IV. Инсулинжәне инсулиннің туындылары Белгілі бір кезеңде ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың 30–40%-ы инсулин дәрілік заттарын қабылдай бастайды. ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарды инсулиндік терапияға көшірудің жиі варианты әсері ұзартылған инсулинді (БХП инсулині, гларгин немесе детемир) таблетка түріндегі қант деңгейін төмендететін дәрілермен қатар тағайындау болып табылады. Ашқарындағы гликемия деңгейін метформинмен реттей алмаған жағдайда немесе соңғысына қарсы көрсеткіш болғанда, науқасқа кешке (түнде) инсулин егуі тағайындалады. Таблетка түріндегі дәрілермен ашқарынға немесе постпрандиальды гликемияны реттеуге мүмкіндік тумаса, науқас моноинсулинотерапияға көшіріледі. Әдетте, ҚД-2 кезінде инсулиндік терапия «дәстүрлі схема» бойынша жүргізіледі, яғни ұзартылған немесе қысқа әсерлі инсулиннің бекітілген мөлшерін тағайындау. Бұл кезде бір флаконда қысқа (ультрақысқа) немесе ұзақ әсерлі инсулині бар стандартты инсулин қоспаларын қолданған ыңғайлы. Дәстүрлі инсулиндік терапия ҚД-2-мен сырқаттанған егде жастағы науқастарға тағайындалады, себебі мұндай науқастар инсулин мөлшерін өзбетінше реттеп өзгерте алмайды.
Rp: Insulini pro injectionibus 5 ml (1 ml — 40 ED)
D.t.d: №2 in amp.
S: По 0,5 мл (20 ЕД) подкожно, ежедневно.
Артериялық қан қысымын бақылау. ҚД кезінде систолалық ҚҚ 130 ммHg, ал диастолалық ҚҚ 80 ммHg болуы тиіс. Бұған қол жеткізу мақсатында науқастардың көбіне бірнеше гипотензивті дәрілерді тағайындайды. ҚД кезінде гипотензивті терапияның таңдау дәрілері ААФ ингибиторлары және ангиотензин рецепторларының блокаторлары болып табылады, сонымен қатар қажет болғанда тиазидті диуретиктер тағайындалады. ҚД сырқаттанған, миокард инфарктін басынан өткізген науқастарға таңдау дәрісі β-адреноблокаторлар болып табылады.
Дислипидемия коррекциясы. Гиполипидемиялық терапияның таңдау дәрілеріне 3-гидрокси-3-метилглутарил-КоА-редуктаза ингибиторлары (статиндер) жатады.
Антиагрегантты терапия. Аспиринмен терапия (75–100 мг/сут) 40 жастан асқан ҚД-мен сырқаттанған науқастарға жүрек-қантамыр жүйесі патологиясының даму қаупі жоғары болғанда (асқынған отбасылық анамнез, артериялық гипертензия, темекі тарту, дислипидемия, микроальбуминурия), атеросклероздың клиникалық көрінісі анықталған барлық науқастарға екіншілік профилактика мақсатында тағайындалады.
ЖИА скринингтеу және емдеу. ЖИА-ны анықтауға арналған жүктемелік тесттер жүрек-қантамыр жүйесі аурулары симптомдары көрініс берген, ЭКГ-де патология анықталған науқастарға тағайындалады.