Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет165/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Аббар көшу
.
Бұл тіркестің мағынасы мәнмәтінге қарай топшы-
лап түсіндіріліп жүр. ҚӘТС-де 
аббар көшу
– «суыт көшу, сыпы-
ра көшу» деп түсіндірілсе, ҚТАС-де «ұзақ көшу» деп танытылып-
ты және мұны Қытай қазақтарының ерекшелігі деп тіркепті, ал 
келтірілген мысал Шалкиізден, XV-XVI ғасырлардағы ноғайлы 
циклінің үлгілері екені белгілі. Демек, 
аббар көшу
Қазақстанның ба-
тыс аймақтары тұрғындарының тілінде сақталса – бір жөн, ал Қытай 
қазақтары тілінің жергілікті сөзі болып танылуы неғайбіл. Бұл – сірә, 
Шалкиіздерді оқып отырып, жобалап топшылай салған таным болар. 
Аббар 
сөзінің мағынасы түгіл, өзін не көне түркі тілдері сөздігінен, 
не арабша-қазақша, парсыша-қазақша сөздіктерден таба алмадық. 
Аббар
– шеттілдік сөз екені даусыз, бірақ нақты тұлғасы (сыртқы 
түрі – айтылуы, жазылуы) қандай дегенді іздестіру керек болады. 
Бүгінгі қазақтар оқитын ескі өлең-жырлардың ішінде тек Шалкиізде 
кездесетін сөз. Демек, ертеректегі ноғай тілінде қолданылуы мүмкін, 
не біздің күнімізге тұлғасы өзгеріп, мағынасы күңгірттеніп жеткен 
қолданыс болуы ықтимал.
Асмар ету
.
Шалкиіз жырау әміршісі Би Темірге алыс жолға (Мек-
кеге) кетпе, ел-жұртыңды иесіз қалдырма деп толғағанда:
Жүк тиесең кетерсің...
Етектеп жиған көп халқың
Сұлтан ием, кімге 
асмар етерсің
, – дейді.
Будагов 
асмарламақ
сөзін түрік тілінде «поручить, рекомендо-
вать, заказать» деп түсіндіреді (Л.З.Будагов, Сравнительный словарь 
турецко-татарских наречий. - Т.I. - Санкт-Петербург, 1869. - С.55). 
Сірә, оғыз-қыпшақ ру-тайпалары Сырдарияның төменгі ағысында 
араласып жүріп-тұрған кездерінде (XI-XIII ғасырлар) қыпшақ 
тілдеріне оғыздық сөздердің енуі және керісінше процестер болғаны 
даусыз. Соның бір көрінісі – ноғайлық дәуір үлгілерінің тілінде 
ас-
мар
сияқты сөздер орын алып сақталып қалғаны. Бұл сөз әзірге біздің 
тапқанымыз тек Шалкиіз жырларында ұшырасады, «тапсыру, аманат 
ету» деген сөз мағынасында келеді. Қазақ тілінде қолданылмайды, 
демек, бөгде тілдік көне қолданыс болып танылады.


271


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет