КЕРДЕҢ МОЙЫН
. Тілімізде
кердең мойын кесілсе
деген тіркес
бар. Мұндағы
кердең – гардан
деген парсы сөзі, мағынасы – «мой-
ын». Сонда екі тілдік
мойын
деген сөз қатар/ айтылып, плеоназм
деп аталатын сөз түрін жасағаны байқалады. Екі тілге жататын бір
97
мағынадағы сөздердің қатар келіп, плеонастық құбылыс жасауы
– қазақ тілінде кеңінен көрінетін факт. Мысалы,
некен-саяқ, қыз-
қырқын, көр соқыр
сияқты сөздердің бір сыңары екіншісінің толық
баламасы (эквиваленті) екендігі оқулықтар мен жеке еңбектерде
кеңінен айтылып жүр.
КЕРЕН. КЕРІК
. «Қамбар батыр» жырында:
Керендей
ашып ауызын, –
деген жол бар. Мұндағы
керендей
сөзі өзге жырларда және осы
жырдың басқа варианттарында
керектей
,
арандай
түрінде келеді.
Керик
сөзі қырғыз эпосында да кездеседі: «
керигим
бар, пилим
бар». Бұл мұнда «носорог (мүйізтұмсық) деп аталатын жануардың
атауы» делінген. Сірә, қазақ жырларында да дұрысы
керіктей ашып
ауызын
болса керек. Әрине, бұл болжамымыз – егер қазақтар да об-
раз үшін
керік
атауы арқылы носорогті алған болса. Носорог – керік
сияқты айбарлы жануар аузын ашқанда, соншама қорқынышты
болатыны мәлім. Бұл образ – о баста қазақтың, қырғыздың өзінікі
емес (бұлар қоныс тепкен мекендерде носорог болған емес қой), өзге
әдебиеттерден келген кірме образ болса керек.
Ал
керік
сөзінің
керен
тұлғасына көшуін
керік
сөзінің жалпы қазақ
қауымына түсініксіздігінен іздеуге болады. Оның үстіне
құлан, бұлан
деген сияқты тағы жан-жануарлардың атаулары -
ан
деген дыбыстарға
аяқталып келетіндіктен, аузын кең ашатын бейтаныс аңның атын да
керен
деп ұғу – әбден заңды құбылыс.
Керік
сөзінің
аран
сөзімен ал-
масуы да – осы негізде.
Аран
да – бейтаныс нәрсе (жануар ма, өзге бір
образ ба?). Мүмкін
аран
– монғолдың
араатан
«жыртқыш, жыртқыш
аңдар» деген сөзінің бір варианты болар.
Ал
керік
сөзі қазақ эпостарында «ат, батырдың, балуанның мінген
аты» деген мағынада және қолданылады. Мысалы, «Алпамыс» жы-
рында:
Сол уақытта бір палуан
Келе жатыр ұмтылып,
Аяғын жерге сүйретіп,
Мінген
керкін
үйретіп, –
дейді. Немесе осы жырда қалмақ батыры туралы:
Астына мінген
керігі
Шыға келді ойнақтап, –
деген жолдар бар. Жырдың басылымында түсіндірілгендей,
керік
– «көлік, жүк, жұмыс көлігі» емес, бұл жердегі
керік
–
ат
дегеннің
бір атауы. Бірақ
керік
сөзінің бір қызығы – ол жағымсыз кейіпкерге
қатысты жерде айтылады.
Керік
мінген – қазақтың батырлары емес,
98
қалмақтың ханы не балуаны болып келеді. Соған қарағанда,
керік
деп
жалпы атты емес, «бойы аласа ат» деген сияқты жылқының белгілі
бір тұқымын атаса керек. Мысалы, ұйғыр тілінде
кәркә
сөзі «лили-
пут», «аласа бойлы» дегендерді білдіреді:
кәркә
бойлуқ
,
кәр ат
(аласа
келген кер ат) (Уйг.-русск. сл., 639). Жылқының монғолдық тұқымын
бөліп көрсету үшін, оны
керік
деп атағанға ұқсайды деп жорамал-
даймыз. Ал, жалпы алғанда бұл сөздің этимологиясын да, осы сөз
арқылы беріліп тұрған образдың сырын да әлі іздестіре түсу қажет.
КЕТБҰҒЫ
. Махамбет ақынның атақты «Айналайын Ақ Жайық»
деп басталатын толғауында:
Достарыңызбен бөлісу: |