Класы: 6 «А»
Күні: 19.11.2011ж.
Пәні: Ежелгі дүние тарихы
Тақырыбы: Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты: Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуын түсіндіре отырып, оқушыларға Ассирияның табиғат жағдайлары, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті, саясаты жөнінде толық мағлұмат беру арқылы, Ежелгі Ассирия тарихына қысқаша шолу жасау.
Білімділік: Оқушыларды Ассирия мемлекеті туралы деректермен таныстыра отырып, оның даму, өмір сүру, басқару және шаруашылықты жүргізу ерекшеліктері туралы білімдерін толықтыру. Әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, тапқырлық, ізденімпаздылық қасиеттерге жетелеу. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру арқылы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойындағы тарих әлеміне деген құштарлығын арттырып, тарихты құрметтеуге, білуге үйрету арқылы белсенділікке, ұйымшылдыққа, білімпаздыққа, жаңашылдыққа, тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру, өз бетімен әрекеттенуге үйрету, өз көзқарасын қалыптастыруға, ой-өрісін дамытуға талпындыру. Тез ойлауға, есте сақтауға, қосымша ізденуге дағдыландыру арқылы, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Баяндау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, синквейн.
Пән аралық байланыс: Мәдениеттану, әдебиет, география, саясаттану.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ.
Сабақтың уақыты: 45 мин.
Оқу бөлмесі: 2 кабинет.
Көрнекілікпен жабдықталуы: Мультемедия, карта, трек схемалары, суреттер, кесте, үлестірмелі материал.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. ә) Кабинет тазалығына назар аудару. б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
І. Таныстыру: Әр топ өз-өзін таныстырады. І топ- Күн құдайы Ра ІІ топ- Перғауын ІІІ топ- Пирамида
ІІ. Қызығушылықты ояту: Ежелгі Египет Ежелгі Египет туралы не білесіңдер, соны мына кластерге келіп жазу.
1._________________
Ежелгі Египет 2._________________
3._________________
IІI. Үйге берілген тапсырма: Өз бетінше іздену, үйге берілген тапсырма бойынша оқушылар сөзжұмбақ құрып келеді. Сөзжұмбақты әр топ бір-біріне беру арқылы шешеді.
ІV. Біліміңді көрсет: «Ұяшықтағы сұрақтар»
Экрандағы ұяшықтарды таңдай отырып, әрбір топ оқушылары жауап беруі керек.
Сұрақтары:
Ежелгі Египет
№ 2
1.Египетте құл иеленушілік құрылыс қашан қалыптасты?
2.Египетті ең алғаш біріктіруші патшаны ата?
3.Перғауындар қандай міндет атқарды?
№1
1.Египет мемлекетінің пайда болуы жөнінде мәлімде? 2.Египеттіктер қандай қолөнер түрімен айналысты? 3.Египеттіктер таңба суреттер қалай аталды?
№3
1.Египетте шағын мемлекеттер қашан пайда болды? 2.Египет мемлекетінің алғашқы астанасы қалай аталды? 3.Б.з.б 1500 жылдар шамасында ІІІ Тутмос қандай жерлерге жорықтар жасады?
№4.
1.Құлдар қандай міндет атқарды? 2.Қай патшаның тұсында Сирияға 17 рет жорық жасалды? 3.Египеттіктер қандай шаруашылық түрімен айналысты?
№ 2
1. Хеопс пирамидасы жөніндегі деректер кімнің еңбегінде кезеседі? 2. Египеттіктерге оқуды, жазуды үйреткен ақылдың құдайын ата? 3. Математикалық ғылымның шығуына қандай жағдайлар әсер етті?
№ 1.
1.Египеттіктердің табиғат байлығы жөнінде мәлімде? 2.Египетте шонжарлар тобына кімдер жатты? 3.Перғауындар жаулап алған елдерін қалай тонады?
№ 3
1. “Тірі өліктер” деп кімдерді атады? 2. Жазғыштар қандай міндет атқарды? 3. Египет әдебиеті жөнінде мәлімде?
№ 1
1.Египеттіктердің аспан әлемі жөніндегі түсінігі қандай болды? 2.Египетте мұғалімдік қызметті кімдер атқарды? 3.Египетте ең ірі храмдар қай жерлерде тұрғызылды?
№ 2
1.Египетте ғылыми білімдердің қандай түрлері дамыған? 2.Ежелгі Египетте пирамидалар кімдердің құрметіне арналып салынды? 3.Ең бірінші пирамида кімге арнап салынған?
№ 3
1.Ежелгі Египетте алфавиттік жүйе неше дыбыстан тұрды? 2.Хеопс пирамидасының біктігі неше метрге жуық? 3.Египеттіктер жазу үшін нені пайдаланды?
№ 4
1. Египеттіктердің діни түсініктері қалай пайда болды? 2. Египетте еңбекшілер тобына кімдер жатты? 3. Сфинкс жөнінде мәлімде?
V. Шығармашылық жұмыс: Папирус парақтарына Египет иероглифтері мен сандық таңбалар, бейнелер салып келеді. Соны әр топ шешеді.
VІ. Топ тапсырмасы: «кім жылдам»? Кестені толтырып, еңбекшілердің ұқсас жақтары мен айырмашылығын табыңдар: Білімді жүйелеу және қорытындылау мақсатында мына кестені толтыру беріледі
№
|
|
құл
|
шаруа
|
қолөнерші
|
тау-кен жұмысшылары
|
1
|
Нені иемденді?
|
|
|
|
|
2
|
Қандай жұмыстар атқарды?
|
|
|
|
|
3
|
Қандай құқықтары болды?
|
|
|
|
|
І. Жаңа сабақ түсіндіру: Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы.
Жоспар: 1. Ассирия мемлекетінің құрылуы. 2. Ассирияның шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы. 3. Ашшур қала-мемлекеті.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІ. Ғасырлар және жылдар: 1. (Б.з.б. ІІ мыңжылдық) Ассирияның мемлекеті пайда болды . 2. (Б.з.б.ХV ғасыр) Ашшур қала-мемлекеті көтеріле бастады. 3. (Б.з.б. ХVІІ ғасыр) Ассирия әскери мемлекетке айналды. 4. (Б.з.б.VІІІ ғасыр) Ассирияның қуаты арта түсті. 5. (Б.з.б. 605 жыл) Мидия мен Вавилон одақтаса отырып Ассирсяны жеңді.
ІІІ. Топтастыру:
ІV. Венн диаграммасы арқылы бекіту:
Ежелгі Египет мемлекеті: Ежелгі Ассирия мемлекеті:
V. Сабақты қорытындылау: Берілген сұрақтардың жауаптарын тыңдау арқылы сабақты қорытындылау.
VІ. Оқушыларды бағалау: Сабақ айтқан, сабаққа белсене араласқан оқушыларды деңгейіне қарай бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру: Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы. «Ассирия» атты сөзжұмбақ құрастыру, осы мемлекет жөнінде мәліметтер жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |