кірме
сөздер
деп қабылдайтын (атайтын) болсақ,
екінші тобын
шеттілдік
сөздер
деп тану керек. Шеттілдік сөздердің
қолданылу аясы тар: олар көпшілікқолды емес, яғни күнделікті өмірде
жиі әрі еркін жұмсалмайды, қалың көпшілікке мағынасы түсініксіз.
Оларды белгілі бір саланың (ғылымның, өндірістің т.б.) мамандары
ғана пайдаланады, белгілі бір әдебиеттерде ғана кездеседі.
Солардың бірі
–
жаңа приборлардың, құрал-жабдықтардың ат-
тары:
стереовизор, радиофон, видеомагнитифон, супер-автомат,
микрокинескоп
. Бұл атаулар қазақ тілінде жиі колданылмағанмен,
қазақша баспасөз беттерінде, ғылыми әдебиетте, тіпті оқулықтар мен
оқу құралдарында кездесетіні күмәнсіз.
Бензолон, полиэтилен, аэро-
зол
сияқты жаңа заттардың осы атаулары да қазақшалауға келмейді.
Дүниеге келіп жатқан жаңалықтардың ішінде ғылыми-техни-
калық, саяси-әлеуметтік терминдерге жатпайтын бір алуан қарапайым
заттардың, құбылыстардың атауларының көп сөзбен түсіндіріп,
атауға тура келетіндері бар. Мысалы, орыс тілінде
бройлер
деген
шеттілдік сөз бар, ол
–
«еті мол әрі тез пісетін балапан тауық» дегенді
білдіретін бір сөзді атау. Мұны көп сөзбен, сөз тіркесі арқылы, яғни
аналитикалық тәсілмен атаудан гөрі бөгде бір сөзбен
бройлер
деп
атаған әлдеқайда ұтымды. Қазақ тілі үшін де солай.
364
Осы сияқты метро құрылысын қазақша «жер астында электр
қуатымен жүретін пойыз» деп көп сөзбен атаудың орнына
метро
де-
ген бөгде тілдік бір атауды кірме сөз етіп қабылдаған дұрыс. «Болат
т.б. металл қоспасынан жасалған жолдың табаны» деп түсіндірме
атаумен атағаннан гөрі
рельс
деп шеттілдік бөгде сөзді қабылдаған
орыстардың тәсілімен қазақ тілінде де осылайша атау әлдеқайда
дұрыс, ал жолдың
теміржол
деп жалпы аталуы –
соқпақжол, тас-
жол, сужолы
деген сияқты жолдың түрін айырып атайтын жай
тіркес, ал рельс – сол темір жолды жасайтын «құралдың» жеке
атауы, оны «вагондары, паровоз, тепловоздар тағы басқаларының
дөңгелектеріне лайықтап жасалған металл табандар» деп атаудың
орнына бір сөзбен
рельс
(рельстер) деп қабылдау да кірме сөздердің
қатарында тұрады. «Ақша сақтайтын арнаулы орын» деп көп сөзбен
аталуға тиіс орынды бір сөзбен
банк
деп атау да осы қатардан табы-
лады. Кірме сөздердің ішінде бұл тақылеттес бірліктер қатары едәуір
баршылық. Қысқасы, белгілі бір тілде кірме лексикалық қабаттың
пайда болуының себептері көп, олар тіл білімінде кеңінен көрсетіліп,
дәлелденіп келеді.
Сөйтіп, қазақ тілінің қолданысына енген жүздеген, тіпті мыңда-
ған бөгде тілдік сөз, оның ішінде көпшілікқолды ғылыми-техника-
лық саяси-әлеуметтік, мәдени-идеологиялык халықаралық тер-
миндер, бірен-саран орыс сөздері орысша тұлғаланып жүргеніне
қарамастан, кірме сөз санатына танылуға тиіс.
Халықтың әлеуметтік-мәдени өмірінде белгілі бір қажеттіктерді
өтей алатын, өтеп отырған бөгде тілдік бірліктер, әсіресе лексикалық
топтар едәуір уақыт орын алып келе жатса, олар еркін әрі жиі
қолданылатын болса, бұларды сол тілдің сөздік қазынасына қоспау
дұрыс емес. Тілтанушылар, әсіресе қазақ тілінің орфографиялық,
орфоэпиялық, екітілдік, түсіндірме сияқты сөздік түрлерін жасау-
шылар (түзушілер) жүздеген, тіпті мыңдаған бөгде тілдік термин
сөздерді орысша орфограммасымен реестрге шығарып ұсынып
келе жатыр. Мұндағы мақсат – қазақ жазба үлгілерінде, әсіресе
баспасөз беттері мен әр алуан ғылыми еңбектерде жиі не сирек бол-
са да әйтеуір кездеседі деген сөздердің дұрыс жазылуын білу үшін
орыс тілінің орфографиялық сөздігіне қоса үңіліп отыру әрекетінен
құтқару еді. Қазіргі қазақ тілінде актив қолданыста жүрген сөздердің
көбі «бөгделік» тұрпаты (орфограммасы) сақталған бірліктер болып
шығады.
2006 жылы ұсынылған «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін»
алсақ, мұнда «орысша» жазылған «орыс» сөздері (дені интертер-
миндер) аз емес. Әсіресе емле сөздіктерінде бір сөздің әртүрлі
жұрнақтармен келетін түрлері түгел сөзтізбеге түсетіндіктен,
365
бұлардың саны тіпті көп болып шығады. Мысалы, бір ғана
баланс
деген сөзден туындаған
балансир, балансирлер, балансирлеуші, ба-
ланстау, балансты, баланстық
деген 7 сөзтізбе (реестр) болып
тіркелген. Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, тіпті екі тілді
сөздіктерінде орысша тұлғадағы сөздер көп деп сын айтушыларға
бұл факт дәлел болып көрінеді. Айталық,
Достарыңызбен бөлісу: |