1.2 Кіші Азия түбегінің табиғат ресурстары
Кіші Азия түбегінің табиғат ресурстары әлі де болса толық зерттелмеген. Соған қарамастан Кіші Азия түбегі аумағында 100-ден аса пайдалы қазбалардың түрлері кездесетіні анықталып отыр. Кенді, тау-химиялық, отын-энергетикалық кендер көптеп кездеседі (кесте-1). Ең бірінші хром, вольфрам, мыс, барит, мрамор, тас көмірді атап айтса болады. Кіші Азия түбегі аумағына дүние жүзіндегі сынап қорының 25%, хром кенінен капиталистік елдер арасында екінші орын, көмір қоры жөнінен Азия аумағында үшінші орынға ие. 100-ге жуық мыс кен орындары анықталған. Рудасыз пайдалы қазбалардан селитра, күкірт, мәрмәр, тұз, теңіздік қорлар кездеседі.
Мұнай, газ. Кіші Азия түбегінде 60 мұнай және мұнай-газ және 7 газ кен орны кездеседі. Кен орындар 4 мұнай-газ алабына бірігеді: Парсы шығанағы (түбектің оңтүстік шығысы), Адан (Искендерун шығанағы), Солтүстік Эгей, Батыс Қара теңіз (Қара теңіздің батыс жағалауы). Мұнай газ бассейндерінің басым бөлігі 58-і Парсы шығанағы бассейніне қарайды. Мұнай мен газ 1100-3300 метр тереңдікте қалыптасқан. Ең басты кен орындары: Раман, Шельмо, Бейкан, Куркан, Динджер, Хаккяри, Джемберлиташ. Мұнайлы Бурлудрдаг және газды Арсуз кен орындары Адан бассейніне қарайды. Мюрефте газ кен орны және 4 кішігірім мұнай кен орындары Солтүстік Эгей бассейнінде эоцендік құмдақтан 1200-1300 м тереңдіктен өндіреді. 2 мұнай кен орны Қара теңіз қайраңынан анықталған [25].
Көмір. Көмір қоры Кіші Азия түбегінде көптеп кездеседі. Кіші Азия жері Азияда тас көмірдің қоры жөнінен үшінші орын алады. Ең басты алабы түбектің солтүстігіндегі Зонгулдак бассейнінде кездеседі. Кішігірім көмір бассейні Кастамону ауданында 3 көмір алабын қамтиды: Куручешме, Максут, Сёгютёзю.
Кесте 1.
Кіші Азия түбегінің пайдалы қазбалары, млн т.
Ресурс түрі
|
Нақты барланған қоры
|
Игерілетін қорлар көлемі
|
Темір кені
|
1084
|
1200
|
Мыс кені
|
140
|
167
|
Хромит
|
17,3
|
100
|
Сынап
|
4,7
|
0,8
|
Боксит
|
50
|
4,3
|
Сурьма
|
0,24
|
0,1
|
Марганец
|
19,1
|
-
|
Қорғасын мырыш
|
49,3
|
5,1
|
Вольфрам
|
0,08
|
-
|
Отын-энергетикалық ресурстар
|
|
|
Тас көмір
|
2500
|
1376
|
Қоңыр көмір
|
3924
|
5931
|
Мұнай
|
690
|
900
|
Асфальтит
|
18
|
52
|
Уран
|
10
|
-
|
Таухимиялық, құрылыс материалдары
|
|
|
Күкірт
|
20
|
48,5
|
Борат
|
1000
|
…
|
Магнезит
|
35,9
|
13,4
|
Мәрмәр
|
1579
|
…
|
асбест
|
1,9
|
…
|
Қоңыр көмір Кіші Азия түбегінде кең тараған. 90-ға тарта кен орны барланған. Оның ірі қоры Анадолы қоңыр көмір бассейнінде шоғырланған. Түбектің оңтүстік-шығысындағы Эльбистан бассейнінің көмірі плиоцен кезеңінде қалыптасқан. Құрамындағы ылғалдың мөлшері 52%, күкірт 1,3%, күлі 20%, жанудың жылулығы 4,4 МДж/кг. Түбекте тағы да бұдан басқа Бурса (5 көмір алабы), Чанаккале (6 көмір алабы), Эрзурум, Конья, Мугла-Эскихисар, Сивас, Текирдаг көмір бассейндері бар.
Уран кені өте аз мөлшерде түбектің батыс бөлігінде кездеседі. Салихли-Кепрюбаши ауданында кендену миоценнің аллювиалды қорларына жол бермейді. Уран кен орындары Факылы, Кючюккую-Айваджикте барланған.
Кіші Азия аумағында бірнеше жүздеген темір кен орындары кездеседі. Оның 100-ге жуығы барланған. Экономикалық маңызы бары кен орындар қатарына жатады. Оның үлесіне барлық темір кенінің ½ үлесі тиесілі. Басты темір кен орындары: Дивриги, Аязмант, Ашван, Бизмишен, Кесиккёпрю, Кемалие, Чатак, Шамлы. Кіші Азия түбегіндегі ең ірі кенді орын Дивриги (Кюрек). Кен құрамы негізінен ваннадий, хром, титан, кобальт, мыс кендері араласқан магнетит-гематитті қосылыстар кездеседі. Гидротермалды жерлерде темір кенінің 15%-ы шоғырланған.
Мыс кендері көптеп кездеседі. Мыс кенінің көп шоғырланған аумағы түбектің солтүстігі болып табылады. Мысты цинкті, колчеданды, полиметалл кен орындары жоғарғы бордың вулканогендік жыныстары арасында кездеседі. Ең басты кен орындары: Кюре ауданындағы Ашикёй, Бакыбаба; Гиресун ауданындағы Харшит-Кёпрюбаши, Меркез, Лаханос; Мургул ауданындағы Мургул, Анаятак, Дамар, Чакмаккая, Чайели-Маденкёй, Фол-Маден қоры жөнінен ірі кен орындар қатарына жатады. Кен құрамында небәрі мыс 1,3-3,4%, кездеседі. Кен құрамында сонымен қатар кобальт, алтын, күміс бар.
Алтын кен орындары түбектің оңтүстік шығысында. Алтын палеозойдың слюдалы тақтатастардың арасында кездеседі. Мадендагы, Боздаг кен орындарында кен құрамындағы алтынның мөлшері 5 г/т, Араптаг кен орнында 3 г/т, ал күмістің мөлшері 48 г/т.
Кіші Азия түбегінде пайдалы қазбалардың түрлері көп болғанымен, олардың қоры мүлдем аз болуымен ерекшеленетін аудандар қатарына жатқызылады. Түбек тек темір, тас көмір қорлары жөнінен ғана дүние жүзінде жоғары көрсеткішке ие. Мысалы, тас көмір қоры жөнінен Азияда үшінші орынды алса, дүние жүзіндегі сынап қорының 4/1 бөлігі, яғни 25%-ы осы Кіші Азияға тиесілі [26].
1.3 Кіші Азия түбегінің қорғалатын аумақтары мен экологиялық жағдайы
Кіші Азия түбегіндегі ең алғашқы ұлттық саябақ 1958 жылы құрылған. Қазіргі кезде олардың саны 39 жетті (кесте-2). Кейбір саябақтар бастапқы кезде археологиялық және тарихи мақсатта құрылған болатын, биологиялық әр түрлілік те мұнда сақталған.
Дилек ұлттық саябағы (сурет-12). 1966 жылы құрылған бұл ұлттық саябақ Кушадасыдан оңтүстікке қарай 28 шақырым жерде Дилек тауының беткейінде орналасқан. Оның екінші аты Самсун деп аталады. Ең биік нүктесі 1229 метр. Саябақ ауданы 30000 гектар жерді алып жатыр. Бұл саябақ осы жердегі ертеден келе жатқан ерекше фаунаны сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Дилек саябағынан жабайы мысықты, сілеусін, шибөріні кездестіруге болады. Аталған жануарлар Кіші Азия түбегі бойынша тек осы жерде ғана сақталған. Бірақ, бұл саябақ туристерге жабық, себебі бұл жерде әскери база орналасқан. Дегенмен, арнайы жағажайлар салынған. Атап айтсақ, Каваклы Бурун, Айдынлык Кою, Карасу [27].
Кесте 2.
Кіші Азия түбегінің ұлттық саябақтар тізімі
|
Ұлттық саябақ аты
|
Құрылған жылы
|
Орналасқан аумағы
|
1
|
Йозгат
|
1958
|
Йозгат
|
2
|
Каратепе
|
1958
|
Османие
|
3
|
Согёксу
|
1959
|
Анкара
|
4
|
Улудаг тауы
|
1961
|
Бурса
|
5
|
Жети кол
|
1965
|
Болу
|
6
|
Кус жаннети
|
1959
|
Балыкесир
|
7
|
Олимпос Бейдаглары
|
1972
|
Анталия
|
8
|
Термессос Гёллёк таулары
|
1970
|
Анталия
|
9
|
Кепрюлю каньоны
|
|
Анталия
|
10
|
Гелиболу
|
1973
|
Чанаккале
|
11
|
Гранд Мендерес
|
1966
|
Айдын
|
12
|
Кызылдак таулары
|
1969
|
Ыспарта
|
13
|
Ковада көлі
|
1970
|
Ыспарта
|
14
|
Спил таулары
|
1968
|
Маниса
|
15
|
Илгаз таулары
|
1976
|
Кастамону
|
16
|
Башкамутан
|
1981
|
Афион
|
17
|
Немруттауы
|
1988
|
Адиаман
|
18
|
Алачахойук тарихы
|
1988
|
Чорум
|
19
|
Гереме
|
1986
|
Невшехир
|
20
|
Мунзур
|
1971
|
Тунджели
|
21
|
Алтындере
|
1987
|
Трабзон
|
22
|
Алтынбешик үңгірі
|
1994
|
Анталия
|
23
|
Карагёл
|
1994
|
Артвин
|
24
|
Хатила
|
1994
|
Артвин
|
25
|
Кардагы тауы
|
1993
|
Балыкесир
|
26
|
Хоназ таулары
|
1995
|
Денизли
|
27
|
Чанаккале
|
1996
|
Чанаккале
|
28
|
Бейшехир көлі
|
1993
|
Конья
|
29
|
Качкар тауы
|
1994
|
Риза
|
30
|
Мармарис
|
1996
|
Мугла
|
31
|
Аладаглар тауы
|
1995
|
Нигде, Адана
|
32
|
Сакликент
|
1996
|
Мугла
|
33
|
Арараттауы
|
2004
|
Игдыр
|
34
|
Гала көлі
|
2005
|
Эдирне
|
35
|
Куре тауы
|
2000
|
Кастамону
|
36
|
Султансазлыгы
|
2006
|
Кайсери
|
37
|
Игнеада Лонгос орманы
|
2007
|
Кыркларели
|
38
|
таулары
|
2004
|
Карс/ Эрзурум
|
39
|
Tek таулары
|
2007
|
Санлиурфа
|
Сурет 12. Дилек ұлттық саябағы көрінісі
Олимпос-Бейдаглары ұлттық саябағы (сурет-13) Анталия қаласынан бастысқа қарай 40-50 шақырым, Жерорта теңізі мен Бегдайлары жотасының аралығында орналасқан мемлекеттік саябақ. Ол Тавр таулы облысына кіреді. Жасыл орманды массив 3 белдеуге бөлінеді: таулы қылқан жапырақты ормандар; жағалық ормандар; альпілік шалғындар.
Сурет 13. Олимпос-Бейдаглары ұлттық саябағы
Сонымен қатар парк аумағының құрамына Кемер, Бельдиби, Гейнюк, Кириш, Чамьюва, Текировасияқты курортты зоналар, Фенике, Олимпос, Мира (Демре), Фаселиса деген археологиялық орындар, табиғи газ шығатын Тахталы тауы, Текировадағы форель балықтарын өсіретін ферма кіреді. Қорғалатын аумақта жоғары сатылы өсімдіктің 370 түрі, сүтқоректілердің 80 түрі, 90 қосмекенділердің, құстардың 110 түрі кездеседі.
Гереме ұлттық саябағы Учхисарадан (Каппадокия) 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Ашық аспан астында аумағы 300 км² болатын мұражай деп айтса да болады. Бұл жерден көптеген жартасты монастырлар кешені мен үңгірдегі қоныстар, 6 шіркеу, 20-ға тарта ауыл типтес қоныстар табылған. Гереме ұлттық саябағы Горгндере жазығымен бірге ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген.
Кепрюлю каньонының ұлттық саябағы (сурет-14) Анталья қаласынан шығысқа қарай 48 шақырымда, ескі Аспенд қаласынан онша алыс емес жерде орналасқан. 500 гектар аумақты алып жатқан бұл саябақтың басты көркі Кепрюлю шатқалы, Олук және Богрум римдік көпірлері болып табылады.
Осы жердегі кипарис, эвкалипт, фисташка, самырсын ағаштарында 100-ге жуық әдемі құстар тіршілік етеді. Оның ішінде Белектің символы болып табылатын кәріптас үкісі де бар. Табиғаты әсем бұл жерге Анталиядан алыстығына қарамастан, жазды күндері туристер көптеп келеді. Саябақ арқылы тау өзені Кепра ағып өтеді. Бұл асау өзен рафтингке өте қолайлы [28].
Памуккале ұлттық саябағыбүкіл дүние жүзіне әйгілі және де ЮНЕСКО-ның мұралары қатарына енгізілген. Құрамында кальций карбонаты бар, су температурасы +30ºС, +45ºС болатын ыстық термальды бұлақтар бұл жердің ең басты байлығы болып табылады. Памуккалені «Мақталы қамал» деп те атайды. Себебі тұзды сулар жартастарда ақ түсті іздер қалдырып, тастардың бетін жабады. Сондықтан да алыстан қарағанда үйіліп жатқан аппақ мақтаға ұқсайды.
Сурет 14. Кепрюлю каньоны
Куш көлі құс қорығы жағалаулық қала Бандырмадан 18 шақырымға оңтүстік-шығысқа орналасқан (сурет-15). 1938 жылы Карадере мен Коджачаяның атыраулары, сонымен қатар көлдің солтүстік-шығысындағы батпақты аумақты қорық деп жариялады. Содан бері бұл жер Еуропадан келетін құстардың қыстап шығатын орнына айналды. Бұл қорыққа келудің ең ыңғайлы мезгілі қараша және сәуір айлары болып табылады. Бұл кезеңде құстардың 239 түрінен 2 миллионға жуық құстар келеді.
Сурет 15. Куш көлі қорығы
Улудаг ұлттық саябағы Түркияның табиғаты ерекше қорғалатын аумақтарының бірі. Ірі қала Бурсадан небәрі 20 км қашықтықта орналасқан Улудаг массиві (2500-2551м) түгелімен қылқан жапырақты ағашпен жабылған. Табиғат жағдайлары ерекше, орташа жылдық ауа температурасы +16ºС болса да бұл жерде қараша мен сәуір айларының аралығында қар жатады. Ал кейбір жылдары үш метрге жететін қалыңдықта қар жауады. Сондықтан, бұл ауданда мемлекет қарамағымен қорғалатын ерекше табиғат кешені бар. Саябақта өсімдіктің 320 түрі, оның ішінде 20 түр жойылып бара жатыр, 90-ға жуық құстар, жәндіктердің 400, жыртқыштардың 20, көбелектің 16 түрі, оның ішінде жойылып бара жатқан түрі Парнасс аполлоны. Сонымен қатар саябақ аумағында Кіші Азия түбегіндегі ең ірі тау шаңғы курорттарының бірі орналасқан [30].
Чиглыкара қорығы Элмалы ауданында, Анталия қаласынан батысқа қарай орналасқан. Қорық ең алдымен өте сирек кездесетін ливан самырсыны мен түрік қарағайы ағаштарымен әйгілі. Бұл ағаш түрлері осы аумақта орман болып таралған. Тарихқа үңілетін болсақ, ерте кезеңдерде Анталиядағы ең жақсы кемелер осы самырсындардан жасалған. Самырсын ормандарымен қоса бұл жерде арша ағашының көптеген түрлері бар екені анықталған: биік, сасық, шағатын. Бұл ағаштар желдің әсерінен әр түрлі пішіндер түзген. Самырсын ағашының екі ерекше түрі: біріншісі "Baba Sedir" оның жасы мың жылға жуық, екіншісі "Koca Katran" жасы екі мың жыл. Ағаштардың биіктігі 25-30 метр болады. "Koca Katran" Түркияның табиғат ескерткіші болып табылады. Аумағы 15 889 гектар болатын бұл қорықта ағаштың 32 түрі, өсімдіктің 400 түрі кездеседі. Бұл ормандарда гиеналар, шибөрі, борсықтар, сусар, түлкі, тиын, сілеусін, шілдер тіршілік етеді.
