357
орысша алынды:
насекомдар, клетка, белок, ткань, спора, вита-
мин, молекула
деген сияқты бөгде тілдік терминдер ұзақ уақыт
қолданылып келді. Бұлардың ішіндегі бірқатар таза орыс сөздері
(
белок, насекомдар, ткань, клетка
т.б) болса, көбі интертерминдер
еді. Енді 1980-1990 жылдардан бастап мүмкіндігінше осылардың
қазақша баламаларын іздеу, жоқтарының орнына жасанды тұлғалар
ұсыну қарекеті орын алды. Бұл процесте XX ғасырдың басындағы
авторлар ұсынған терминдерге көңіл аударылып,
бунақденелілер
(на-
секомдар),
дәрумен
(витамин),
жасуша
(клетка) сияқты сөздер аэло-
гизмдер болып, қолданысқа енді.
Ал қалған жаңа сөздерге келсек, олардың біразы бұрыннан бар
қазақ сөздеріне жаңа мағына үстеуге немесе жасанды тұлғалар
ұсынуға табан тіреген кезең туды. Жасанды тұлғалардың да көбі
тілде бар сөздерді біріктіру немесе оларға жұрнақ жалғау арқылы
жасалған болып келеді. Мұның да сыры түсінікті: қазақ халқы – адам
мен малдың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің, қысқасы, табиғат
пен оны қоршаған дүниенің құрылысын, сипатын жақсы білген. Мы-
салы, жұмыртқаның құрамын бұрын жұмыртқаның ағы, сарысы деп
қана ажыратып атап келген болса, енді оның ақ құрамын ғылымда бір
сөзбен
белок
деп атау керек болғандықтан, оған
ақуыз
және
нәруыз
(Биология, 9-сынып, 2005) деген атаулар ұсынылды. Біраз уақыт
екеуі қолданылып келді де бұл күнде
ақуыз
варианты қалыптасқанға
ұқсайды. Сол сияқты
насекомое
дегенді
бунақдене
деген жасанды
сөзбен қазақша атауда да тілде бұрыннан бар екі сөзді біріктіріп
қолданудан жасалған биологиялық термин пайда болып тұр. Біздің
байқауымызша,
Достарыңызбен бөлісу: