Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары



бет3/5
Дата26.08.2017
өлшемі1,15 Mb.
#29264
1   2   3   4   5

ЕҢБЕККЕ БАУЛУ

АТА-АНАСЫМЕН БЕЛСЕНЕ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ







ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АНА ТІЛІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.

2.1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері және оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек.

Мектепке дейінгі балалармен оқу - тәрбие жұмысын жүргізу сапалы білімге, олардьщ сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әртүрлі дидактикалык және рөлдік ойында қолдануға болады. Көп назарды балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға назар аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықты есте сақтауды дамыту қажет. Балалардын артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстарын көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.

Осы қиыншылықтардың себебі-баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің қалыптасқаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды. Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалык жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді.

Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек.

Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті балалар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға, қоршаған ортаның назарына ие бола алмайды. Қазіргі мектептерде сөз-логикалық ойлауға үлкен талап қоюда. Ән, сурет, спорт пәндері арқылы көрнекі амалды, нақтылы-бейнелі және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады.

Мұғалімдер балалардың қайсысы практиктерге жататынын анықтап, мұндай оқушылардың ерекшелігін ескеру керек. Сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау жасауды қарастыру қажет.

Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепшілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық - гигеналық нормалардың бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар:

- жекелеген мүғалімдер сабақтарының сапасындағы, жаңа материалды
тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жүмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін
есепке алудың болмауы, мүғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;


- үй тапсырмасын орындау жұмысын дүрыс ойластырмау және
тыңғылықты тексерудің болмауы;

- мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі;

Жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;

- мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың
болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтің ортақ
жұмыс жүргізбеуі;

- тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар
тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі
тарапынан тәртіп бүзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;

- бағалаудағы біржақтылык ;

- оқытумен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;

- сабақтан қалдыру, оқушының ауырып қалуы, т.б. Оқу -тәрбие ісі меңгерушісінің бұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді аз-кем соған тоқтала кетейік.

Ең алдымен меңгеруші мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысуы керек (үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтардың сипаты). Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатында мектепте педагогикалық басқосулар, семинар, тренингтер өткізуі тиіс.

Олардың тақырыптары:



Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушыларға білім беру үрдісін белсендіру, үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі педұжымның іс - әрекеті, т.т. Бұл шараларды оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып пікірлер тыңдалып, үлгермеушілік себептері айқындалуы және жеке оқушыны оқытумен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет.

Бүл жұмыстар оқушы үлгермеушілігінің себептерін білуге, алдын алуға бағыт береді, көмектеседі.

Сондықтан біздің мектеп тәжірибесінде қальштасқан үлгермеушілікпен жүмыс үлгілерін ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз.



Үлгермейтін оқушылардын оқуға қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі





Бірінші кезең

Екінші кезең

Үшінші кезең

Төртінші кезең

Оқу материалдарының мазмұнына көзқарас

Ең оңай қызықты материал (маңыздылығына қарамастан)

Маңызы бар материал

Маңызды, негізгі, бірақ қызықсыз материал




Оқу үрдісіне көзқарас

Мұғалім әрекет етуші, оқушы қабылдаушы

Мұғалім жетекшілік атқарады. Оқушы үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.

Оқушы жетекшілік етеді, мұғалім үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.

Оқушы өз бетімен әрекет етеді.

Өзіне, өз күшіне деген көзқарас

Көп күшті қажет теппейтін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау

Азғантай күш қажет ететін жұмыстар , қол жеткен табыстарын мадақтау

Көп мөлшердегі күшті қажет ететін жұмыс, қол жеткен табыстарын мадақтау




Мұғалімге (ұжымға) көзқарас

Нейтралитет

Мейірбандылық, көңіл бөлу, көмек беру,жаны ашу

Көмек беру мен қатар өзіндік пікірінің болуы





Мұғалімнің үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі жұмыс жүйесін зерттеу мақсаттары. Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардьщ білім, білік дағдыларының жағдайын және сыныптарындағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-әрекетін талдау.

Тексеру жоспары мына төмендегілерді қамтиды.

  1. Кадрларға мінездеме беру: аты-жөні, білімі, педстажы, кәсіби
    біліктілігін көтеруі.

  2. Нашар үлгеретін оқушылардың білім, білік дағдыларының
    жағдайы:


- мұғалімдермен әңгімелесу (нашар үлгеретін оқушылардың саны және
олардың жеке білім олқылықтарының есебін жүргізу, үлгермеушілікті
болдырмау жүмысының әдістері мен түрлері);

- бірінші жарты жылдық барысындағы мұғалімнің қойған бағаларын және
олардың нормаларға сәйкестігін талдау (бақылау жүмыстарын,
оқушылардың дәптерлерін, журналдағы, күнделіктердегі бағаларды
талдау);

- мұғалімнің сабақ барысында үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі
жұмысының түрлері (сыныптағы және үй жүмыстарының саралык
сипаты, қателердің алдын алу);

- қатемен жүмыс жүйесі және оқушылардың жадынамаларымен саналы
түрде жүмыс істей білуі;

- оқушылардың үлгермеущілігін болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-
әрекеті.

3. Нашар үлгеретін оқушылармен жүмысты бақылау түрлері.
Сабақтағы бақылау бағдарламасы. Оқушылардың үлгермеушілігін

болдырмауға бағытталған шаралар жүйесі.

Мұғалімнің аты-жөні. Пәні. Уақыты. Сынып. Сұрау кезінде:



  1. сыныпта достык қарым-қатынастар жағдайы жасала ма?

  2. тақта алдында жауап беру кезінде оқушыларға көмекші қүралдар
    қолдануға рүқсат етіле ме?

3. жауап жоспары беріле ме,үйден жасалған жоспарды пайдалануға рұқсат
етіле ме?

4. такырыптың негізгі бөлімдеріне ерекше мән беріледі ме?



  1. оқушылардың үнемі қайталанатын қателіктеріне назар аударылады ма?

  2. оқушының жауабын көтермелеу тәсілі қолданылады ма?

  3. жетістікке жету жағдайы жасала ма?
    Жаңа тақырып түсіндіру кезінде:

  1. нашар үлгермеушілерге жаңа тақырыпты баяндау жылдамдығы киындық
    туғызбай ма?

  2. жаңа тақырыптың негізгі мәселелері ерекше айтылып көрсетіле ме?

  3. мұғалім нашар үлгеретін оқушылардың жаңа тақырыпты түсіну деңгейін
    анықтап ескере ме?

  4. тақырыпка қызығу тудырытын құралдар қолданыла ма

  1. нашар үлгеретін оқушыларға әңгіме тартыла ма?
    Жаттығу кезінде:

  1. өз бетімен жүмысқа арналған жаттығулар дүрыс таңдалынды ма?

  2. нашар үлгеретіндерге өз бетімен жүмыс кезінде жедел көмек көрсетілді
    ме?

  3. оқушылардың жұмыс жылдамдығы ескеріле ме?

Өз бетімен жүмыс кезінде оқушылар өзін тексеруге дағдыланған ба? Үй тапсырмасын түсіндіру кезінде:

  1. үй тапсырмасының көлемі қаншалықты тиімді?

  2. үй тапсырмасына қатемен жүмыс енгізілген бе?

Мұғалім үй тапсырмасын нақты, жете түсіндіре ме?

  • Нашар үлгеретін оқушылар үшін жеке тапсырмалар қарастырылған ба?

Төменде оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың технологиялық картасын ұсынып отырмыз.

Жұмыс түрлері

Қашан?

Не үшін?

Не жүргізіледі?

Қалай?

Сабак үстіндегі

Оқушының даму

Ақыл-ой дамуының

Сыныпта

Бақылау партасы

жұмыс

деңгейін әрі қарай

артта қалмауы үшш,

микроклимат жасау.

жүмысқа жаппай




дамуының жақын

пәнді мезплінде

Іс-әрекетті

сүрауды косу.




аймағын аныктау
.

оқып отыруы үшш

алгоритмдеу.

Топтарда жүмыс




үнемі оқушының




Сабақтан қалуға байланысты

істеу даиындық




нәтижелерін есепке




білімдегі

түзету сабақтары,




алып отыру, диаг-




олқылықтарды

тірек конспектілері




ностикалау




болдырмау.

пәндер бойынша










Қызығуды арттыру.

жадынамалар,










Оқытудың

карточкалар.










мотивтерІн













қалыптастыру




Сабақтан тыс

Қиындыктар туған

1) Үлгермеушілікт

Нашар

1) Жеке және

жұмыс

кезде:

і болдырмау

үлгермеушілермен

топтық




1) жаңа материал

2) БІлімдегі

жүмыстағы жеке-

кеңестер




меңгеру кезінде;

Олқылықтарды

түлғалык әдіс.

2) Үй




2) білімдегі

Жою.




тапсырмасын




олқылықтарды

3) Оқу мотивтерін,




орындауға




анықтаған кезде

Қызығуды




көмектесу







Қалыптастыру




3) Үйірмелерге













қатысу,













шығармашылы













қ тапсырмалар

Тәрбие

Пән мүғалімдерінің

1) Оқушынын

1) Жеке-

1) Үйірмелерге,

жүмысы

бақылауына үнемі

Жеке түлғасын

түлғалық

жорыктарға,




сүйене отырып

Қалыптастыру

әдіс

өзін-өзі басқаруға тарту






















2) Оқу мотивтерін,

2) Мәдениетті орта туғызу









Қызығуды













Қалыптастыру




2) Сынып













сағаттарын













өткізу













3) Қызығуына













сүйену

Ата-аналармен

Үй тапсырмасын

Ата-аналарға

Окушының түрін

Мүғалімдерге

жұмыс

орындамағанда,

Педагогикалық

және үлгермеу

арнап үнемі




сабактан калған да

көмек көрсету,

себептерін, анықтау.

семинарлар




т.б. жүмыс үздіксіз

Үлгермеушіліктің

Үлгермеушілікті

үйымдастыру. Ата-




жүреді.

Себептерін аныктау.

болдырмау

аналарға







Балалардың біліміне

жөніндегІ ата-

талаптарды







деген бірынғай

аналарға кеңес

түсіндіру. Ата-







Талаптардың




аналарды







Сақталуы




педагогикалық













сауаттандыру.













Түзету жүмыстары













жеке жүмыстар.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңьізы өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.

Бұл туралы А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе аркылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігін ұзақ жолды қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл - амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі пікірлер айтылады. Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы: Жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек.

Оқушылардың өзіндік жұмысына тән негізгі сипаттарды анықтап беру қажет. Бірден ескертетініміз: Ол күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі:



Жұмысты орындаудың және аяқталудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдаумен істеуі, оған әсер ететін мотивтер және т.б.

Оқушылардьң өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына,
олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдері қолданып жасайтын

шығармашылық жүмыстары да жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады.

Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсендік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті

оның белсенділігін арттырады. Бүл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар.

Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес.

Белсенділік-дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ана тілі пәніндегі “Төрт түлік” тақырыбын мысалыға алуға болады.

Қазақтың салт-дәстүрлі тойына келсек, үлгі алатын тойы да көп. Қазақ “Той дегенде қу бас домалайды” деп тегін айтпаған. “Тойдың болғанынан, болады қызық” деген. Біз өз салт-дәстүрімізді білуіміз керек.

Қазіргі оқушылар мектепке орысша сөйлеп, өз тілдерінде толық сөйлей алмайды. Біз сол үшін ұяламыз.

Бізге мәлім, мектеп есігін алғаш ашқан балалардың жас шамасы қатар болса да, түсінуі, құбылысты қабылдау қабілеттері әр түрлі екенін көріп жүрміз. Мысалы, біреуі сыпайы, тәртіпті, тіл алғыш, сезімтал, бір нәрсені тез меңгеріп кете алса, енді бірі самарқау, айтқанды қиын қабылдайтын, ал енді біреуі жалқау болып келеді. Өйткені олар әр жанүядан, түрлі дайындықпен келеді. Соның нәтижесінде әр сыныпта азда болса (сабаққа ынтасы төмен) үлгермейтін оқушылар кездеседі.

Мұндай оқушыларды толық үлгерімге жеткізу - мұғалімнің қиын да абыройлы міндеті. Бұл міндетті орындау үшін біріншіден, оқу сапасын арттырып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, әр уақытта газет-журналдарда жарияланған методикалык жаңалықтарды, озат тәжірибені, жаңашылдар әдісін (Ш.А.Амонашивили, С.Н.Лысенкова т.б.) өз сабағында мүмкіндігінше пайдаланудамыз.

Екіншіден, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, тұрмыс жағдайын ескеріп ата-анасымен тығыз байланыс жасаймыз. Сонымен бірге, оқушыны зерттеп, олардың білімдерін есепке алуды басты мақсат еттік. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде мынадай ұйымдастыру шараларының көп көмегі тиді.

- Сыныптағы балаларды зерттеу дәптерін арнаймыз. Г сыныпта 22 оқушы
бар. Дәптерге сыныптағы балалар жөнінде жалпы мәліметтерді
көрсетеміз. Окушының психологиялық ерекшеліктерін және алдағы
уақытта әр тоқсан сайын сабақ үлгерімі туралы көрсеткіштерін жазамыз.


- Топқа бөліп оқыту әдісін жиі пайдаланамыз. Оқыған оқушылардың
мінез-құлқы, ынтасы, білім деңгейі өзімізге белгілі. Сол қорытынды
бойынша оқушыларды топқа бөлеміз. І топ – “өте жақсы”; ІІ топ –
“жақсы”, ІІІ топ – “орташа”, ІV топ - үлгерім дәрежесі төмен оқушылар.
Жоғары үш топпен жүргізілетін жұмысқа тоқталмай, соңғы білім

дәрежесі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түріне тоқталмақпыз.



1-сыныпта оқытудың басты міндеті балаларды оқуға жазуға және санауға үйрету. Басқа жұмыстар осы мәселелерге негізделіп жүргізіледі.

Бұл топта төрт оқушы бар. Екеуі даярлықта оқымаған. Осы төрт оқушының біреуі әліппеден де, математикадан да нашар. Жұлдызай деген оқушы өткен дыбысты, санды менімен қосылып айтады, сәлден кейін сұрасам ұмытып қалады.

Осы оқушылармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда жұмысты төмендегіше жүргіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет