ақ/-ек/, -ық/-ік
жұрнағы құрал-
жабдық, жиһаз, киім-кешек т.б. сияқты тұрмыстық лексикада жиі
қолданылатын аффикс екенін ескерсек). Осылай деп түсінсек, «әсем
өрнектерін [өзге үйлерден] асырып [көрсетіп] ақ үйді төскейге тігер ме
екенбіз» деген тілек толғау жолдарын оқимыз. Мысалдарды көбірек
іздеу керек. Дегенмен
айбарақ, айбарағын асыру
қолданыстары
ертеректегі өлең-жырларда ескі бірліктердің қатарынан көрінеді деп
айтуға болады.
Кезеген. Созаған
.
Бұл сөздер «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр»
жырларында кездеседі.
Кезегендей
қалады,
Созағандай
алады («Ер Тарғын»).
Кезегендей
кезеді,
Созағандай
созады («Қобыланды батыр»).
Бірақ
кезеген
,
созаған
есімдері тіркескен етістіктерде айырма-
шылық бар. Есім сөздің мағынасын өзі тіркескен етістіктен түсініп
тануға болатыны белгілі. Сірә,
кезегендей кезеді, созағандай соза-
ды
дегенге қарағанда,
кезеген, созаған
сөздері
көреген, қашаған
,
жатаған
деген сияқты етістік түбіріне
-е+ген/-а+ған
жұрнақтары
жалғанып, сол қимылдың тәндігін білдіретін сөз болуы мүмкін,
көреген
– «көре білетін, көргіш»,
созаған
– «созғыш (айталық, садақ
оғын жақсы созатын),
кезеген
– «садақты, оқты кезеп атқыш» де-
ген сияқты мәнді білдіреді деп топшылауға болар ма еді? Сірә, бұл
тіркестер – өте ертеден келе жатқан көркем шаблондар болуы да
мүмкін. Заман өте қолданысы сиреп, мағынасы күңгірттене келіп,
өзге етістіктермен ауысып, «Ер Тарғын» жырындағыдай «кезегендей
қалады
, созағандай
алады
» болып өзгеріп кетуі де мүмкін. Қайткен
күнде де,
созаған
мен
кезеген
– ескі тұлғалар. Әрине, бұл сөздердің
269
осы күнгі түсіндірме сөздіктерде берілген мағыналары («1) кезбе,
қыдырымпаз; 2) толарсақ сүйек») біз талдап отырған сөздерге еш
қатысы жоқ.
Ауан су
.
Су
сөзімен келген
ауан
сөзі тек қана ескі өлең-жырларда
кездеседі, бұл күнде көрсетілген тіркес қолданылмайды, қазіргі
оқырманға мағынасы да түсініксіз.
Ауан су
– қандай су? Бұл тіркестің
екі сөзінің де мағыналары ескі. Бұл жердегі
су
–
өзен
дегеннің ва-
рианты. Ертедегі қазақ өлең-жырларының барлығында дерлік
су
сөзі
жеке тұрып та, әртүрлі эпитеттермен келіп те өте жиі қолданылған.
Эпостық жырлар мен XV-XIX ғасырларда жасап өткен ақын-
жыраулар үлгілерінде
су
және
өзен
сөздері поэтикалық символ, ол
– алдымен туған жердің символы, одан қалды тіршіліктің, бейбіт
өмірдің символы.
Су
– көне түркілер тілінде де, ноғайлы дәуіріндегі ноғай, қазақ т.б.
тайпалар тілдерінде де өзінің негізгі мағынасымен қатар (су – вода),
«өзен» деген мағынаны берген. Жырлардағы
ауан су
– «терең өзен»:
Ауан, ауан, ауан су,
Ауандап
үлкен балық жүзген су («Ер Тарғын»).
Ауан
түбірінен етістік те жасалған:
Ауандап
үлкен балық жүзген су.
Ауандап
жүзу – «тереңдеп жүзу». Түсіндірме сөздікте
ауандау
етістігі
«еркінсу, шарықтау» деп түсіндірілген (топшылаған). Мәнмәтінге
қарасақ, «шарықтау, еркінсуден» гөрі тереңдеп (яғни тереңде) жүзу
екені көрінеді.
Ауандап
жүзген нән балық,
Басын соғып қайраңға,
Ит пен құсқа жем болар, – дейді.
«Тереңде жүретін (жүзетін) үлкен (нән) балық тайызға (қайраңға)
шықса, басын соғып алады» деген астарлы ой айтылады.
Бұл күнде
ауан
сөзі – Қазақстанның батыс өңірінде – Атырау,
Маңғыстау тұрғындарында, Еділ, Жайық сияқты терең, үлкен «сула-
ры» бар өлкелерде мағынасы ауысып, «су сақтау үшін қазып жасалған
шұңқыр» дегенді білдіретін диалектизм. Эпостық жырлар мен XV-
XIX ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулар үлгілерінде
су
(«өзен»)
және
өзен
сөздері – поэтикалық символ, одан қалды, тіршіліктің,
бейбіт өмірдің символы.
Сөйтіп,
ауан
– лексикалық ескіліктердің бірі. Көрсетілген мағы-
насы бұл күнде ұмыт болған. Мағынасы күңгірттеніп, ұмыт болған
сөздер көбінесе поэтикалық элемент (амал) болып жұмсалуға бейім
тұрады. Мұндай амалдың бірі – қайталама амалы:
ауан, ауан, ауан
су
дегенде
ауан
үш рет келіп, жыр жолы тұтас бір поэтизмге айна-
лып тұр. Бұл қатарға «
Алп, алп, алп басқан
арабы торым өзіңсің»
(Шалкиіз) немесе
Салп, салп, салпыншақ анау үш өзен, Салуалы
270
менің ордам қонған жер
(Қазтуған) сияқты жыр жолдарындағы
қайталама тізбектерді қосуға болады. Бұларда да
алп, алп, салп, салп
дегендер – мағынасы күңгірт (түсініксіз), тек белгілі бір стереотиптік
құрылымда кездесетін сөздер.
Ауан
деген сөздің мағынасын
іздегеніміз сияқты,
алп, алп, салп, салп
-тардың сыры ашылар. Олар
– мүмкін,
ауан
сияқты өз алдына толық мағынасы бар лексикалық
бірлік емес, еліктеуіш сөздер болуы да ықтимал, бірақ соңғылар да
қайталанып жұмсалып, белгілі бір стильдік (көркемдік, эмотивтік)
немесе ырғақтық, өлшемдік қызмет атқарып тұрғаны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |