Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет228/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

неолексизмдер
деп аталады, мысалы, 
егемен, орынтақ, үйқамақ, 
мырзақамақ
. Соңғы екі топ сан жағынан өте аз, бірақ тіл үшін мәні 
зор, тілдің қолданыстағы барша мүлкін сарқа пайдалануда, қажетіне 
қарай әр сөздің прагматикалық мәнін арттыруда аэлогизмдер мен не-
олексизмдер құнды материал болып табылады.
Жаңа лексикалық бірліктердің сан жағынан да, әрі қарайғы даму 
әлеуеті жағынан да, тілдің толыққанды қызмет етуіндегі орны мен рөлі 
жағынан да ең үлкен тобы 

бөгде тілдік сөздер, оның ішінде кірме 
деп аталатын бөлігі. Сондықтан осы жерде «кірме сөздердің» қазіргі 
қазақ тіліне қатысты статусын, өзге жаңалықтардан ерекшелігін, 
негізгі белгілерін, болашағын арнайы сөз етуге тура келеді.
Алдымен, «кірме» деген терминнің өзін анықтап алған жөн. 
Орыс тіл білімінде «заимствование» деп аталатын лингвистикалық 
бірлікті: жеке сөзді, сөз тіркесін, жұрнақтар, сөзалды элементтер 
сияқты морфологиялық тұлғаларды, синтаксистік модельді қазақша 
«кірме» (сөз, жұрнақ т.б.) деп атадық. Орысша терминнің мағынасын 
қуаласақ, ол пайдалануға, қарызға алынған сөз болып ұсынылады, 
ал қазақша 
кірме
терминінде «қолданысқа кіргізілген (кіріп кет-
кен) нәрсе» деген мағына байқалады. Бұрынырақта қазақ қауымы 
қолданысында кірме деп бір рудың не бір атаның адамдарының 
өзге руға, өзге атаға келіп паналағандарын атаған. Кірме сөздер де 
– сондай. Қазақ тілінде мағыналық баламасы жоқ, аудару не жасан-
ды тұлға ретінде балама ұсынуға болмайтын бөгде тілдік сөздерді 
алуға тура келеді, ол сөз қолданысқа түседі 

тілге кіреді, «кірме» 
атанады. Бұл «атаққа» (статусқа) ие болуы үшін мынадай белгілері 
болуы керектігі айтылып келеді: 1) кірме сөздің функционалдық 
стильдерде, әсіресе публицистикалық, ғылыми-көпшілік, күнделікті 
тұрмыстық қатынас стильдерінде еркін әрі жиі қолданылуы; 2) кірме 
сөз мағынасының көпшілікке түсінікті болуы; 3) тіркестер құрауға 
қабілетті болуы, әсіресе бөгде сөзді қабылдаушы тілдің өз сөздерімен 
тіркесіп, қолданысқа қажет лексикалық, грамматикалық бірліктер жа-
сау мүмкіндігінің болуы; 4) образ (бейнелі сөз, сөз тіркесін) жасауға 
қатыса алатындығы; 5) варианттарының болмауы; 6) қолданылу 
әлеуеті айқын болуы. Сөзді кірме деп танытатын шарттардың тағы 
біреуі (7-ншісі) және бар, ол көптеген тілде орын алып отырған белгі 


361

бөгде сөз дегеннің оны қабылдаған тілдің фонетикалық заңдылығы 
бойынша өзгеріп қолданылуы.
Бүгінгі қазақ әдеби тіліндегі кірме сөздерді тануға келгенде, 
кірмеліктің соңғы (7-нші) белгісі басты талаптардың бірі болмай 
отыр. Оның дәлелді себептері бар. Басым бөлігі білім-ғылымға, за-
манауи техникаға қатысты интернационалдық терминдер болып 
келетін мыңдаған сөзді кірме деп, яғни қазіргі қазақ сөздік қазынасын 
толықтырып отырған бірліктер деп тану немесе танымау проблемасы 
пікірсайысқа түсіп отырғандықтан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет