2.4 Кіші Азия түбегінің халықаралық туризмдегі маңызды рекреациялық нысандары
Анталия. Бұл өзі аттас шығанақта орналасқан ірі курортты орталық. Аңыз бойынша б.з.б. II ғасырда Перғам патшасы Атталос II өзінің уәзірлеріне жер бетіндегі ең әдемі жерді табуға бұйрық береді. Уәзірлерге бұл жерді табу қиынға соқпайды. Бұл қала билеушінің құрматіне Атталей деп аталады. Ал қазіргі атын, яғни Анталияны ол XIII ғасырда алады. Анталия қаласынан 15 км қашықтықта айнала анық көрінетін Тюнектепе (холм) төбесінде туристік кешен орналасқан. Бұл ескі қалада Мермерлі дейтін шағын жағажай бар. Шығысқа қарай 12 км қашықтықта Лара жағажайы, ал батыс бөлікте үлкен құмды Конья алтын жағажайы орналасқан. Небәрі 15 км созылған Дюден өзенінен екі сарқырама ағады. Жоғарғысы Юкары Дюден Шелелеси 14 км солтүстік батыста, ал төменгісі Ашагы Дюден. Қаладан 18 шақырым жерде тағы бір Куршунлу сарқырамасы орналасқан. Дальян қаласының Оңтүстік батысындағы Султание термалды сулары құрамында кальций, темір және басқа да тұздарға бай ыстық минералды су мен балшық тізбегін құрады [58].
Памуккале. Денизли провинциясынан 19 шақырым қашықтықта Кіші Азия түбегінің ең көрікті жерлерінің бірі Памуккале орналасқан (сурет-35). Оны осы түбекті мекендейтін адамдар «әлемнің сегізінші кереметі» деп те атайды. Памуккале сөзін қазақшаға аударғанда «мақталы сарай» дегенді білдіреді. Тау өзінің қайталанбас формасын осы жердегі карбонатты және басқа да қоспалары бар бұлақтардың арқасында алған. Әктасты тұнбалар жартастарда көз шағылыстырар ақ каскадтар мен террасалар – тревертиндер түзеді. Әрбір терраса жиегі құбыр секілді болып келген қауыздар түзеді. Ол қауыздың ішіндегі су +37ºСтан төмен түспейді. Бұл сулардың емдік шипасы бар екенін жергілікті тұрғындар ертеден біледі. Аңыз бойынша осы суға бір шомылған адам жасарады делінеді. Бұл тек аңыз ғана. Бірақ дәрігерлердің зерттеулері бойынша бұл жердегі сулардың адам ағзасына және терісіне пайдасы көп екені анықталған. Оның нақты дәлелі мұндағы ыстық бұлықты сулар ревматизим, салқын тиулерді емдейді [59].
Памуккаленің жанында б.з.б. II ғасырда негізі қаланған ежелгі қала Иераполис орналасқан. Мұнда Клеопатраның хаузы деп аталатын термалды бұлақ бар. Бұл қалада римдік моншалар, амфитеатр, Аполлонның храмы бар.
Памуккале мен Иераполис аумағы қосылып ұлттық парк болып табылады.
Денизли қаласынан шығып, Бурдур қаласына 20 шақырым қалғанда Каклик үңгірі бар. Немесе оны «подземное памуккале» деп те атайды. Бұл шағын ғана үңгірге тік баспалдақтар апарады. Үңгір ішінде тура Памуккаледегідей аппақ террасалар және кальцилі сулар. Тек соның кішірейтілген нұсқасы. Жоғарғы бөлігінде субұрқақ, минералды сулармен бассейн және тасбақалары бар өте әдемі тоған бар [60].
Сурет 35. Памуккале
Мармарис қаласы Эгей мен Жерорта теңіздерінің тоғысқан жеріндегі Мугла провинциясына қарайды. Қаланың негізі қашан қаланғаны белгісіз. Бірақ б.з.б. VI ғасырда бұл қала болған және Фискос деп аталған. XVI ғасырда Сулейман тамаша Мармаристі Родос аралына басып кіру үшін плацдарм ретінде пайдаланған. Ал қазіргі Мармарис жағалауда бірнеше шақырымға созылып жатыр. Қаланың батыс бөлігінде қонақ үйлер көптеп орналасқан. Шығыс бөлігінде Сулейман пашаның кезінде салынған ортағасырлық қамал және демалуға арналған жағажай мен Гюнлюдже саябағы бар. Бұл осы жерде өсетін «гюнлюк» немесе «сигла» деп аталатын ағаштардың арқасында ауасы өте әдемі хош иістермен әрленген әлемдегі бірден бір орын [61].
Мармарис – желкенді спорт дамыған әйгілі орталық. Бұл жерде жыл сайын халықаралық желкенді регат өткізіледі. Яхталарды экипажбен немесе жеке өзіңізге жалға алуға жағдайлар жасалған. Сонымен қатар «көк сапар» деп аталатын бағдарлама осы жерге келген туристерді жағалаумен «гюлет» кемелерімен тамашалатады.
Мармарис – Түркиядағы сүңгіп жүзудің орталығы. Мармарис жағалауы құмды. Және шомылу, демалу маусымында қала тұрғындарының саны екі есеге дейін ұлғаяды. Керемет жағажайлар Мармарис қаласынан 8-20 шақырым қашықтықтағы Ичмелер және Турунч ауылдарында кездеседі. Турунч жағажайы теңіздердің тазалығы жөнінен Еуропалық одақтың «Көк жалау» сертификатымен марапатталған [62].
Дальян, Кёйджегиз көлін теңізбен жалғастырып жатқан өзі аттас өзеннің жайылмасында орын тепкен шағын демалыс қалашығы (сурет-36). Мұнда туристердің ағылып келу себебі оларды тасбақалы жағажай Изтузу қызықтырады.
Сурет 36. Дальян
Мұнда сирек кездесетін Каретта-Каретта тасбақалары мекендейді. Және емдік балшықтар, ертедегі Кауностың үйінділері, ликиялық күмбездер кездеседі. Таза құм, өзеннен келетін таза су мен теңіздің тұзды суы үйлесімділік жасап осы жерде Каретта-Каретта тасбақаларының ұя салуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ тасбақалардың бұл жерге келуінің өз мезгілі болады. Және олар тек түнде келеді. Егер сіз сол мезгілде бармасаңыз еш өкінбеңіз. Бұл жерден күнделікті ніл тасбақаларын көре аласыз. Егер жолыңыз болса үлкен тасбақаларды өзеннен де көруге болады (сурет-37).
Дальян өзенінің оңтүстік батысында Термальни Султание деп аталатын балшықты, ыстық бұлақты, минералды суларымен бассейн бар. Судың құрамы кальцийға, темірге тағы басқа тұздарға өте бай.
Сурет 37. Каретта-Каретта тасбақалары
Каппадокия. Каппадокия Анадолының орталығында орналасқан (сурет-38). Бұл аудан Ерджияс және Хасан тауларымен, Туз көлімен және Кызылырмак өзенінің даласымен қоршалған. Ассириялықтар бұл жерді катпатука деп атаған. Аударғанда «әдемі жылқылар елі» деген мағына береді.
Миллиондаған жылдар бұрын Эрджияс, Хасан, Мелендиз жанартауларының атқылауларының әсерінен лава, күл және басқа да тау жыныстары үстірттерді қалыптастырған. Күл жылдар өте келе туфқа айналған, ал эрозия жазықты, шатқалдарды, төбелерді тілімдеген. Осы процесстердің барлығы Каппадокияның қазіргі әдемі келбетін қалыптастырған.
Бұл жер ертеректе Еуропадан Қытайға баратын жол болған. Ұлы Жібек жолының тармағы осы жерде аяқталған. Каппадокияда қазіргі кезде ондаған жерасты қалалары табылып отыр. Қаланың жер астынан салыну себебі туф өте жұмсақ жыныс [63].
Сурет 38. Кападокия
Ihlara каньоны. Бұл таңқаларлық табиғи феномен вулкандық жолмен пайда болған Каппадокия даласын Мелендиз деп аталатын өзеннің тілімдеуі әсерінен пайда болған. Каньонның басқаша атауы «Перистрема». Каньон тереңдігі 100 – 150 метр. Бұл Кіші Азия түбегіндегі ең үлкен, ең терең каньон. Бұл жерге турстер тек қана каньонды емес, сонымен қатар Гюзельюрт ауылын да тамашалауға келеді. Бұл ауылда византиялық шіркеулер мен монастрьлар орналасқан (сурет-39).
Сурет 39. Ihlara каньоны
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, Кіші Азия түбегі Азия дүние бөлігінің ең батысқа қарай орналасқан түбегі. Бұл түбек басқа түбектерден айырмашылығы көп. Түбек толығымен Кіші Азия таулы қыратында орын алғандықтан бұл жерде жазықтар жоқтың қасы. Анадолы плитасы әрдайым қозғалыс үстінде. Сол себепті жер сілкінісі жиі болып тұрады. Тарихи қалалардың көпшілігі жер сілкінісі әрекетінен қирап қалған.
Жағалауын теңіз сулары шайғанмен, түбектің көпшілік аумағы субтропиктік белдеуге кіреді. Сондықтан да климаты құрғақ, жерортатеңіздік. Жаз өте ыстық және құрғақ болуының себебінен өзендер мен көлдер жаз маусымында кеуіп қалады. Көлдердің көпшілігі тұзды болғандықтан жергілікті тұрғындарға ауыз су тапшы.
Кіші Азия пайдалы қазбаларға бай емес. Олардың қоры елде өте аз. Тек темір, тас көмір қорлары жөнінен ғана дүние жүзінде жоғары көрсеткішке ие. Мысалы, тас көмір қоры жөнінен Азияда үшінші орынды алса, дүние жүзіндегі сынап қорының 1/4 бөлігі, яғни 25%-ы осы Кіші Азияға тиесілі Сондықтан да бұл жердің жергілікті халқы тек жағалауын шаятын теңіздерге, археологиялық, тарихи орындарға туристердің көптеп келуінен экономикасын жақсартып отыр.
Түбек жері шаруашылықпен айналысуға қолайсыз, пайдалы қазбаларға кедей болғанымен, органикалық дүниесі, орман ресурстары жер бетінде теңдесі жоқ. Бұл аймақ көптеген өсімдіктердің отаны болып табылады және өсімдіктердің 30%-дан астамы эндемик. Сонымен қатар құстарға өте бай. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында ұлттық саябақ мен қорықтар, қорықшалар ұйымдастырылған. Түбек аумағы Қазақстан аумағынан 5 есе кіші болғанымен, қорықтар мен қорықшалар саны біздің еліміздегіден 3 есе көп. Бұл Түркияның өздерінің табиғатына, тарихына немқұрайлы қарамайтындығын білдіреді.
Түркия туризмі – елдегі экономиканың басты саласы болып табылады. Түбекте туризм дамуы үшін табиғат жағдайы өте қолайлы. Туристік-рекреациялық обьектілерінің әсемдігі және көптігі жөнінен алдыңғы орындарды иеленеді. Оған мысал, елде ежелгі рим, грек империяларының жұрнағы болып қалған ескерткіштер, таулы, жағалаулы әсем табиғат, ыстық минералды бұлақтар, емдік батпақтар. Осы құндылықтарды тиімді пайдалана біліп отырған Түркияның қызмет көрсету саласы, туризм инфрақұрылымы өте жоғары деңгейде және ұсынылатын қызметтердің бағалары да төмен.
Кіші Азия туризмін дамыту мақсатында көптеген елдердің туристік компанияларымен байланыс орнатқан. Оның ішінде Қазақстан да бар. Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық туристік фирмалардың турпакеттерінің ішінен міндетті түрде Түркияны кездестіре аламыз. Турпакеттерге жоғары жұлдызды қонақ үй, тамақтану, чартерлік рейстер, қызмет көрсету барлығы кіреді. Бағасы өзге елдермен салыстырғанда төмен. Жұмыстың қосымшасында өзен, көлдердің кестелері берілген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Есназарова Ұ.Ә., Темірбеков А.Т. Түркі тілдес елдер географиясы. – Алматы, 2011.
2 Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы(Африка, Еуразия). – Алматы.: «Мектеп»,1984.
3 Каймулдинова К.Д. Топонимика. – Алматы, 2011.
4 Смирнова Н.П., Шибакова А.А. Материктер мен елдерде (Оңтүстік және Солтүстік Америка, Еуразия). – Алматы.: «Мектеп»,1979. б.
5 Әлімжанова А. Қызықты география. – Алматы.: «Таймас», 2011.
6 Борзенко А.Е., Борзенко А.Е. Турция. Самостоятельные путешествия. – Москва.: Вильямс, 2005.
7 Географический справочник ЦРУ: Новейшая информация о всех странах и территориях мира. Перевод с английского М. Леонович. Екатеринбург, 2004.
8 Чихачев П.А. Письма о Турций.– Москва, 1960.
9 Котляков В.М. Географический-энциклопедический словарь: географические названия. – Санкт-Петербург, 2003.
10 Бейкер Д. История географических открытий и исследований, перевод с английского Магидович И.П., Москва, 1950.
11 Матвеев С. Турция. Физико-географическое описание. – Москва, 1946.
12 Семенов В. Поездка в малую Азию. – Москва,1968.
13 Бірмағанбетов Ә., Мамырова К. Географиялық сөздік. – Алматы.: «Рауан», 1992.
14 Әубәкіров Ж. Орысша қазақша географиялық түсіндірме сөздік. – Алматы.: «Ғылым», 1976.
15 Баяндин Н. Саяхатшылар ізімен. – Алматы.: «Қазақстан», 1966.
16 Атлас мира. – М.: «АСТ-ПРЕСС ШКОЛА», 2005.
17 Энциклопедический словарь Ф.А. Брокгауза и И.А. Ефрона. — С.-Пб.: Брокгауз-Ефрон. 1890—1907.
18 О. Г. Большакова "История Халифата", том третий "Между двумя гражданскими войнами, 656-696"
19 Малая Азия. Карта из исторического атласа Вильяма Шеферда, 1911 г.
20 Раушанов Е. Түркия құстары// Жас қазақ. – 2009. – 15 мамыр (19).–10 б.
21 Maps.google.com
22 Ермекбаев Н.Б., Койшыбаев Г.Т., Лама Шарлор К.К. «Қазақстан және әлем елдері». – Алматы.: Өнер, 2007. (241–243беттер)
23 Гачечиладзе Р.Г. Турция. – М.: Мысль, 1983. – 125 б.
24 Аксененко А.Г., Гасратян М.А., Данилов В.И., т.б. Турецкая Республика. Справочник. – М.: Наука, 1990. – 384 с.
25 Все столицы мира/ Авторы-сост. Зыкина О.В., Бурлуцкая Л.А., Гамперина Г.А. – М.: Вече, 2005. – 592 с.
26 Все страны мира/ Авторы-сост. Родин И.О., Пименова Т.М. – М.: Вече, 2004. – 623с.
27 Страны и народы/ сост. В.Б. Новичков. – М.: Педагогика-Пресс, 2000. – 712с.
28 Бозкурт, Е. Сатир, M. (2000) южная Menderes массива (западная Турция); геохронологиии эксгумации истории. GeologicalJournal, 35: 285-296.Геологическая Journal, 35: 285-296.
29 http://Mgimotc.com
30 http://www.hoeckmann.de/karten/europa/tuerkei/index-en.htm
31 vturkey.ru/park-kasnak-i-zapovednik-kush/
32 Райс, SP, Робертсон, AHF и Ustaömer, T. тектоническое развития Восточного Средиземноморья. Геологическое общество, Лондон, специальные издания, 260, Лондон, 2006. – 413-445.
33 www.best-turkey.ru/maps/
34 www.tourister.ru
35 Brinkmann, Roland, 1976, геологии Турции, Elsevier Научно Pub. Co ISBN 0-444-99833-0 Со ISBN 0-444-99833-0
36 DwivediSK, и Хаяси, D., 2010 год. "Моделирование современного поля напряжений и деформаций структуры восточной части Средиземного моря" //Journal of Earth Science Published by Springer. Журнал Наука о Земле Опубликовано Springer.
37GlobalPositioningSystemmeasurementsofpresent day crustal movements in the Arabia-Africa-Eurasia plate collisionzone, Journal of Geophysical Research , Vol..102, No. B5, pp. 9983–9999, 1997.
38 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
39 Bird Life International (2008). Egretta garzetta. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 9 February 2009. Database entry includes justification for why this species is of least concern.
40 В.И. Шеремет Турция и Адрианопольский мир. М.: Наука, - 1975. –
41 А.К. Джевилегов Армения и Турция М. 1946.
42 Р.Г. Гачечиладзе Турция М.: Мысль, - 1983
43 Алексеев Б.А., Алексеева Н.Н., Даньшин А.Н. Вся Азия: географияческий справочник. М.: Муравьей, – 2003.
44 В.И. Данилов «7000 километров по Турций» М.: Наука, – 1975.
45 Справочная карта «Турция» масштаб 1:2000000 указатель географияческих названий. Москва 1981
46 Ә. Бейсенова, К.Каймулдинова, С.Әбілмажінова, Ж. Достай География. Дүние жүзіне аймақтық шолу. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы.: «Мектеп», 2007 ж.
47 Т.Увалиев, Қ.Ахметов, Е.Ахметов, Қазіргі Дүние Географиясы: жалпы білім беретін мектептің қоғамдық гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы.: Мектеп, – 2007 ж.
48 Максаковский В.П. Географическая культура. М.:Экопрос, 1998 ж
49 Максаковский В.П. Историческая география мира: Учебное пособие для вузов. М.: Экопрос, 1997 ж
50 Максаковский В.П. Экономическая и социальная география мира. Методическое пособие. Книга для учителей. М.: Просвещение, 2004 ж.
51 Скопин А.Ю. Введение в экономическую география: учебное пособие для студентов вузов. М.:Владос, 2001 ж.
52 Страны и регионы мира: ЭЭкономико-политический справочник / Под ред. А.С. Булатова. М.: ТК Велби, Изд-во Порспект, 2005.
53 Ветитнев А.М., Журавлева Л.Б. Курортное дело Малой Азии: Учебное пособие. – М.: КНОРУС, 2006.-528 с.
54 Т.Б. Морозов Регионоведение М. «ЮНИТИ», 1998.-424 с.
55 В.И. Максаковский. I том, Географическая картина мира. – М.: Дрофа, 2004. – 495 с.
56 А.Ю. Дмитриевский. Туристкие районы мира. – Смоленс, 2000. – 351 с.
57 П.Преффер. Азия – М.: Прогресс,1982. – 148 с.
58 Обзорно-географический атлас мира. М.: 2006.
59 Справочно-географический атлас мира. – М.: Оникс, 2010
60 Генш К. Курорты мира. – М.: АСТ: Восток-Запад, 2007. – 347 с.
61 http://www.tophotels.ru/main/hotel/al32206
62 В.И. Випядина Региональная экономика. Основной курс. – М.: ИНФРА, 2005. – 686 стр.
63 http:// www/bodrum.gov.tr
Достарыңызбен бөлісу: |