Сюлюклюгёл қорығы Болу провинциясындағы Мудурну ауданында орналасқан. Аумағы 809 гектар жер. Қорық статусын осы жердегі орманды көлі мен сулы батпақты алқаптары үшін алған. Шотландық қарағай, шырша, шамшат, қайың, қандағаш, дірілдеуік терек ағаштары кездеседі. Қорықтың қайталанбас ландшафтысын көлдің ішінен өсіп тұрған ағаштар қалыптастырады.
Анталиядан солтүстік батысқа қарай 20 км қашықтықта, Дарым тауының баурайында таулы Дюзлермашы қорықшасы орналасқан. Бұл қорықшада негізінен сирек кездесетін тау ешкісі мен орман бұғылары қорғалады. Сонымен қатар бұл аумақтан Гек қорғанын, бірнеше терең каньондарды, әсем флорасы мен фаунасы бар Гюллюк табиғи саябағын және де көптеген үңгірлерді көруге болады [31].
Султансазлыгы қорығы немесе Султан батпағы. Кайсери провинциясында, Ешилхисар мен Яхбялы аудандарының аралығында орын тепкен. 1971 жылы қорық атауын алған. Аумағы 45000 гектарды құрайды. 4 әр түрлі батпақты жерден тұрады. Бұл қорық тек Кіші Азия түбегінде ғана емес, сонымен қатар Таяу Шығыс пен Еуропадағы ең үлкен және ең маңызды емдік батпақты жерлердің бірі болып табылады. Қорық аумағында әлемдік қорғауға алынған, жойылу алдында тұрған 300-ге тарта жыртқыш және сайрайтын құстар мекендейді. Құстардың бұл жерді мекендеуіне қолайлы жағдай бар. Қорықтың көп аумағы құрақты, қамысты болып келген. Зерттеулер бойынша бұл жерден моллюскалардың 25 түрі, теңіз балдырларының 125 түрі бар екені анықталған. Бұл жерде ұясын салатын құстар: кіші суқұзғын, сары аққұтан, бүркіт, үйрек, шүрегей, шағала, құр т.б.
Жоғарыда аталып өткен қорық, қорықша, ұлттық саябақтар, яғни табиғат эталонын қорғау мақсатында ұйымдастырылған аумақтармен қатар кіші масштабтағы қорғауға алынған жабық зоналарда бар. Олар жойылып бара жатқан, дүние жүзінде немесе Кіші Азия түбегінде сирек кездесетін жануарларлың немесе өсімдіктің түрлерін қорғауға алады. Бұл жануарлар көбейтіліп, белгілі бір деңгейге жеткен кезде табиғатқа жіберіледі.
Кіші Азия түбегінің аумағы небәрі 506 мың км². Соған қарамастан түбек жерінде 39 ұлттық саябақ, қорық және қорықшалар бар. Бір аумақта жойылып бара жатқан өсімдіктің не жануардың түрі қорғауға алынса, енді бір жерлерде табиғат эталонын, тарихи ескерткіштерді сақтау мақсатында құрылған және бұл аумақтарға туристер көптеп келеді. Және де кейбір көлдің немесе теңіздің жағасында туристердің демалуы үшін арнайы орындар жасалынған.
II бөлім КІШІ АЗИЯ ТҮБЕГІН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Кіші Азия түбегінде орналасқан Түркия географиясы
Кіші Азия түбегінде Түркия Республикасы орналасқан. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Европада елдің 3%-і немесе 23764 км², қалған 97%-і яғни 755 688 км² Азияда орналасқан. Батыстан-шығысқа қарай 1450 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 480 км созылып жатыр. Құрлықтағы шекарасының ұзындығы 2628 км, ал жағалық шекарасының ұзындығы 7168 км.
Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлықтарын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты. Түркия Республикасының батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады. Жалпы ауданы 783,562 км². Халық саны – 72 600 000 адам (2010 ж.) [32].
Түркия мемлекеті өз тәуелсіздігін 1923-жылы жариялаған болатын. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас. Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі (сурет-16).
Сурет 16. Түркиямен шекаралас мемлекеттер
Географиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия құрлықтың тоғысқан жерінде орналасуында. Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолдары өтеді. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі.
Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлы болып келетін жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан.Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмикалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.
Халқы.Тарих беттеріне жүгінсек, түріктер негізінен Алтай тауларының баурайында тараған деп есептеледі. Түріктерден шығысқа қарай монғолдар мекен еткен. Біртіндеп түріктер Орта Азияны мекендей бастайды.
Статистика институтының мәліметтері бойынша Түркия халқы 2008 жыл соңында 71 млн 517 мың адамды құраған. Ал қазіргі таңда халық саны 75 млн адамға жетіп отыр. Ал халық тығыздығы 1 км² жерге 97 адамнан келеді (сурет-17) [33].
Сурет 17. Түркияның халық тығыздығы картасы
Картадан көріп отырғанымыздай халық ең көп қоныстанған жерлер теңіз жағалаулары, ал Анадолының ішкі аудандарында (Анкарадан басқа) халық өте сирек қоныстанған.
Түркия негізінен Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет. Түріктер елдің небәрі 50%-ын құраса, яғни 35 млн, күрдтер 17,6 млн, қырым татарлары 6 млн, казактар 2,8 млн, черкестер 2,5 млн, босниялықтар 1,0 млн, арабтар 870 мың, поляктар 600 мың, амшендықтар 500 мың, сығандар 500 мың (сурет-18).
Аз диаспоралы ұлыстардан албандар, лазы, лезгиндер, абхаздықтар, шешендер, қарашай, еврей, ассириялықтар, абазиндер, гректер секілді көптеген ұлыстар мен ұлт өкілдерін кездестіруге болады.
Күрдтер Түркияның аумағында тұрса да армян халқы сияқты көп жылдан бері түріктермен тіл табыса алмай келе жатқан халық. Олар Шығыс Анадолының таулы аудандарын мекендейді. Тілдері жағынан парсы тіліне ұқсас. Өздерінің салт дәстүрлерін берік ұстанатын этнос. Иран және иракта тұратын күрдтер ел ішіндегі интеграцияны нашарлатады.
Тілі. Түрік тілі Алтай тілдерінің тобына жатады. 1928 жылы араб алфивитінен латын алфавитіне көшірілді. Ал 1930 жылы мемлекеттік тіл болып есептелетін осман тілі түрік тіліне ауыстырылды. 1928 жылы мемлекеттік дін ислам діні емес деп қабылданған заңға қарамастан елдің 99%-і өздерін мұсылманбыз деп есептейді. Оның ішінде сунниттер, шииттер, алавиттер. Заң бойынша діни киімдер киюге тыйым салынған.
Сурет 18. Түркия халқының этностық құрамы
Түркияның әкімшілік бөлінуі (сурет-19):
Эгей ауданы
Қара теңіз ауданы
Орталық Анатолия ауданы
Шығыс Анатолия ауданы
Мәрмәр ауданы
Жерорта теңіз ауданы
Оңтүстік-Шығыс Анадолы ауданы
Сурет 19. Түркияның әкімшілік-аумақтық бөлінуі.
Түркия мемлекетінің Қара, Жерорта, Мәрмәр, Эгей теңіздері жағалауларында дүние жүзіне әйгілі, халықаралық туризм саласы жоғары дейгейде, қызмет көрсету салалары әлемдік стандартқа сай жасалған, табиғаты әсем де тамаша, туристерді қызықтыратын, барлық туризм түрлерін дамытуға қолайлы климаттық жағдайларымен айрықша көзге түсетін көрікті демалыс, курортар салынған ірі қалалар орналасқан (қосымша Б, кесте-3).
Қорыта келгенде, Кіші Азия түбегінде қоныс тепкен Түркия елінің географиялық орны, халқының ұлттық және этникалық құрамы, курортты аймақтары дүние жүзінде маңызды орынға ие болып келеді.
2.2 Кіші Азия түбегіндегі рекреациялық ресурстардың таралу географиясы
Рекреация латын тілінен аударғанда rесrеаtіо - қалпына келтіру дегенді білдіреді. Яғни, адамның еңбек процесінде жұмсаған дене және рухани күштерін қалпына келтіру мен дамыту.
Рекреациялық ресуртарға мыналар жатады:
табиғат кешендері және олардың компоненттері: жер бедері, климат, су айдындары, өсімдік және жануарлар дүниесі;
мәдени-тарихи ескерткіштер;
инфрақұрылым мен еңбек ресурстарын қамтитын аумақтың экономикалық әлеуеті.
Кіші Азия түбегінде жоғарыда аталған рекреациялық ресуртардың барлығы да кездеседі. Рельеф – Анадолы таулары. Климат – теңіздік климат. Жоғары дамыған инфрақұрылым.
Түркия – табиғи әдемілігімен, бірегей тарихи, археологиялық мұрасымен туризмнің қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылымымен және қонақ үйі бизнесімен, өзінің дәстүрлі қонақжайлығымен және байыпты бағаларымен қонақтарды өздерінің күткендерінен де асыра қанағаттандырады. Түркия өзінің демалуға арналған кең спектрімен шын мәнінде көпшілікке танымал демалыс орындарының бірі деп атауға болады.
Түркияның ауыспалы географиялық жағдайлары бір күнде 4 түрлі климатты бастан кешіруге мүмкіндік береді. Үш жағынан үш түрлі теңізбен қоршалған елдің жағалауын тік төртбұрыш түрінде жағажайлар, аралдар, бұғаздар, шығанақтар, түбектер, желкенді кеме тоқтайтын айлақтар, жарты аралдар мен қойнаулар қоршаған. Жергілікті жердегі туристік белсенділікпен, жазы сегіз айға созылатын (Бодрум, Анадолы және т.б.) жазғы және қысқы туризмнің барлық кезеңінде спорттың кез келген түрімен (рафтинг, тау шаңғысы, альпинизм және т.б.) айналысуға мүмкіндік ұсынатын елді барлық жағынан таулар, аңғарлар, өзендер, құламалы сулар мен үңгірлер безендіріп тұр [34].
Түркияда тау шаңғысы спорты әуесқойлары, альпинистер, жаяу серуенді ұнататындар мен тіпті аңшылар да жаңа және ұмытылмас рахатқа батады. Түркия – бұл Анадолының барлық өркениетінің бесігінен тербетіліп шыққан ашық ауадағы мұражай. Түркияның тарихи мұрасы мен археологиялық байлықтары бір континентке жетеді. Соңғы уақытта Түркияға деген қызығушылық денсаулық сақтау тарапынан артып келеді.
Түркияның жер асты ыстық сулары шын мәнінде көптеген ауруларға медицина тарапынан шипалы суы мен балшықтары дертке дауа, ауруға шипа деп танылған. Ең басында Ислам мен Христандық тұрған сансыз діни пайымдаулардың ортақ нүктесінде орналасқан Түркияға келушілер қандай дінге жатса да, осы жерде сол діннің өзінің қасиеттісін табады: бұл храмдар мен әулиелердің жерленген жерлері, мазарлар мен молалар және т.б. Әрине, Түркияның туристерді өзіне тартатын жақтарын бір бет параққа сыйғызу мүмкін емес.
Іздену барысында жинақталған мәліметтерді саралай отырып, Кіші Азия түбегінің рекреациялық ресурстарын төмендегідей топтастыруға болады:
1. Климаттық ресурстар: күн радиациясы, табиғат ескерткіштері:
2. Гидрологиялық ресурстар: Патара, Өлітеңіз (бұл бірақ дүние жүзіндегі ең тұзды көл Өлі теңіз емес) түрікше «тыныш теңіз» дегенді білдіреді, Олимпос, Сиде, Бодрум, Анталия, Кемер, Фаселис, Каш, Демре, Калкан, Алания, Изтузу, Ортакент, Тургутрейс, Гюмюшлюк, Памучак, Чалыш, т.б.
2.1. Минералды сулар, ыстық бұлақтар: Ялова, Куршунлу, Султан сулары, Дальян, Клеопатра хауыздары, т.б.
3. Таулы рельеф
4. Тарихи, мәдени ескерткіштер (сурет-20).
Сурет 20. Түркияның тарихи ескерткіштерінің орналасқан аймақтары.
1. Ежелгі қала Демре
2. Алания қамалы
3. Фаселис руиналары
4. Адриан какпалары
5. Ежелгі Перге
6. Аспендос амфитеатры
7. Ежелгі термесос
8. Нимфеум субұрқағы
9. Сиде қақпалары
10. Цитадель Аназарбус
11. Диярбақыр қамал қабырғалары
Достарыңызбен бөлісу: |