Кіріспе зерттеудің өзектілігі


Апостолдар шіркеуі “Мшо Аракелоц”



бет6/9
Дата14.09.2017
өлшемі6,81 Mb.
#32100
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
12. Апостолдар шіркеуі “Мшо Аракелоц”
13. «Жеті шіркеу» Варагаванк
14. Исаак-Паша сарайы
15. Ибрагим Паша мешіті
16. Карс қамалы
17. Фатиха мешіті
18. Чатал-Гуюк
19. Деринкую жерасты қаласы
20. Антикалық Хиераполис
21. Бодрумдағы Мавзолей
22. Дидимея Аполонның храмы

23. Генуэ қамалы

24. Измирдегі Агора

25. Ежелгі Троя

26. Ескі қала Ассос

27. Ежелгі Бергама (Перғам)

28. Көк мешіт

29. Әулие София соборы

30. Бейлербей Сарайы



Ежелгі қала Демре немесе Мира. Бұл қалада Патрадан шыққан Николай (Николай Чудотворец) оқыған және қалалық эпископ болған. Ол б.з. 343 жылы қаза тапқан соң осы қаланың жергілікті шіркеуіне жерленеді. Оның мүрдесі ұрланғанша және италияның Бари қаласына көшіргенше бұл жерде 1087 жылға дейін тұрады. Көп христиан адамдар оны әулие деп есептейді. Сондықтан осы жерге келіп тағзым ететіндері де бар. Қалада өзге де әртүрлі мозайкалармен өрнектелген, ликиялық күмбездер бар.

Алания қамалы. Қамалды XIII ғасырда Алладин Кейкубид сұлтан салғызған. Ғимарат 12 жыл салынған. Қамал соның құрметіне аталған. Қырылыс өте кең ауқымды алады. Жүзге жуық мұнаралар және жүз елуге тарта бастиондар кездеседі. Ал қамалдың ішкі жағында көптеген құнды ескерткіштер бар. Олар: Ақшабе Султунның жерленген орны, Ұлы Сүлейманның (Сулейман Великолепный) мешіті, қамалдың негізін қалаған сұлтанның сарайы, т.б. бұл ғимарат тек өзінің көлемінің үлкендігімен ғана емес, сонымен қатар өзінің бай тарихымен, құпияға толы жұмбақтарымен ерекшеленеді. Қамал жанында түрік өнерінің асыл қазыналары және археологиялық олжалар орын алған мұражай орналасқан.

Сиде аркалы қақпалары. Сиде қаласының гүлденген кезі Рим империясының басшылық еткен кезі болып табылады. Дәл осы кезеңде көптеген ескерткіштердің негізі қаланған. Осы күнге дейін Рим империясының және оның басшыларының күші байқалады. Аркалы қақпалар император Веспасианның құрметіне салынған. Ал қазіргі таңда қаладағы басты ескерткіштердің бірі болып табылады. Қақпаның биіктігі 6 метрді құрайды. Қақпаның екі жағында мұнара бар. Қақпа қабырғаларында қуысты аркалар салынған. Онда бұрын император мүсіні қойылған. Қақпаның ортасынан басты көше өтеді.

Фаселис үйінділері (руины Фаселиса). Фаселис – ежелгі Ликия қаласы. Қаланың негізі б.з.б. VII ғасырда қаланған. Родос аралынан келген отарларға Лакаиос билеуші салғазған. Жерорта теңізіне еніп жатқан түбекте орналасқан. Қала Кемер мен Текирова қалаларының аралығында жатыр.

Бастион – соғыстық маңызы бар бес бұрышты бекініс, әскери қамал. Қамалды коршаған керегелер бойында оқ ататын орындары бар. Бүгінде ол ескі бекініс болып есептеледі.

Көгілдір мешіт немесе Сұлтанахмет мешітіСтамбулдағы ірі және көрікті мешіттердің бірі. Мешітте 6 мұнара бар. Төртеуі бірқалыпты, ал алдыңғы екеуі биігірек. Ислам және әлем архитектурасындағы ұлы туындылардың бірі болып саналады. Ол Мәрмәр теңізінің жағалауындағы, көне тарихымен танымал Сұлтанахмет ауданында, Аль-Софья мешітіне қарсы орналасқан. Мешітті 1609 жылы 19 жасар Сұлтан Ахмед I салғызған. 1616 жылы салынып бітеді. Архитекторы Седефкар Мехмет Ага. Мешіт қала нысандарының біріне кіреді. Мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген. Ол № 356 нысан болып тіркелген. 1953-1976 жылдары айналымда болған Түркияның 500 лирінің банкнотында бейнеленген.

Артемида храмыәлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қаласында салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға тапсырылды. Ол құрылыс орнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады. Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдің туған күні Эфес тұрғыны Герострат деген біреу храмды өртеп жіберді. Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып Артемида храмы және оны жоюшы болып Герострат аты қалды.

Аспендос Амфитеатры Анатлиядан жарты сағаттық жерде. Жиырма ғасырға жуық тарихы бар ескі қала. Ең басты құндылығы – амфитеатр. 155 жылы Марк Аврелий билеп тұрған кезде архитектор Зенон салған. Диаметрі — 96 метр. Сыйымдылығы — 7000 адам. Бұл жердегі акустикалық үндер өте керемет. Оның құпиясы әлі де жұмбақ.

Әулие София Соборы IV ғасыр архитектурасына жататын ескерткіш. Христиандық мозайкалармен, скандинавиялық руналармен безендірілген. 1935 жылы мұражайға айналды. 1992 жылы бұл собор ЮНЕСКО-ның «Әлемдік Жәдігерлерінің тізіміне» енген. Собор 324-337 жылы византиялық император Константин I салғызған болатын. Күмбездерінің диаметрі 31,36 метр, биіктігі 55,60 метр.

Адриан қақпалары. Қазіргі кезге дейін жақсы қалпында жеткен антикалық ескерткіш. Бұл қақпалар біздің заманымыздың 130 жылы салынған. Құрылыс рим императоры Адрианның келуіне орай тұрғызылды. Адриан аркалары уақытты ажыратушы секілді мағына береді. Себебі қақпаға бетіңізді беріп тұрсаңыз, арқа жағыңыздан қазіргі Анталияның жаңа магистралі өтеді. Ал қақпаның арғы жағынан Атталея немесе ескі Анталия көрінеді. Екі уақыт аралығы осы керемет қақпалармен бөлініп жатыр. Қақпалар аппақ мәрмәрдан салынған, биіктігі екі қабатты үймен тең.

Перге (Перга) ескі қаланың қалдығы. Анталия қаласынан 18 шақырым, Аксу ауылынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Аңызға сүйенсек, қаланың негізін Троя соғысынан кейін, теңізден 11 км қашықтықта Калхас қалаған. Б.з.б. VII ғасырда қала Лидиялықтардың, б.з.б. VI ғасырда парсылардың, б.з.б. 333 жылы Александр Македонскийдің қол астына өтеді. Соңында б.з.б. II ғасырда Римдіктердің қарамағына өтеді. Византия империясының кезінде қала маңындағы жерлер батпақты жерге айналған. Сол себепті тұрғындар қаланы тастап кетеді. Қаладағы басты құндылықтың бірі – 12 000 адамдық, II ғасырда салынған амфитеатр. Перге сөзін аударғанда «биік» деген мағынаны береді.

Измирдегі Агора. Агора – ежелгі грек қалаларындағы базар алаңы. Измирдегі агора римдіктердің кезеңінен б.з.б. II ғасырдан бері сақталып қалған. Бірақ агораның басты құрылысын б.з. 178 жылғы жер сілкінісінен кейін рим императоры Марк Аврелий қайта салады. Агора тек қана базар емес, сонымен қатар қарым қатынас алаңы десе де болады. 1932-41 жылдары бұл жерде қазба жұмыстары жүрді.

Ежелгі Троя қаласы. Әртүрлі кезеңдерде өзі туралы фильмдер түсірілген хикаялары, аңызға айналған соғыстары және махаббатымен танымал бұл ежелгі дәуір қаласы Дарданел бұғазының кірісінде 150 метрге 200 метр биіктігіндегі Хисарлық түбегінде орын алады. Осы жер ежелгі дәуірдің ең үлкен бөлшектенуі ретінде белгілі шығыс пен батыс қақтығыстарының символына айналған Троя соғысы, бұл соғысты түсіндірген және Гомердің әлем әдебиетіне із қалдырған атақты шығармасы «Илияда мен Одиссей» және Рим қаласының құрушысы ретінде қабылданған Енейдің де отаны болып қабылданады.

Деринкую жер асты қалашығы. Археологтар 1963 жылы Анкараның оңтүстік-шығысынан екі бірдей үңгір қала
орнын тапқан болатын. Олар қалалардың біріне – Каймаклы (сол жерге жақын орналасқан ауылдың құрметіне), екіншісіне – Деринкую деген атау тақты. Деренкую түрік тілінен аударғанда «терең құдық» дегенді білдіреді. Қала 55 метр тереңдікте, 16 км² аумақты алып жатыр. Негізі 20 қабатты деп жорамалданған қаланың әзірге 8 қабаты ашылды.

Ғалымдардың айтуынша, адамдар бұл жерлерді VIII және IX ғасырларда-ақ мекендей бастаған. Жер асты қалаларында таңғажайып шіркеулер, кітапханалар бар. Бұл жерге өтетін жолдар жер бетіндегі үйлердің ішіне жасырылған. Сондай-ақ зерттеушілер Деринкую қаласына бір мезгілде 50 мың адамның сыйып кететіндігін айтып, әлем халықтарын таң қалдырып отыр. Деринкую Түркиядан 29 шақырым жердегі Каппадокия ауданына қарасты аумақта орналасқан. 1965 жылы туристерге келуге жол ашылды. Жер асты қаласын тұңғыш ашушы – Демир мырза. Ол бір күні өзінің жертөлесін ашпақ болғанда, есіктің жанында біртүрлі ойықтың тұрғанын байқайды да, сол жерді қаза келе Демир мырза сол кішкентай ойық арқылы Деринкую қаласын тауып алады. Деринкую қаласы құрылысы өзгеше құдықтарымен ерекшеленеді.



Ежелгі Термесос. Анталиядан небары 30 км жерде екі тау жотасының аралығында орналасқан. Ең басты жәдігері антикалық театр. Көрермен орындары тау жартастарында ойып жасалынған. Бұл қала Александр Македонскийдің шапқыншылығына қарсы тұрады. Жеңілісті көтере алмаған Александр осы жердегі зәйтүн алқаптарын өртеп жібереді. Термессос қаласында Кадифе қамалы бар. Македонский Термессосты «Қыранның ұясына» теңеген.

Бейлербей сарайы. Сұлтандардың жазғы ордасы. Босфор бұғазының жағалауында орналасқан. Сұлтан Абдулазиздің тапсырыс бойынша 1861—1865 жылдар аралығында салынған. Осман империясына келген қонақтар осы сарайда жаз мезгілдерінде тоқтаған. Қазіргі таңда сарай күнде 09:00-16:00 сағаттарда ашық болады.

Бодрумдағы мавзолей. Галикарнастағы Мавзолей карий билеушісі Мавсолдың белгі ескерткіші. Б.з.б. IV ғасырда Мавсолдың жары Артемисий III бұйрығымен салынған. Қазіргі Бодрум қаласында. Мавзолей құрылысы Мавсол қаза таппай тұрғанда б.з.б. 353 ғасырда басталған. Мавзолейдің жобасына Артемисий грек архитекторлары Сатира мен Пифейді, сәулетшілер Леохар, Скопас, Бриаксидты шақыртады. Мавзолейдің биіктігі 45 метр, периметрі 30х40 м.

Генуэз қамалы. Чешме қаласының ортасында орналасқан, XIV ғасырда салынған. Сол жылдары елді Сұлтан Баязет II биледі. Қамалдың негізін Родостық батырлардан қорғану үшін салған да осы сұлтан еді. XVII ғасырда венециалықтардың шабуылынан қираған болатын. Көп уақыт өтпестен қорғанды қайта қалпына келтіреді. Ал қазіргі таңда қамал археологиялық мұражай. Мұражайдың экспонаттары ежелгі Еритрея қаласын қазу барысында табылған олжалар болып табылады. Осы жердегі ашық театр астында жыл сайын халықаралық фестиваль өтеді.

Рекреациялық ресурстардың пайдалану мүмкіндігіне қарай жоғарыда аталған ресурстарды әр түрлі аудандарға бөліп қарастырсақ болады. Жерорта теңізі жағалауы мен Кіші Азия түбегінің батыс аумағында жағажайлар көптеп кездеседі. Оған себеп жылы климат. Ал ішкі аудандарда, яғни Анадолы таулы қыратында таулы рельефтің атқаратын рөлі үлкен. Себебі, бұл жерде эндогендік және экзогендік процестердің әсеріне ұшыраған таулар өте әдемі көрінеді. Және бұл таулы аумақтарда тау шаңғы туризмі мен спелео туризм жақсы дамыған.

Адамзат тарих сахнасына шыққаннан кейін және бүгінгі күнге дейін өзінің қоректенетін орнын ізгілендірді, сонысымен өзінің артына болашақ ұрпақ үшін мәдениеттің  шедеврлерін (інжу-маржандарын) қалдырды. Құндылықтарды барлық адамзаттың ортақ мұрасы ретінде қарастыру қарастырылған. Оларды жалпы өткеннің және болашақ ұрпаққа таныстыру және беру үшінПарижде 1972 жылы ЮНЕСКО-ның 16 Бас конференциясында «Бүкіләлемдік Мәдени және табиғи Мұраны қорғау туралы» Конвенция қабылданды.

Түркия конвенцияны 23 мамыр 1982 жылы бекітті. Бүкіләлемдік мұра Тізімін UNESCO жанындағы Бүкіләлемдік мұра Комитеті анықтады, оның сақталуына олар орналасқан елдегі мемлекеттің тарапынан кепілдік берілді, тізімге әлемдік маңызы бар табиғи және мәдени құндылықтар енгізілді. Конвенцияның негізгі міндеті –  табиғаттың, тарих пен мәдениеттің маңызды ескерткіштерінің сақталуы үшін әлемдік көлемде жағдайлар жасау және айқындау.

Бүкіләлемдік мұра тізіміне 2011 жылдың аяғында әлемнің 148 елінен 639 объекті кіреді. Олардың 725 – мәдениет  объектілері, 183 табиғат объектілері және 28 аралас типтегі объектілер. UNESCO-ның Бүкіләлемдік мұра тізімінде Түркияда орналасқан 11 объекті бар, ал 37-сы бекітуді күтіп тұр. Бұл жарияланым Түркияның Туризм және мәдениет министрлігінің Бас Директоратының көмектесуімен UNESCO мәдени мұрасының объектілерін болашақ ұрпаққа беру және маңыздылығын көтеру, таныстыру мақсатында дайындалды [35].

Түркиядағы Бүкіләлемдік мұра қатарын енгізілген нысандары:

1. Стамбулдың тарихи аудандары

2. Сафранболу қаласы

3. Хаттусас ескі қаласы – Хеттердің астанасы

4. Едирне қаласы, Селимие мешіті

5. Немрут-Даг тауындағы археологиялық табылған олжалар

6. Ксанф-Летоон – ескі Ликияның астанасы

7. Дивриги қаласындағы мешіт пен госпиталь

8. Троя археологиялық ескерткіштері

9. Иерополис көне қаласы және Памуккале көздері

10. Гёреме Ұлттық саябағы

11. Каппадокия үңгір құрылыстары.



Сафранболу – Карабюк провинциясының қаласы және ең дамыған ауданы. Анкарадан солтүстікке қарай 220 шақырым, Қара теңізден оңтүстікке қарай 90 шақырым қашықтықта орналасқан. 1994 жылы 17 желтоқсанда Сафранболу және Түркияның өзге де тоғыз обьектісімен бірге ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасының тізімне енген. Қала өзінің классикалық архитектуралық ескерткіштерімен ерекшеленеді. Сафранболу аталу себебі осы жерде өсетін шафран гүліне байланысты (сурет-21).

Сурет 21. Сафранболу қаласының көрінісі



Қала басынан көптеген өркениетті басынан кешкен Пафлагония атты тарихи облыста орналасқан. Сафранболудың гүлденген кезі XIV ғасырдағы Осман империясына тұспа тұс келеді. Ол кезде қала Стамбұл мен Синоп арасындағы көпір болған еді. Қазіргі таңда қалада Фетхи Токер Гюзел атындағы дизайн мен өнер факультетері бар Сафранболу училещесі орналасқан.

Селимие мешітіТүркиядағы Эдирне қаласында орналасқан мешіт. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар қолына енгізілген. Ол № 1366 нысан болып тіркелген. 1568-1574 жылдар аралығында салынған. Ислам әлеміндегі архитектуралық жетістіктердің қатарына жатады. Елдегі ең үйлесімді мешіт. Бұндай кешендерді түріктерде külliye деп атайды. Оның ішінде емхана, мектеп, кітапхана және медреселер бар. Олар мешіттің айналасында орналасқан (сурет-22).

Сурет 22. Селимие мешіті



Хаттуса ежелгі Хетт хандығының астанасы. Қалашық Анадолыда Қызылырмак (бұрынғы аты Галис) өзенінің жағасындағы қазіргі аты Богазкале атты түрік ауылының жанында орналасқан. Анкара қаласынан шығысқа қарай 145 шақырым қашықтықта. Бұл қалашық 1834 жылы анықталған. Қазба жұмыстары 1906 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1906 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік жәдігерлерінің құрамына енген. Қалашықтың жалпы ауданы шамамен 160 гектарды құрайды [36].

Түркия – туристер қауымына Жерорта теңізінің суына шомылуға мүмкіндік беріп, жайлы әрі қайталанбас қонақ үйлерімен қарсы алатын мекен ғана емес, таңғажайып археологиялық құндылықтарымен аты шыққан мемлекет. Мұндай ескерткіштердің бірі ретінде Немрут-Даг тауларындағы ерекше барельефтерді атауға болады. Олар – І Антиох патшаның табыты қойылған ғибадатхананың қалдықтары. Бүгінде ғибадатхананы көруге мүмкіндік жоқ болғандығымен, барельефтердің қалдықтарын еш қиындықсыз тамашалай аласыз.



Зерттеушілер кезінде І Антиох патшаның табытын Аполлон, Зевс, Геракл, Антиох сынды құдайлардың алып мүсіндері және арыстандар мен бүркіттердің ескерткіштері қоршап тұрғандығын айтады. Мүсіндердің биіктігі 25-30 метрді құрайды. Алдарыңыздағы «тас бастарға» қарап, олардың әдейі құлатылғандығын байқауға болады. «Ашық аспан астындағы мұражайды» ең алғаш тапқандар крест жорығына қатысушылар екен. Немрут-Даг деген атаудың өзі католиктік жазбаларда кездеседі (сурет-23). Дәл қазіргі таңда бұл тау – мемлекеттің негізгі туристік орталықтарының бірі. Егер «ашық аспан астындағы мұражайдың» куәгері атанғыңыз келсе, сіз үшін ең ыңғайлы кез мамыр және қазан айларының аралығы болмақ. Мұнда келген «жиһангездеріміздің» ең сүйікті істері - күннің батуы мен шығуын тамашалау болып табылады [37].

Сурет 23. Немрут-Даг тауындағы ескерткіштер.



Иераполис немесе Хиераполис – ежелгі қалашық. Түркияның Денизли қаласынан 17 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда Иерополисті Памуккале деп атайды. Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі. Иерополистегі ең алғашқы құрылыс б.з.б. 2 мыңжылдықта болған. Пергам Евмен II патша б.з.б. 190 жылы жаңа қаланы салғызған және оны Иераполис деп яғни «қасиетті қала» деп атаған. Қала жер сілкіну кезінде қирап, кейіннен қайтадан салынған. Б.з.б. 133 жылы Рим қарамағына өтеді (сурет-24).

Қала христиан дінінің тарауына маңызды рөл ойнаған. Бұл қалада 12 апостолдың бірі әулие Филипп қаза тапқан. 395 жылы қала Византия қарамағына өтеді. Ұлы Константин патша билеп тұрған кезінде қаланы Фригияның астанасы және эпископтықтың орталығы етеді. Қала 1210 ақырғы рет түріктердің қол астына көшеді. 1354 жылғы жер сілкінісінен қала қирайды. Иерополистегі ең алғашқы қазба жұмыстары 1887 жылдан басталады [38].



Кездесетін ескерткіштер:

Клеопатра хауыздары – минералды ыстық сулары бар хауыздар;

Театр – Түркия жеріндегі ертеден сақталып қалған театрлардың бірі. Сыйымдылығы 12 мың адам;

Аполлон храмы – қаладағы ірі храмның қалдығы;

Травертиналар – ірі әктасты құрылымдар.

Сурет 24. Иераполистегі ежелгі театр



UNESCO Бүкіләлемдік мұраның Түркиядағы объектілер тізімі [39]:

1) Эфес


2) Караин үңгірі
3) Панагия Сумела
4) Алахан Монастыры
5) Демредегі Әулие Николай шіркеуі
6) Харран и Шанлыурфа
7) Ертедегі жерленген жерлер, Ахлат қаласындағы урартиялық және оттомандық қамал
8) Цитадель және  Диярбакыр қаласының қалалық қабырғасы
9) ДогубаязиттенДенизлиге дейінгі сельджуктер дәуірінің Керуен сарайы
10) Конья — Сельджуктер Сұлтанатының астанасы
11) Аланья
12) Мардин
13) Сагалассос қаласының археологиялық ескерткіштері
14) Ертедегі ликия қалалары
15) Афродизиас қаласының археологиялық ескерткіштері
16) Термессос ұлттық паркі
17) Кекова аралы
18) тегі Ицхака-паша сарайы
19) Тарсустегі Әулие Павел шіркеуі
20) Көне сельджук қалалары және Бурса и Кумалыкызык елді мекендері
21) Перге қаласының археологиялық ескерткіштері
22) Бейшехиредегі Эшрефогуллары мешіті
23) Гёбекли-Тепемегалитикалық ескерткіші
24) Антакьедегі  Әулие Петр шіркеуі
25) Бергама
26) Айзаной антикалық қаласы
27) Ани тарихи қаласы
28) Зевгма археологиялық орны
29) Гордион
30) Бирги тарихи қаласы
31) Гекатомнуса кесенесі
32) Бечин орта ғасыр қаласы
33) Нигде қаласының тарихи ескерткіштері  
34) «Есемек» карьері және мүсіндік шеберханасы
35) Одунпазары тарихи қала құрылысы
36) Мамуре қамалы
37) Хаджи Бекташ-и Вели мұражайы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет