Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет159/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Жетім, жесір
сөздерінің түптөркінін зерттеушілер 
йетим, йәтім, 
йәсир/йесер/есир
– «қолға түскен тұтқын» деген араб сөзі деп жүр. 
Жесір/йасир/йесир
сөзінің «тұтқын» мағынасында сақталуы түркі 
ескерткіштері тілінде жиі кездеседі. Бұл мағынада сирек болса да, 
қазақ жырларында да орын алған тұстары бар. Мәселен, «Айман-
Шолпанда» (XIX ғ.) Көтібар батыр Маман ауылын шауып алғанда 
оның екі қызы – Айман мен Шолпан: «
Жесірді 
қолға түскен аясын 
ба, Қорқады кетеміз деп нарға мініп». Көтібардың ерке тоқалы – 
Теңге «
жесірді
жұрт мақтаған көрейін деп» Айман қыздың алдынан 
шығады. Бұл жырда 
қолға түскен
деген анықтауыш 
жесір
сөзінің 
«тұтқын» деген семантикасын меңзеп тұрғанмен, Айман сияқты 
бай қызының бойжеткенше айттырылмай, басы бос болуы мүмкін 
емес, демек, қалыңмалы төленген қалыңдық кезінде қолға түсіп 
отыр. Осы жерде қазақ тіліндегі 
жесір
сөзінің 3-мағынасы және 
болғаны байқалады. Ол – айттырылған, әсіресе қалыңы берілген 
қыз, «тұтқын», болашақ күйеуінің «меншігіндегі» адам. Күні кеше-
ге дейін орын алып келген «жесір дауы» әрдайым күйеуі өлген тұл 
(жесір әйел) туралы ғана емес, айттырылған, көбінесе қалыңмалы 
төленген, құдалар «құйрық-бауыр жескен» қалыңдыққа қатысты дау 
болғандығы белгілі.
Жетім, жесір
сөздерінің қазіргі мағынасы да ертедегі өлең-
жырларда сақталған. Махамбет ақын (XIX ғасырдың I жартысы): 


260
«
Жетімдерге
жем бердім, 
Жесірлерге
жер бердім» дегенде 
жетім
де, 
жесір 
де – осы күнгі мағынада келіп тұр.
Қолға түскен тұтқындарды қамайтын орын негізінен 
зындан
болғаны белгілі. Бұл – қазірде де түсінікті сөз. Ол – жерді тереңдетіп 
қазылған шұңқыр. Бұрын асыл бұйымдарды немесе керек заттарды 
сақтау үшін қазылған орды 
қандақ
деп атаған. Бұл – парсы сөзі, түбірі 
қандан
– «қазу». Қандақта негізінен зат (қазына) сақталады.
Қазыналы 
қандағы
Есепсіз түрі мол еді («Алпамыс батыр»).
Қандақ
– әдейі қазылған ор, ал ордың адам қамау үшін қазылған 
түрі – 
зындан
.
Патшаның сол күнде 
Қазулы оры бар еді,
Қуанып халқы жүгіріп,
Қандақтың
аузын ашады.
Домалатып баланы
Зынданға
әкеп тастады («Алпамыс батыр»).
Бұл жыр жолдарында 
қандақ
– қазулы ор, ал оның адам қамауға 
арналған тұсы 
зындан
деп аталатыны байқалып тұр.
Қолға түскен батырдың өзін ғана емес, астына мінген атын да 
қамауда ұстайтын болған (жақсы атты жаудікі деп қоя беру, өлтіріп 
тастау – жылқы малының қадірін білетін түркі-монғол халықтарында 
болмайтын салт, сондықтан оларды қамайтын жайдың арнаулы атау-
лары болған. Солардың бірі – 
әлек
сөзі).
Әлек
. Қобыланды батыр жырында:
Баланы тастап зынданға,
Шұбарды салды 
әлекке, 
– дейді. 
Бұл сөздің мағынасын келесі жолдар түсіндіре түседі:
Темір үйді салдырды,
Темір
үйге тастады
Шұбар атты кіргізіп.
Бұл – түркі тілдеріне араб тілінен ертеректе енген сөздердің бірі 
болар. Араб тіліндегі 
әлек
түркі тілдеріне бірнеше мағына беретін 
болып қалыптасқанға ұқсайды. Қазақ тілінде бұл күнде 
әлек
сөзі 
«әбігер, әуре» және «азап» мағыналарында қолданылатын болса, 
ноғай тілінде 
әлек
сөзі – «өлім, қаза». Кірме сөздің семантикалық 
қозғалысын о баста «азап, әуре», одан «өлім, қаза», одан «азап 
шектіретін, қазаға ұшырататын орын» (темір тор, темір үй) болып 
жұмсалған деуге болады. Бұл жердегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет