Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


Жаңа бірліктердің типтері (түрлері)



Pdf көрінісі
бет227/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Жаңа бірліктердің типтері (түрлері)
Тілдік жаңа бірліктердің ең үлкен тобы – жаңа сөздер. Олардың 
әдетте 
неологизмдер
деп аталатыны белгілі. Неологизмдер жеке 
тұлғалар болып келеді. Олардың бір типі (түрі) «қолдан жасалған» 
жаңа тұлғалар, мұндай жасанды сөздер 
– 
тілде бар сөзге жұрнақ, 
жалғау арқылы (
өтіл – стаж, салым – вклад, салымшы – вкладчик, 
бітімгерлер – миротворцы, баспагер – издатель; ауысым – смена; 
ғаламдану, жаһандану – глобализация
), екі сөзді біріктіру арқылы 
(
тұсаукесер, орамжапырақ, ақуыз, оттамыздық, орынтақ
), екі-үш 
сөзді тіркестіру арқылы (
атаулы көмек, жабық есік жағдайында
тұтыну қоржыны
); тілде бар сөздің мағынасын ауыстыру арқылы 
(
желі – интернет желісі, қол жинау
(сайлауда); 
қарымта кездесу-
лер
(спортта), 
сыбайлас жемқорлық, еншілес кәсіпорын, қаракөздер

сөз тұлғасын сәл өзгертіп, ықшамдап біріктіру арқылы (
елтаңба, 
әнұран, орамжапырақ, орама, орамдалған жапырақтар – капу-
ста

түпдерек
– 
түпкі дерек) пайда болған жеке сөздер. Мұндай 
жаңалықтардың «сүйегі» қазақтың төл сөздері болып келеді.


360
Лексикалық жаңалықтардың шағын бір тобын белгілі бір кезең-
дегі қолданыста қайта «тірілген» байырғы сөздер құрайды, мыса-
лы, 
обыр
(рак ауруы), 
көзқаман
(нигилист), оларды лингвистикалық 
әдебиетте 
аэлогизмдер
деп атайды. Жаңа сөздердің тағы бір 
азғантай тобын жарық көріп келген сөздіктерде тіркелмей келген
бірақ қолданыста көрініп қалатын кейбір байырғы сөздердің 
«еленіп-ескеріліп» сөздіктерде өз орнын алғандар құрайды, бұлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет