Кіріспе зерттеудің өзектілігі



бет8/9
Дата14.09.2017
өлшемі6,81 Mb.
#32100
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Түрік сәулетшілерінің тағы да бір тамаша туындысы - Kadir's Top Tree қонақ үйі. Бұл ғимарат қалың өсімдік әлемінің ортасында орналасқан. Табиғат-Ананың сұлулығын тамашалап болған қонақтар ағаш ішіндегі үйде жатып тыныға алады. Және «швед дастарханының» дәмі тіл үйірер тағамдарын армансыз жеуге мүмкіндік бар (сурет-31). 

Сурет 31. Kadir's Top Tree қонақ үйі.
«Әлемнің ең жақсы 99 қонақ үйі» тізімінде 8, «Tophotel 2011» тізімінде болса 33 түрік қонақ үйлері орын алды. Сөйтіп «HOLIDAY CHECK» тізімінде Түркиядан 41 Қонақ үй орын алды [55].

Rixos Tekirova 5* қонақ үйі (сурет-32). Текирова демалыс орнының жағалауында орналасқан. Кемер қаласынан 17 шақырым қашықтықта, Антилия әуежайынан 73 шақырым қашықта. Бұл қонақ үй 2002 жылы салынған. 2006 жылы күрделі жөндеуден өткен. Аумағы 95000 м². Жерорта теңізі жағалауында орналасқан. 5 қабатты А блогы және 7 қабатты В блогы бар. Оған қоса екі қабатты бунгалолар да кездеседі. Қонақ үй аумағында: бассейндер, аквапарктер, боулинг, емдік сауықтыру орталықтары, балалар клубы, бильярд, мейрамхана, әр түрлі талғамдағы барлар, теннис алаңы, су спортының орталығы орналасқан. Қонақ үй нөмерлерінің 30 %-ының терезелері теңізге қараған. Отельде барлығы 600 нөмер бар. Оның ішінде: 482 стандарт бөлмелер - ауданы 32 м², 4 люкс бөлме – 115 м², 2 отбасылық жоғарғы люкс – 88 м², 14 отбасылық сюиттер – 52 м², 2 стандарт сюиттер – 70 м², 96 бунгало – 46 м². Қонақ үй қызметінің құнына тоқталсақ, ең төменгі баға күніне бір адамға 10 мың теңгені құрайды. Оның ішіне тамақтанудан бастап барлық қызмет түрлері енеді [56].

 

Сурет 32. Rixos Tekirova 5* қонақ үйі



Royal Wings 5* қонақ үйі (сурет-33). Анталия әуежайынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалпы ауданы 72000 м² құрайтын, соңғы үлгімен салынған өте керемет отель. Барлық мемлекеттік стандарттарға сай, әр түрлі қызметтерді ұсына алады. Анталия қаласынан небары 17 шақырым қашықтықта, Лара деп аталатын жаңа құмды жағажайда тұрғызылған қонақ үй болып табылады. Халықаралық әуежайдан бар болғаны 15 минут автокөлікпен жүресіз. Қонақ үйде барлығы 457 нөмір бар. Нөмір түрлері: стандарт бір орынды, екі орынды, үш орынды, Deluxe, Suites. Бөлмелердің аумағы 36-80 м². Бөлмелерде: балкон, спутниктік теледидар, әжетхана, ванна, тоңазытқыш, мини бар, салқындатқыш, сейф, телефон, радио. Қонақ үйде өзге де: ТВ бөлме, ойын бөлмесі, дискоклуб, терраса, лифт, сыйымдылығы 1000 адамдық 3 конференц-зал, бизнес орталығы [57]. Тамақтану жүйесі «барлығы қосылған».

Қонақ үйдегі тегін қызметтер:



  • тәулік бойы қызмет көрсету;

  • темекі шекпейтін адамдарға арналған бөлме;

  • мүгедек адамдарға арналған бөлмелер мен құрал-жабдықтар.

Ақылы қызметтер:

  • автотұрақ;

  • әуежайға дейінгі автокөлік;

  • администратордағы сейф;

  • автокөліктерді жалға алу;

  • ақша айырбастау пункті;

  • дүкендер;

  • шаштараз;

  • дәрігер шақыру.

 

Сурет 33. Royal Wings 5* қонақ үйі



Cornelia Diamond 5*қонақ үйі (сурет-34) – 2008 жылы салынған, ауданы 200 000 м². Қонақ үй отбасылық демалысқа өте қолайлы. Анталия әуежайынан 35 шақырым қашықтықтағы, Белек қаласында орналасқан. Жағажайдың ені 55 метр, ұзындығы 250 метр. 5 конференц зал, аудандары 475 м², 1900 м², 2302 м², 2069 м² болатын 4 ашық бассейн, 311 м² болатын бір жабық бассейн, 50 көлік сиятын жабық автотұрақ, кітапхана бар. Барлық қызметтер толық қамтылған. Барлығы 571 бөлме, оның 499-ы стандарт, 18 кішкентай балалары бар отбасыларға арналған бөлме, 6 Diamond Suite, 20 Golf Suite, 4 Blue Suite, 1 Presidential Suite, калганы виллалар.

Сурет 34. Cornelia Diamond 5* қонақ үйі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет