259
Жетім
сөзінің «тұтқын» мағынасын күні кеше (XIX ғасырдың
I жартысында) өткен Махамбет ақыннан да табамыз.
Махамбет
көтеріліс жеңілгеннен кейін Баймағамбет сұлтанның алдына келу-
ге мәжбүр болады. Ол өзін Баймағамбет сұлтанның қолына түскен
тұтқын, бірақ ұрыс-шайқаста қолға түскен емес, өз аяғымен өзі келіп
түскен тұтқын деп атайды:
Ұрмай-соқпай келтірген,
Арманың
бар ма Құдайға
Мынау Махамбет сында
жетімді-ай,
– дейді.
Мұндағы
жетім
сөзінің ертедегі тағы бір мағынасын білмеген
баспагерлер (редактор, корректорлар)
бұл сөзді тырнақшаға алып
жазып келеді. Бұл өлең жолдарындағы
жетім
– әке-шешесі
(қорғаушысы, қолдаушысы) жоқ Махамбетпін деген сөз емес, өзі де
ашып айтқандай, «ұрмай-соқпай» қолға түскен тұтқынмын деп тұр,
демек, тырнақшасыз жазылуы керек.
Жесір
сөзінің қазіргі мағынасынан
басқа тағы екі мағынасы
болған: бірі – «соғыста қолға түскен тұтқын», екіншісі – «қалыңмалы
төленген әйел заты» (оның ішінде ұзатылмаған қыз да).
Жесір
сөзінің
бұл мағынасы XX ғасырдың басына дейін, әсіресе «жер дауы, жесір
дауы» сияқты дау-дамай, сот істері жүріп тұрған кезде де сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: