Аспаптық тексеру Қанкетудің, өзге ағзалар мен жүйелердің патологиялары, сондай-ақ, солидті ісіктердің пайда болу көздерін анықтау мақсатында:
· Көрсетімдер бойынша фиброгастродуоденоскопия;
· Көрсетімдер бойынша АІЖ-ның ағзаларының рентгенологиялық зерттеулері;
· Көрсетімдер бойынша кеуде қуысының ағзаларының рентгенологиялық зерттеулері;
· Көрсетімдер бойынша фиброколоноскопия;
· Көрсетімдер бойынша ректороманоскопия;
· Көрсетімдер бойынша кіші жамбас ағзаларының УДЗ-і;
· Көрсетімдер бойынша құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-і;
ТТА кезіндегі емдеу бағдарламасы келесілерді құрайды: · этиологиялық факторларды жою (негізгі сырқатты емдеу);
· емдеу тағамы (диета № 11);
· темірқұраушы препараттармен емдеу;
· темір қорының орнын толтыру (қанықтыру терапиясы).
· Рецидивке қарсы терапия.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
· Диета. Темір тапшылықты анемия кезінде науқасқа темірге бай диета ұсынылады. Жануар текті өнімдердегі темір өсімдік текті өнімдердегі темірге қарағанда едәуір көп көлемде ішекке алынады.
Дәрі-дәрмектік емдеу: Себебі жойылмаған жағдайда, ТТА толық емделмейді. ТТА-ның патогенетикалық терапиясының негізі темір препараттары болып табылады. Трансфузиялар ферротерапияны алмастырмайды. Ферротерапия темір препараттарын ішке қабылдау және парентеральды препараттарды қабылдаумен жүргізіледі.
Парентеральды препараттар ішінде вена ішілік препараттарды қабылдау дұрыс, себебі, бұлшықетке енгізулер ауырлық тудырады, түрленгіш абсорбцияға ие және инфильтраттардың түзілуіне алып келуі мүмкін.
Темір препараттарымен терапия жүргізудің қорытынды нәтижелері енгізу жолдарына байланысты емес бірдей болып табылады – гемоглобин деңгейінің артуы. Әр түрлі енгізу жолдарымен, әр түрлі препараттар арасындағы айырмашылықтар емдеуді төзу қабілеттілігі мен гемоглобин деңгейінің өсу темпі болып табылады.
В12-ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯ (мегалобластикалық анемия, зиянды анемия, Аддисон-Бирмер ауруы) үдемелі гиперхромды, макроцитарлы анемиямен, нейтрофилдер ядроларының гиперсегментациясымен, мегалобластикалық эритропоэзбен және басқа қан түзу кемігіндегі морфологиялық ауытқулармен сипатталады; Басқа анемиялардан айырмашылығы, В12 тапшылықты анемия көбінесе патологиялық психоневрологиялық симптомдардың (фуникулярлық миелоз) дамуымен байланысты.