Клиникалық есеп №1



бет10/45
Дата24.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#198913
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
!АиГ экзамен (1)

Клиникалық есеп №7


Клиникалық детальдар: сіз акушер-гинеколог дәрігерсіз, қабылдау үстінде, 5 мамыр. 24 жасар алғаш жүкті әйел кезекті жоспарлы визитпен келді. Сүт безіндегі ауру сезіміне, ареола мен емізіктерінің сезімталдығының жоғарылағанына шағымданады.
Ауру анамнезі: жүктіліктің 11-аптасынан бастап есепте тұрады, соңғы етеккір18 қарашада болған. Соматикалық, гинекологиялық аурулары жоқ.
Объективті:Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қалпы нормостеникалық. Тері жабындысы қалыпты, таза, ісіну мен веналардың варикозды кеңеюі жоқ. Сүт бездері қалыпты дамыған, симметриялық, емізіктері айқын, ареола мен емізіктері пигменттелген, емізіктерде бөліністер мен өңездену жоқ. Пульс 78 рет минутына, АҚҚ 100/70 с.б.б., температура 36,3ºС. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Жатыр қозбаған, ЖТБ - 24 см, ұрық қозғалысы анық сезіледі, ұрықтың жүрек соғысы ритмді, 142 рет минутына. «Соққылау» симптомы теріс. Өзіндік зәр шығарады, ауырсынусыз, нәжісі ретті.
УДЗ қорытындысы:20 апталық жүктілік, плацента жатырдың алдыңғы қабырғасында орналасқан, ұрықтың даму ақаулары анықталмады.



  1. Жүктілік мерзімі мен болжамды босану мерзімін анықтау

Жүктілік мерзімі: 24 апта (24 апта 2 күн)
Болжамды босану мерзімі: 25 тамыз

  1. Науқасқа қарапайым тілде ұрықтың УДЗ скринингінің нәтижесін түсіндіру

Жүктілік мерзімі ультрадыбыстық зерттеу бойынша 20 апта, ұрықтың даму ақаулары анықталмаған, плацентаның орналасуы қалыпты.

  1. Клиникалық диагнозды қою

Жүктілік 24 апта, физиологиялық.
4. Жүктіліктің зерттеу жоспарын құру
1. Қарап тексеру:

  • Егерде әйелде соңғы ДСИ 18,0 ден төмен болған жағдайда, ДСИ қайталап өлшеу;

  • АҚ өлшеу;

  • Аяқтарды қарау(веналардың варикозды кеңеюі);

  • Жатыр түбі биіктігін өлшеу (гравидограммаға белгілеу);

  • Ұрықтың жүрек соғу жиілігін тыңдау;

  • Босануға дейінгі отпускты ресімдеу.

2. Лабораториялық зерттеу:

  • RW, ВИЧ;

  • зәр анализінде белокты анықтау;

  • жалпы қан анализі.

3. Инструментальдық зерттеу:

  1. Рекомендация беру. Келесі келу визитінің датасын белгілеу.

ІVкелу визиті – 30-32 аптада, 16 сәуір
Сөйлесу:

  • жүкті әйелде асқынуларды анықтау(преэклампсия, қан ағу, қағанақ суының әлсіз ағуы, ұрықтың қимылын);

  • қажет болған жағдайда жүктіліктің жүргізуін ауыстырып, жүкті әйелді акушер-гинекологтың консультациясына жіберу, асқынулар анықталса – ауруханаға жатқызу;

  • Проблемаларды талқылау және сұрақтар қою мүмкіндігімен ақпарат беру, сонымен қатар «Жүктілік кезінде қауіп қатер белгілері» және «Босану жоспары» туралы талқылау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет