Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет224/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

1970 жылдардан бастап
қазақ тіліне жаңа сөздер қосу 
әрекеті тіпті айқын көріне бастады. Бұл кезеңдегі ғылымда, өнер-
кәсіп пен шаруашылықта болып жатқан жаңалықтардың атау-


355
лары қазақ тілінде де орын алып келгені даусыз. Бұл кезде 1950 
жылдардағы тың игеру, космосқа шығу, космонавтика мен ғылыми-
техникалық жаңалықтардың дүниежүзілік осы аумақта жандануы 
қазақ тілінде де көрінісін тапты. 
Тың игеру
деген атауыш сөзден ба-
стап, космонавтикаға қатысты жаңа қолданыстар, жалпы ғылыми-
техникалық жетістіктерді танытатын жаңа сөздер жүздеп саналады.
Тіл дамуының бұл кезеңінде аталып өткен сыртқы факторлар-
мен қоса, жаңа атаулардың тууына қазақ халқының санасындағы 
өзгерістер де себепкер болды дей аламыз. Адамдардың сана-сезімінің 
жаңғыруы деп отырғанымыз – ұлттық тәуелсіздіктің, мәдени-рухани 
дербестіктің қажеттігін сезіну (бұлар да – сыртқы факторлар), тіпті 
бұл үшін идеологиялық күрес бастау. Бұл күресте көп нәрсеге жаңаша 
қарап, өткендегі мәдени-рухани, оқу-ағарту салаларындағы бұрынғы 
біраз іс-қарекеттерімізге қайта үңіліп, оң-терісін салмақтай түсу 
кезеңі басталды. Соның ішінде қазақ тіліне келгенде де халықтың ой-
санасы жаңаша қалыпқа түсе бастады.
«КСРО-ны құрайтын барлық халықтардың мәдениеті қосылып 
кетуге тиіс», әр адамды жеке ұлт өкілі деп емес, «советтік тұтастық» 
дегеннің өкілі етіп тәрбиелейтін идеологияны басшылыққа алып, 
қазақ тілін де «ортақ мәдениетке» апаратын құрал – орыс тілімен 
біртіндеп алмастыра бастаған коммунистік саясат қазақ тілінің тек 
әлеуметтік тағдырына ғана емес, оның құрылым-бітіміне де, әсіресе 
сөздік қазынасына үлкен әсер етті, ұлт тілдері дамуында теріс бағыт 
сілтеді. Енді ұлт тілдерін дамытудың орнына «коммунизмге тезірек 
жеткізетін» (Н.С.Хрущевтің сөзі) орыс тіліне жақындата түсетін амал-
тәсілдерге бой ұрдырды. Көптеген сөздерге балама іздеп әуре болмай-
ақ, орыс тілінен дайынын ала салу нормаға айналды. Бұл – 1950-1970 
жылдарда мықтап қолға алынып, күштеп жүргізіле бастаған саясат 
болса, сол күндердің өзінде де қазақ халқының санасында «осыны-
мыз жөн емес-ау» дегенді әлсіз болса да сезіну қалыспай отырды. Со-
дан келіп 1950 жылдардың соңынан бастап, әсіресе 1970 жылдардың 
ішінде ең болмаса тұрмыстық заттарды қазақша атасақ деген пікірлер 
айтылып, ол біртіндеп жүзеге асырыла бастады. Бұл заттар, әрине, 
қазақ тіршілігінде бұрын болмаған-ды. Мысалы, 
остановка
(қала 
транспортына қатысты), 
дача, мороженое, овощ 
сияқты нақты зат-
тарды ұзақ уақыт осылай орысша атап келсек, енді оларға 
аялдама, 
саяжай, балмұздақ, көкөніс
(көбін ұсынған –І.Жарылғапов) деп атау, 
сондай-ақ 
қондырғы, құрылғы, оқулық, сұраныс, оқырман, көрермен 
сияқты жаңа туынды тұлғалар дүниеге келіп, әуелі жазба тілде 
(баспасөзде), бірте-бірте ауызекі сөйлеу тілінде қолданыла бастады.
Әрине, тек тұрмыстық сөздер емес, бұл кезеңде шаруашылыққа, 
экономикаға, мәдениетке байланысты пайда болған жаңа қатынастар 


356
мен процестерді атайтын өзге де жаңа сөздер едәуір молынан көріне 
бастады. Олардың да басым көпшілігі – орыс тілі арқылы келген 
бөгде тілдік бірліктер болса, сол жаңа ұғымдардың бір тобын қазақша 
атау да орын алғанын көрсетуге болады. Мысалы, 
теңгермешілдік, 
қайта құру, азық-түлік программасы, астам держава, әскери желік, 
бопса
(сес көрсету), 
дүниеқоңыздық, затқа табынушылық, қызыл- 
ізшілер, мыңшылар 
(еңбек өнімін мыңдаған өлшеммен берушілер), 
халықтық бақылау, салауаттылық
сияқты сөздер 70-80-жылдарда 
жиі қолданылатын бірліктерге айналды. Бірақ 1990 жылдардан бер-
мен қарай олар білдіретін реалийлердің (ұғымдардың, заттардың, 
құбылыстардың) өмірден ығыса бастауына орай, олардың қолданылуы 
сиреп, неологизмдер санатынан шыға бастады. Ал бұл кезеңнің ал-
дында 1950 жылдардың орта тұсынан бастап қолданысқа түскен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет