2.3 Кіші Азия түбегі рекреациялық ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері
Әлемдік туристік тәжірибеде көрсеткендей Кіші Азия аймағының негізгі рекреациялық ресурстары болып – жағажайлар, климат және мәдени ескерткіштер жатады. Бұл пікір толықтай дәлелденген.
Кіші Азия түбегінің 4 теңізге тікелей шығуына мүмкіндігі бар. Сондықтан да Кіші Азия аймағында жағажайлардың барлық түрі кездеседі: құмды (Белек, Сиде), түйіршікті тасты (Кемер, Анталия). Аса мөлдір таза су – Алания, Анталья мен Джида жағалаулары ерекшеленеді [39].
Кіші Азия ежелгі заманның аса қуатты өркениетінің мәдениетін, тарихи жәдігерлерін сақтап қалған аймақ. Қазіргі таңда Кіші Азия қонақтары мұндағы ежелгі қалалардың жерінде жаңа заман қозғалысына сай өмірдің бар екенін сезініп, көз жеткізеді. Теңіздердің биік таулармен шектесіп, мәдениеттің көптүрлілігі, антикалық дәуірдің іздері сақталып қалған Түркияны тарихи және географиялық тұрғыдан ерекше мемлекет екендігі көрінеді. Осы салалардың барлығы Түркияны аса ірі туристік аймаққа жатқызып, табиғат пен мәдениеттің үйлесімділігін іздейтін адамдардың негізгі отаны болып табылады.
Жыл сайын Түркияға әлемнің 80 елінен 9-10 млн турист келеді. Сондықтан да мемлекет қазынасына экспорт көлемінің ¼ бөлігін туризм әкеледі. Туризм елдің валюталық қорын байытады, әлемдік дағдарыстың қарқындап өзгеруіне қарамастан, өз маңыздылығын жоғалтпаған бірден бір сектор: 2005 жылы Түркияға 22 миллион шетелдiк турист келiп, ел бюджетiне 18-19 миллиард доллар шамасында қаржы құйылған [40].
Өткен жылы Германияда футболдан Әлем чемпионаты өткен соң, түрiк елiне демалуға небәрі 21 миллион адам келген. Жылдық өсім көлемі деңгейі бойынша 80 жылдармен салыстырғанда орта есеппен 25%-ға өссе, 2012 жылдың маусымында тіптен 40 %-ға жуықтайды.
Түркия дүние жүзінде туристердің келу саны бойынша үшінші орын алады. Елге деген қызығушылық неге байланысты? Барлығына белгілі, Түркия сауданың ірі орталығы, яғни shop-турлармен әйгілі. Сонымен қатар туристік сервистер өте жоғары деңгейде. Ал ең бастысы Түркияда тарихи ескерткіштер мен архитектура үлгілері және көзтартарлық табиғи обьектілер, демалыс орындары көп [41].
Тарихи мәдени рекреациялық ресурстары. Кіші Азия түбегінде негізінде тарихи мәдени көрікті орындар саны көп. Олардың саны жөнінен Түркия Греция, Испания, Италиядан кем түспейді. Бірақ біз ол туралы ақпараттың аздығынан біле бермейміз.
Түркияда туризм кластерiнiң дамығаны соншалықты, қонақтардың көңiлiнен шығудың амалдары барынша жақсы жолға қойылған. Жалпылама туризм жайлы айтсақ, бiр туристiк турдың пакетi 1000 долларға шамалас. Бiрақ жыл сайын ел бюджетiне түсетiн пайданың өзi 20 миллиард долларға дейiн жетiп қалады. Бұл қаржыдан миллиондаған доллар бөлiнiп, тарихи ғимараттар мен сарайларды жөндеу жұмысына жұмсалады [42].
Археологиялық қазба жұмыстарына да қомақты қаржы бөлiнiп отырады. Түркияның туризм министрлiгi туристердiң жас ерекшелiктерiмен де санасып, қызмет көрсетудiң түр-түрiн ұсынады. Егде жастағы адамдар көбiне Стамбұл мен Кониядағы тарихи сарайлар мен ескерткiштердi көруге ұмтылса, жастар мәдени ескерткiштерден гөрi теңiз суының бойында шомылып, қайықта жүзудi жөн санайды.
Өз кезегiнде елдiң туризм саласы шетелдiктерге барлық демалыс түрлерiн ұсынады: қысқы туризм – шаңғы тебу, жазғы туризм – теңiз бойында шомылу, мәдени-архитектуралық туризм – тарихи сарайларға серуен жасау, тағысын тағылары... Мұның бәрi де туристiң жақсы демалып, келесi жылы елге қайта келуi үшiн жасалынған сияқты [43].
Туризм министрлiгi гид-мамандарды дайындау iсiне де ерекше көңiл бөледi. Бұл салада жоғары бәсекелестiк болған соң, жыл сайын гидтер арнайы сынақ арқылы лицензиясын қайта алып отырады. 1980 жылға дейiн туризм саласындағы мамандарды дайындауға онша көңiл бөлiнбей келген болатын. Бiрақ, кейiн Туризм министрлiгi гид-мамандарды дайындау iсiн өзiндiк оңтайлы саясатқа айналдырған. Бұл саясаттың түпкi мақсаты – туристiң мүддесi.
Сурет 25. Түркияға басым келген туристердің елдері.
Түркияға келген туристер арнайы көлiкпен, сақтандыру полисiмен және гид-маманмен қамтылады. «Туристiң елiмiзден жақсы әсер алуы оны анда-мұнда апарып жүрген көлiктен бастап, тарихи жәдiгерлерге саяхат жүргiзген гид-маманның бiлiктiлiгiне дейiн байланысты. Бүгiнгi таңда бұл iстi Туризм министрлiгi оңтайлы саясатқа айналдырды» – дейдi түркиялық мамандар[44].
Түркия аймағында туризмнің дамуын төмендегі мәліметтерден көре аламыз (сурет-25):
2010 жылы Түркияға 26 млн турист келсе, 2011 жылы 28 млн адамды қабылдады;
Туризмнен түскен пайда 2009 жылы 22 млрд долларды құраса, 2011 жылы 23,6 млрд жетті.
2010 жылы Стамбұл Еуропаның мәдени астанасы болып жарияланды.
2009 жылғы деректерге сүйенсек, Стамбұл Еуропаның аса танымал қалалары арасында 3-ші орынға (Лондон және Парижден кейін) ие.
Түркияда 1300 термальді бұлақтар ашылған. Соған байланысты ел геотермальді ресурстары жөнінен дүние жүзінде 7-ші орында, ал Еуропада 2-ші орында. Мұндағы ашылған термальді емдік-сауықтыру орындарында 35000-ға жуық адамды қабылдауға қол жетеді.
2010 жылы «Түрік әуежелісі» дүниежүзі елдері бойынша «эконом-класс бортында қызмет көрсету сапасы» жөнінен үздік деп танылды.
2011 жылы Анкараның TAV Esenboga әуежайы Еуропаның “5-10 миллиондық» жолаушы тасымалдау категориясы бойынша үздік деп танылды.
2010 жылы Түркияның әуе жолаушылар саны 85,2 млн адамға жеткен.
Стамбұлдың Ататюрк атындағы әуежай 2010 жылы Оңтүстік еуропаның ең үздік әуежайы болып жарияланып, Skytrax World Airline Awards сыйлығымен марапатталды[45].
Кіші Азия түбегінде дамыған спорт түрлері.
Рафтинг – таудан сарқырап ағып өтетін тасқын судың үстінен өтіп, табиғат күшімен бәсекеге түсетін спорт түрі. Рафтингпен негізінен аса күшті әсер іздейтін туристер мен тұрғылықты халық желдеткіш қайық немесе каноэмен айналысады (сурет-26). Бұл спорт түрімен айналысу үшін арнайы жаттығудың қажеті жоқ. Саяхат алдында керекті инструктаж өтіледі. Онда қайық жабдықтарымен қолдана білуді, қауіпсіздік техникасын, суда жүзудің жалпы ережесін үйретеді. Егер де таулы жоталардан түсетін жылдамдығы жойқын ағын судан өтуіңізге жол берілмесе, бұл спрот түрімен Кепрючай өзенінде айналысуға болады. Анталия маңындағы Кепрюлю каньоны рафтинг туризміне өте қолайлы жағдайлар туғызады. Бұл жер туристердің сүйікті экскурсиясы бола отырып, тіпті балалар айналысуға боларлықтай қауіпсіз ережелердің сақталуымен жоғары бағаланады. Жеке таңдау бойынша туристер 10-12 орынды қайықтарға немесе екі орынды каноэға отыруға мүмкіндік алады. 14 шақырымға жететін бұл түсім әр адамға табиғаттың таңғажайып сырын ашып, таусылмас қуат әкеледі [46]. Бағасы 60$.
Сурет 26. Рафтинг
Дайвинг – су асты әлеміне таңғажайып саяхат. Бұл спорт түрімен барлық жас категориялары айналасуға мүмкіндік алады. Теңіздің тереңдігіне арнайы оқытушы маманмен Эгей және Жеротра жағалауларының кез-келген бөлігінде, су асты флора мен фаунаның, үңгірлер мен теңіз жәндіктерінің керемет көрінісін тамашалауға әбден болады (сурет-27). Одан басқа туристер арнайы төлем ақыға осы теңіз асты көрінісін суретке түсіріп естелік ретінде алуға да рұқсат берілген [47]. Бағасы 20$.
Сурет 27. Дайвинг
Атқа мініп серуендеу – Мармаристен 17 шақырым қашықтықта Хисарню ауылында жылқы фермасы «Horse country» орталығы ашылған. Мұнда арнайы үйретілген және тәжірибеден өткен тұяқты жануарлар әр туристің көңіліне шығуға ережелердің түр түрін орындайды. Қыдыру барысын арнайы маман – инструктор қадағалап, тиісті тәртіптің сақталуын реттейді. Бағасы 40$.
Аквалэнд және дельфинарий. Анталияда орналасқан бұл спорт түрі әлемдік стандартқа сай құрастырылған. Мұнда туристке аттракциондардың кез келген түрі, «жасанды толқындары» бар арнайы бассейндер, дүкендер мен мейрамханалар демалыстың қызықты өтуіне жағдайлар жасайды. Осы аквалэнд аумағында орналасқан үлкен дельфинарий балалардан бастап ересек адамдардың көңілінен шығуына мүмкіндік береді. Бағасы балаларға 20$, ересектерге 35$.
Аталған туризм түрлерінен басқа сафари, виндесерфинг, гольф тур, тау шаңғы салалары жақсы дамыған [48].
Экскурсиялық бағдарламалар. Анталия аймағы экскурсиясы. Қандай да бір курортта – Кемер, Белек, Сиде, Аланияда болмасаңыз да сізге Анталия маңының толық экскурсиясы өтіледі. Мұнда туристер ежелгі қалалардың тарихи ескерткіштерін, сәулет өнерінің үздік туындыларын, жаңа өмір талабына сай жағажайлар мен айдандарын тамашалауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Түркияның дәстүрлі шаруашылығы – сапалы түрде тері илеу, алтын, тоқыма және кілем жасап шығару кәсіптерін көзбен көріп, қолымен ұстауға сәт туады.
Хамам – түрік моншалары. Түрік халқының маңызды дәстүрлі орындарының бірі. Бұл хамамдар орта ғасырдан бері сақталып, қайта жаңғыру үстінде. Хамам негізінен 3 бөлімнен тұрады. Ең алдымен демалыс бөлмесі, мұнда кішігірім бассейн орналасқан. Содан соң ұзын табалдырық тәріздес бөлмеде жоғарғы температураның күйіне үйренуге уақыт беріледі. Кейіннен хамам негізгі бөлмесі – мәрмәр тастарынан жасалған орындықтар мен демалыс орны орналасқан [49].
Демре-Мира-Кекова қаласы. Б.з.б. V ғасырда салынған Мира қаласы осы заманға дейін сақталып қалып, өзінің Ликия периодынан қалған сеңгірлі зираттары және Әулие Николай соборымен ерекшеленеді. Туристер кеме немесе пароход арқасында батып кеткен ежелгі Кекова қаласын аралап, Симена түбегіндегі бекіністерді тамашалай алады.
Ұзындығы 5630 метр болатын Феодосиевтар қорғаны Константинополь қаласын император Феодосии II-нің варварлық әрекеттерінен қорғау үшін тұрғызылған (сурет-28). Оның негізін қалаушы Константин Ұлы болған. Қорған құрылысын 408-413 жылдар аралығында префект Анфимия жалғастырған. Ирландтық византиятанушы тарихшы Джон Багнелл Бьюри Анфимияны осы еңбегі үшін «Константинопольдің екінші негізін қалаушы» деп те атайды. Феодосиетер қорғаны 477 жылғы жер сілкінісінен кейін қайтадан нығайтылды. Сол кезде қорған алдынан кең ор қазылған болатын [50].
Сурет 28. Константинополь қорғаны. Сурет 29. Қамалдың реконконс-
трукциядан өткен кездегі сипаты
Қабырғаның ішкі жақ биіктігі 12 метр, ені 5 метр, әрбір 55 метр сайын биіктігі 20 метр, алты бұрышты немесе сегіз бұрышты болатын, жалпы саны жүзге жуық мұнара тұрғызылған (сурет-29). Мұнараның астыңғы жағы сауда қоймасы болды. Қамалдың әлсіз жерлері ұзындығы 1250 метр болатын ортаңғы бөлігі еді. Осы жерге Мехмед екінші 1453 жылы атой салған болатын. Стамбұл қаласының кеңейуіне байланысты бұл қамалды XIX ғасырлдың соңы мен XX ғасырдың басында бұза бастады. 1980 жылдардың соңында ЮНЕСКО қамалды қайта қалпына келтіру үшін қаржы бөлді. Бірақ қайта қалпына келтірілген жерлер жер сілкінісінің әсерінен көп зардап шекті. Бұдан біз қамалдың өте мықты құрылыс материалдарынан салынғанын көреміз [51].
ДТҰ-ның мәліметтері бойынша дүние жүзінде туристердің көп келетін елдердің көшбасшылары: Франция – 77,1 миллион, АҚШ – 62,3 миллион, Қытай – 57,6 миллион, Испания – 56,7 миллион, Италия – 46,1 миллион, Түркия – 31,4 миллион, Ұлыбритания – 28,3 миллион [52].
Түркия Республикасы табиғатының әсемдігін және тарихи ескерткіштерін қорғап, елге тиімді жағынан пайдалана біліп отырған бірден бір ел. Оның көрінісі – түркияның жұлдызды қонақ үйлері. Түркия қонақ үйлері – қызмет көрсету саласы мен жайлылықтың жоғарғы дамыған сервисін беретін баға мен сапаның сай болуымен ерекшеленеді. Әр туристке қонақ үйлердің кең таңдауын талғамына, бағасына және мақсатына байланысты қарапайымнан салтанатты делюкс орындарына дейін мүмкіндік береді. Түркия қонақ үйлері әлемнің танымал «Бәрі енгізілген» (All inclusive) жүйесі арқылы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар мұндағы қонақ үйлер үнемі жаңару үстінде [53].
Қонақ үйлер классификациясы. Түрік қонақ үйлері нақты «жұлдызды жүйемен», бір жұлдыздыдан бес жұлдыздыға дейін бөлінеді. Мательдер мен жекежайлар (вилла) 1-ші (1 sinif) және 2-ші (2 sinif) болып 2 класқа жіктеледі. Қонақ үй таңдау кезінде тек қана жұлдыздың санына қарап қоймай, сонымен қатар орналасқан орнына және теңізге жақындығын ескеру керек.
1* қонақ үйлер – стандартқа сай екі орынды номер аумағы 8-10 м² болуы керек. Бөлме ішінде 1 гардероб, киім ілгіш, орындық, жуынатын орын, т.б. болады. Күнделікті тазалық, төсек орнын ауыстыру әр 7-8 күнде орындалады. Мұнда 2 қабатқа бір ортақ жуынатын бөлме мен сартир бар.
2* қонақ үйлер – жоғарыдағы 1 жұлдызды қонақ үй сияқты, бірақ жуынатын бөлме және сартир нөмір ішінде болады. Мұндай қонақ үйлерде кафе болуы тиіс.
3* қонақ үйлер – бөлмелерінде жуынатын бөлме, әжетқана, сөмке қоятын, қабырға ілгіш, радио және тағы басқа жиһаздар болуы шарт. Сонымен қатар, теледидар, кондиционер орнатылып, төсек орны әр екі күнде ауыстырылады. Осындай қонақ үйлер аумағында автобекет, бассейн, мейрамхана, сән салоны, бизнес орталықтар, валюта айырбастай пункттері болуы әбден мүмкін.
4* қонақ үйлер – жоғарыда көрсетілген 3* қонақ үйлердегі қызметтің барлығы болып, оған қоса мини бар, жеке кондиционер, телефон, сейф, шашқа арналған фен, сусабын, ваннаға арналған гель заттары қосылады.
5* қонақ үйлер – 4* қонақ үйлер сияқты, бірақ жоғарғы деңгейде жабдықьалған. Бөлмелері кең, төсек орындары да кең. Міндетті түрде апартаменттер кездеседі. Таңғы, кешкі астар бөлмеге әкелінеді[54].
Yunak Evleri қонақ үйі. Бұл - әлемдегі жалғыз «үңгір» қонақ үй. Ол Түркия жеріндегі тас діңгектер аумағында орналасқан. Сондай-ақ, қонақ үйде бес ғасыр бойы қызмет көрсетіп келе жатқан бөлмелер бар. Бұл қонақ үй әлемнің ең ерекше 10 қонақ үйінің қатарына енген (сурет-30).
Сурет 30. Yunak Evleri қонақ үйі
Kadir's Top Tree қонақ үйі.
Достарыңызбен бөлісу: |