Клиникалық есеп №8
Клиникалық детальдар: Әйелдер консультациясына қайталамалы жүкті әйел 34 жаста, 5 күн бойы жүріп жатқан кезде іштің ауруы мен ауырлығына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 33 апта.
Анамнез: менструация 12 жастан, бірден қалыптасты, 5 – 6 күнде, 28-30 күннен кейін, регулярля, ауру сезімсіз, бірқалыпты. Жыныстық өмір 26 жастан, тұрмыста. Босану 2, екеуіде ірі ұрық. Гинекологиялық аурулар жоқ.
Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, тері мен шырышты қабаттар таза. Сүт бездері жұмсақ, ауырсынусыз. ЖСЖ 82 рет/мин, АҚ – 130/80мм.сын.бб. Іші жүкті жатырдың арқасында үлкейген, құрсақ қабырғасы шамадан тыс созылған. Іш айналымы 90 см. Жатыр түбінде ұрықтың бөліктері анықталынбайды, сол жақта ұрықтың үлкен бөлікті және дөңшелек пішінді, оң жақтан да пальпациялағанда үлкен бөлікті консистенсиясы жұмсақ екендігі сезілінеді. Бейімделген бөлігі жоқ(Предлежащей части нет). Ұрықтың жүрек соғысы ритмді, кіндік деңгейінде. Босану белгілері жоқ. Пастернацкий симптомы екі жақтанда теріс. Зәр шығары бос, ауру сезімсіз. Үлкен дәрет регулярлы.
Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс ағзалары дамуы дұрыс, шаштың өсуі әйел типті.
Айнада: қынап пен жатыр мойнының қынаптық бөлігінің шырышты қабаты цианозданған, таза. Сыртқы зев жабық. Бөлінділер шырышты.
Бимануальное зерттеу: Қынап босанушыныкы, сыйымды. Жатыр мойнының ұзындығы 3,5 см, артқа ауытқан, сыртқы зев жабық. Келіптұрған бөлігі анықталынбайды. Мыс не достижим.
Лабораториялық зерттеу:
Жалпы қан анализі: эритроцит 4,6*1012 г/л . Hb 120 г/л, гематокрит - 45%; тромбоцит- 260 х 109/л, лейкоцит – 5.0х109/л, эозинофил – 0-5%. нейтофил - 5%, лимфоцит – 34%, моноцит -10%, ЭТЖ – 19 мм/сағ.
Жалпы зәр анализі: цвет соломенно-желтый, прозрачная, плотность -0,01г/л, белок – abs, эритроциты - abs, лейкоциты до 0-5 в поле зрения.
Анализдерге интерпретация жасау
Жалпы қан анализі: қалыпты деңгейде, патологиялық өзгерістер жоқ;
Жалпы зәр анализі: қалыпты, патологиялық өзгерістер жоқ.
Алдын ала диагнозды қою
Жүктілік 33 аптада. Ұрықтың көлденең жатуы, 1 позиция.
Жүкті әйелге қажет зерттеулерді протокол бойынша анықтау
- Сыртқы акушерлік зерттеу;
- Инструментальдық зерттеу: УДЗ
Патологияны анықтағанда акушер гинекологтың тактикасы
Жүктіліктің 34-36 апталарында жүкті әйелге корригируші гимнастика тағайындалынады. Бұл гимнастика ұрықтың баспен жатуына әсер етеді. Әйел 15 минут бір бүйірінде жатып, кейін басқа бүйіріне аударылу керек. 3-4 рет осылай аударылып жату керек.
Жоспарлы және жедел түрде ауруханаға жатқызу көрсеткіштер
Жедел:
Қағанақ суы мерзімінен ерте кеткенде;
Ұрықтың ұсақ бөліктері түскен кезде;
Мерзімінен ерте босану кезінде.
Жоспарлы:
38-39 аптада әйелді акушерлік стационарға жатқызады. Ұрыққа қарсы көрсеткіштер болмаса, ұрықтың ұзына бойы қалпына сыртқы акушерлік бұрылыс жасайды. Босану паритетіне қарамастан, ұрықтың көлденең қалпы сақталса, онда босандырудың жалғыз әдісі – кесар тілігі.
Клиникалық есеп №9
Клиникалық мәліметтер: Сіз акушер - гинеколог дәрігерісіз. 17.06 емхана қабылдауында алғашқы жүкті болушы әйел, 24жаста, № 90 мектепте мұғалім. Кезекті жоспарлы қаралуы. Оң жақ сүт безінің тығыздануына шағымданады. Жүктілікке орай демалыс жайлы сұрайды.
Аурудың анамнезі: Жүктіліктің 11-аптасынан бастап тіркеуде тұр. Соңғы етеккірі 18 қарашада болған. Соматикалық және гинекологиялық аурулары жоқ.
Объективті белгілері: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысының түсі қалыпты, ісінулер және көктамырдың варикозды кеңеюлері жоқ. Сүт бездерінің дамуы қалыпты, симметриялы, емізіктері айқын, ареола және емізік аймақтары жақсы пигменттелген. Түзілістің контуры анық, ауырсынусыз. Емізіктерде дақтар және бөліністер жоқ. Пульсі 78 рет, АҚ 100/70 мм с.б.б., дене температурасы 36,3°C. Тілі ылғалды және таза. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр және көкбауыры үлкеймеген. Жатыр овоидты формада. Жатырында қозу жоқ. Жатыр түбінің биіктігі 30см. Кіші жамбас кіреберісінде – ұрықтың тығыз және ірі бөлігі, қозғалмалы, ұрықтың жүрек соғысы кіндіктен төмен сол жақта анықталады, 1 минутта -136рет. «Ұрғылау» симптомы теріс. Зәр шығару өздігінен, ауырсынусыз. Нәжістің келуі ретті.
Достарыңызбен бөлісу: |