Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет222/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

XX ғасырдың 20-30 жылдарынан
бастап қазақ баспасөзінің 
аумағы кеңеюіне, яғни газет-журналдардың сан жағынан көбеюіне 
қатысты, қазақ мектептері мен қазақ тілінде оқытатын бірді-екілі 
жоғары оқу орындарының жұмыс істей бастауына байланысты 
бұрын оқытылмаған алуан пәндерден оқулықтар мен оқу құралдарын 
жазу қауырт қолға алынуы ғылыми ұғымдарды атайтын сөздер мен 
жалпы оқу-білімді, ғылым салаларын баяндауға жұмсалатын жаңа 
қолданыстарды қажет етті. Төл және аударма оқулықтар мен өзге 
де оқу құралдары көптеп жарық көре бастады. Математика, химия, 
зоология, ботаника т.б. пәндерге арналған жазба дүниелердегі жаңа 
сөздердің немесе мағынасы ауысқан сөздердің жүздеп қолданыла 
бастағанын айтуға болады.
1920-30 жылдардағы жаңа социалистік жүйеде өмір сүре бастаған 
қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық хал-
ахуалына қарай орын алған оқиғалар, қауырт шаралар жүздеген жаңа 
ұғымдарды, жаңа заттарды дүниеге келтірді. Бұл кезеңде әсіресе 
жаңа ұғым атаулары көзге түсті. Мысалы, «революция» дегенді атай-
тын 
төңкеріс
, «совет» дегенді 
кеңес
дейтін сөздерден бастап, 
теңдік, 
тап тартысы, бәлшебек, жолдас(тар), баяндама, баяндамашы, 
жиылыс/жиналыс, өкіл, нұсқаушы, ауылнай
деген сөздер сол кезең 
үшін қазақ тіліндегі жаңа ұғым, адамға қатысты жаңа атаулар болды. 
Осы қатарда неологизмдердің үлкен тобы – жаңа ұғымды беретін сөз 
тіркесі болып келетін атаулар еді. Олардың ең жиі қолданылғандары – 
тап жауы, тап тартысы, кедей шаруа, социалды құрылыс, ауылдық 


353
кеңес, кеңес үкіметі, бай-құлақ, газеттің басқармасы (редакция-
сы), қаулы шығару
деген сияқты тіркестер еді. Б.Майлин, М.Әуезов, 
С.Мұқанов, С.Сейфуллиндердің шығармаларына қарағанда, XX 
ғасырдың 20-30-жылдарында қазақ ауызекі сөйлеу тілінде де жаңа 
сөздердің едәуір болғаны байқалады және олардың көбі орыс сөздері 
болып келеді. Мысалы, Б.Майлиннің 1920 жылдардың ішінде 
жазылған, сол кезеңдегі қазақ ауылдарын, қазақ қоғамын суреттеген 
әңгімелердегі диалогтерден 
расқот, нәлөк, сбор (жинау), списке, ат-
каз беру, контыр, кәмөнес, пыртақол
деген сөздер жиі кездеседі.
1930 жылдардың барысында алдыңғы кезеңдегі неологизмдердің 
көбі әдеби тілге сіңіп, яғни баспасөзде, жиын-жиналыстарда, 
көпшілікқолды кітаптарда жиі қолданылып та үлгерсе, бұлардың 
үстіне келесі онжылдықта дүниеге келіп жатқан саяси оқиғалар мен 
іс-әрекеттерге қатысты жаңа сөздер қосылды. Олардың ішінде 
тап 
жауы, халық жауы, кәмпеске, артель, коммуна, колхоз, совхоз, коо-
ператив, еңбек ақы, жал ақы, қисын (Маркс, Ленин қисыны), клуб, 
устав 
сияқты жеке атаулар мен лексикалық тіркестер бар және 
олардың көбі – бөгде тілдік бірліктер болып келеді. Жаңа орнаған 
советтік құрылыста айтылатын 
дауысқа салу, қол көтеру, қаулы 
шығару, ұйымдасу
(артель болып ұйымдасу), 
бірлесу, бірлестіру, ар-
тельге кіру, екпінділер, жоспар, оңшылдар, солшылдар, коллектив, 
лекбез
(ликвидация безграмотности) сияқты қазақша, орысша сөздер 
де – 20-30 жылдардың неологизмдері. Бұлардың көпшілігі баспасөз 
беттерінде де, күнделікті қарым-қатынаста да жиі қолданылды.
1920-30-жылдардағы оқу-ағарту ісіне, театр және басқа да ойын-
сауықтарға қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестері өз алдына бір 
төбе лексикалық байлық болып қосылды. Бұл көрсетілген фактілер, 
олардың түрлері, тақырыптары, жасалу амалдары жайында өз ал-
дына кең зерттеліп, баяндалатын әңгіме екендігі осы жұмыстың бас 
жағында да айтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет