Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет162/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

алапа
сөзі. 
Алапа
– бұл күнде қазақ тілінде әртүрлі мағынада 
кездесетін ескі сөз. Бұл сөз әсіресе жергілікті ерекшелік ретінде жақсы 
сақталған. Қазақстан мен Ресей жерінің 6 өңірінде 6 түрлі мағынада 
қолданылатын диалектизм болып тіркелген. Атырау, Маңғыстау, 
Орынбор өңірлерінде «олжа, пайда, табыс», Түрікмен, Қарақалпақ, 
Түркия қазақтары мен Маңғыстау өңірі тұрғындарының тілінде 


264
кәденің атауы (күйеу келгенде қыз жеңгелері алатын сыйлық), Семей, 
Шұбартау тұрғындары қалыңмалды 
алапа 
деп атайды екен, ал Жам-
был, Шу өңірінде «адамгершілік» деген дерексіз (абстракты) ұғымды 
осы тұлғамен атаса керек, Қарақалпақ жеріндегі қазақтар тойларда 
берілетін ақшаны түйген орамалды 
алапа
деп атайды. Ресей қазақтары 
(Саратов облысы) жалақыны 
алапа 
дейтіні көрсетілген (Қазақ тілінің 
аймақтық сөздігі. - Алматы: Арыс, 2005). Бұларда «адамгершілік» 
мағынасынан басқаларының барлығында да 
алапа 
сөзінің о ба-
ста (мүмкін, тіпті әріде) «олжа», көбінесе соғыста түскен олжа, 
одан барып кәдеге қатысты олжа, сый-сыралғы, бұдан барып қызға 
берілетін қалыңмал (ол да – еңбексіз келетін олжа ғой), сөз мағынасы 
қозғалысының ең соңғы кезеңінде «жалақы» (маңдай терімен келген 
«олжа») сияқты семантикасы бары байқалады. Ал қазіргі қазақ әдеби 
тілінің ең соңғы (2006 жылғы) түсіндірме сөздігінде бұл сөздің 4 
түрлі мағынада келетіні көрсетіледі, олардың да семантикалық өзегі 
– «пайда, табыс, олжа». 
Алапа
сөзінің ең ертедегі мағынасы тұрақты 
әскерге мемлекет тарапынан жиналатын азық-түлік салығы болса 
керек (Қазақ энциклопедиясы). 
Алапа
сөзінің түптөркінін монғол 
тіліндегі 
алба(н)
сөзінен іздеу керек сияқты. 
Алба(н)
сөзінің монғол 
тіліндегі көне бір мағынасы – повинность, натуральная или денеж-
ная (Монгольско-русский словарь. - М., 1957, 29-бет). Қазақ халқын 
құраған найман, қоңырат сияқты ірі тайпаларының Шыңғыс импери-
ясына дейінгі де, кезіндегі де, кейінгі де әскери-соғыс іс-қимылдары, 
салт-дәстүрлері, қару-жарақтары, әлеуметтік құрылым-тәртіптері 
монғолдармен іліктес, қатарлас, аралас болғаны мәлім. Сондықтан 
түрікше 
алапа
сөзі мен монғолша 
алба
сөздері түбірлес болар деп 
топшылауға мүмкіндік бар.
Ал біз бұрынырақ жүргізген ізденістерімізде («Сөздер сөйлейді», 
2004) Бұхар жыраудың (XVIII ғ.) Шоқан Уәлиханов жазып алған 
жырындағы:
Қырық сан қара қалмақты 
Жарлығына қаратқан,
Алафасын 
арттырып,
Арпалап атты қунатқан, – деген жыр жолдарын Шоқан жазбаларын 
жариялағанда акад. Ә.Марғұлан мен Д.Кармышевалар бұл жолдар-
ды: «окружая себя ореолом величия» – «айналасына ұлықтық нұрын 
шашқан» деп орыс тіліне аударғанына сүйеніп, 
алапасын арттырып
тіркесі «беделін арттырып» деген екінші бір мағынасы болар деп 
жорамалдап едік («Сөздер сөйлейді», 2-басылымы, 1994 ж.). Демек, 
бұл жерде Бұхар жырын аударушылар да, біз де жаңылысқан екенбіз, 
өйткені Бұхардың «
алапасын арттырып
, арпалап атты қунатқан» 


265
дегені – әскерге жинайтын алым-салығын арттырып, әскер атта-
рын қунатты (мықты, қунақы етті) деп тұрғаны байқалады. Демек, 
мұндаға 
алапа
-ның мағынасы ең алғашқысы – «әскердің күш-қуатын 
көтеретін алым-салық». Кейінгі ғасырларда осы қарекеттің жойыла 
бастағанына байланысты бұл сөз де енді «соғыста түскен олжа, та-
быс» дегенді атай бастаса керек және әрі қарай сөздің семантикалық 
өрісі түрленіп, әр өңірде әртүрлі (бірақ түпкі семасы мағыналық реңк, 
өзегі сақталып) мағынаны беріп кеткені байқалады.
Алапа
– ескірген сөз. Бұл күнде жырлардағы мағынасында қолда-
нылмайды (тарихи шығармалар мен тарихқа қатысты ғылыми-
танымдық еңбектерде болмаса).
Эпостық жырлар мен XV-XVI ғасырлардағы ноғайлы-қазақ 
жырауларының тілінде бүгінгі қолданыста жоқ, көпшілік оқырман 
бірден түсіне алмайтын бірқатар сөздер кездеседі. Оларды жоғарыда 
атаған тақырыптарға жатқыза алмаймыз, олар жеке зат атаулары, 
бірен-сараны аң-құс атаулары, сын-сипатты көрсететін сөздер және 
іс-қимыл атаулары болып келеді. Бұларды да ескірген, көнерген 
сөздердің қатарында талдауға болады.
Күспен
. Бұл сөз XVI ғасыр жырауы Шалкиіздің жырында 
кездеседі. Ол әміршісі (хан иесі) Би Темірді қажы сапарынан тоқ-
татуға айтқан жырында:
Қара бас 
күспен
шалдырып,
Көк теңіздің үстінде 
Көтеріп желкен аштырып,
Уа, хан ием, жүк тиеттің кемеге, – дейді.
Түркімен тілінде 
кесәбой 
(барка с одной мачтой и двумя пару-
сами) деген сөз бар екенін Будагов көрсетеді (Будагов, II, 178-бет). 
Бұған қарасақ, 
күспен <кесәбой<кесбой<күсбей<күспен 
болып 
фонетикалық трансформацияға ұшыраған сөз болар деп топшылауға 
болады. Сонда әуелі жүкті қара бас (басы қарамен боялған) баржаға 
(тіркемеге) тиеп алып, кемеге жеткізген дегенді айтып тұрған тәрізді. 
Қырым сияқты айнала теңізді жағалаған ноғайлы халқына баржа 
сияқты тіркеме де, кеме де өте таныс болуы – даусыз. Ал ноғайлының 
ауыр жұртының ішінде «қазақ шыққан» (қазақ болған) Шалкиіз 
күсбой/күспенді
ауызға алып, «Тәңірінің үйі – Қаһбаға» (Меккеге) 
теңізбен жол жүруге ыңғайланған әміршісі Би Темірге сөз айтқан 
тәрізді. Сөйтіп, 
күспен
– түбі жалпақ сүйретпе жүк кемесі болар. Бұл 
сөз араб жазуымен 
күспей
деп те жазылуы мүмкін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет