29,5%)

7 (13,3%)

23 (46,7%)

17 (34%)

10 (19,3%)

Сурет 2

Дамыту кезеңінің көрсеткіштері (диаграммамен)



Жоғары деңгей. Студенттердің Абай Құнанбаев мұрасындағы педагогиканың теориясына қатысты ойлардың жалпы дидактика ілімімен сабақтастығын толық меңгеруі.

Орта деңгей. Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ой- пікірлер туралы тұжырымдарды меңгеруі.

Төмен деңгей. Абай шығармаларындағы дидактикалық ойларды оқу үрдісінде қолдану мүмкіндігін анықтай білуі.

Абай Құнанбаев шығармаларынан айқындап алынған дидактикалық ойларды студенттердің меңгеру динамикасы эксперимент жұмыстың соңында төмендегідей болды.

Арнайы курс бойынша оқылған дәрістер, өткізілген семинар сабақтары мен өзіндік жұмыстардың нәтижесінде студенттердің ақын мұрасындағы дидактикалық ойларды меңгеруін тексеру мақсатында тест сұрақтары әзірленіп өткізілді.

Бұнымен бірге жауаптың шынайылығын тексеру мақсатында сауалнамалар жүргізіліп, коллоквиум өткізілді (сауалнамалар, тест сұрақтары қосымшада берілді).

“Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру арнайы курс бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша өткізілген теориялық және практикалық сабақтарды қорытындылай келе төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік алынды:

1. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойлардың оқыту теориясымен сәйкес келетіні және олардың болашақ ұстаздарды даярлау ісінде педагогика пәндерін оқытуда қолдану қажеттігінің бар екені дәлелденді.

2. Ғұлама ақын Абай Құнанбаев мұрасындағы дидактикалық ойларды студенттерге меңгерту бойынша кредит жүйесіне сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндігі және оның тиімділігі белгілі болады.

3. Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойлардың ұлттық педагогиканы байытуымен бірге ақынның “оқы”, “біл”, “үйрен”, “ізден”, “ұғын” тұжырымдарының ғылыми педагогикада толық ашылмай келе жатқан тұстарын айқындаумен бірге осыларға байланысты студенттердің түсініктерін кеңейткені анықталды.

4. Арнайы курс мазмұны және оны студенттердің меңгеру мүмкіндіктерін тәжірибе түрінде тексеру ақын шығармаларындағы дидактикалық ойларды педагогика курсы, оның ішінде оқыту теориясы бөлімін мазмұндық жақтан байытып отандық педагогиканың, ұлттық ауқымын кеңейтті және оларды оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндігі көрсетілді.



Каталог: uploads -> doc -> 0341
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0341 -> Жабуға болады? Жабу батырмасының қызметі
0341 -> «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам.Қоғам.» оқу пәнінің мақсаты
0341 -> Сабақ жоспары №11 Пән: Биология негіздеріндегі химия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет