Күнделікті сабақ жоспары 1Тақырып


Қарым-қатынас (коммуникация)



бет13/18
Дата19.10.2023
өлшемі317,24 Kb.
#186866
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ПК тема1

Қарым-қатынас (коммуникация) жасай білу мейірбикенің іс-әрекетінің ықпалды қатынасы үшін аса қажет ептіліктердің бірі. Ол пациентпен, оның отбасымен, дәрігермен және басқа мамандармен өзара әрекет етуі үшін өте керек.
Қарым-қатынас жасаудың үш деңгейі болады:
1. тұлғашілік – жұмыс кезінде өзімен-өзі;
2. тұлғааралық – екі немесе одан да көп адамдар арасында;
3. қоғамдық – бір адамның үлкен аудиториямен қатынасы.
Қарым-қатынас каналдары:
- ауызша сөз – алушы оны есітеді;
- сөзсіз хабарлама – мимика, ым-ишараттар, кейіптер, әрекеттер – алушы оны көреді;
- жазбаша хабарлама – алушы оны оқиды.
Қарым-қатынастың вербалдық (сөздік) және вербалдық емес (сөзсіз) болуы мүмкін.
Вербалдық қатынасты ықпалды ету үшін:
- баяу сөйлеу, жақсы баяндау, қарапайым қысқа сөз тіркестерін қолдану керек;
- мамандыққа байланысты терминологияны қолданбау;
- қатынас үшін қолайлы уақытты таңдау;
- өзіңізді дұрыс түсінгеніне көз жеткізу.
Жазбаша қатынас ұқыпты жазылғанда, әріптердің дұрыс өлшемі мен түсі таңдалғанда, сауатты жазылғанда, түсінікті және қарапайым сөздерді қолданғанда ықпалдырақ болады.
Пациентпен сөзсіз (вербалдық емес) қатынас жасауда мейірбикенің сыртқы түрі мен бет әлпетінің білінісі үлкен рөл атқарады.
Мейірбике мен пациент: қарым-қатынас құру әдістері Медициналық қызметкер мен пациенттің арасындағы қарым-қатынас ылғи жақсы бола бермейді. Қарым-қатынастың онша дұрыс болмауының себептері коммуникацияның түрлі элементтерінің бұзылу салдарынан болуы мүмкін.
Олардың ішінде ең жиі кездесетіні: Хабарлаудың айқын еместігі. Хабарлаудың баяу дауыспен айтылуы немесе нашар жазумен жазылуы, ең нашары онда түсініксіз терминдердің болуы (әңгімелесетін адаммен шет тілінде сөйлегендей). Әдептен тыс арнаны пайдалану. Жіберушінің (яғни сіздің) ақпарат жеткізу үшін дұрыс арнаны пайдаланбауы. Мысалы, естуінде проблемалары бар адамға ақпаратты ауызша сөздермен жеткізу, ал көзі көрмейтін адамға ұсақ медициналық жазумен жазылған жазбаша нұсқаулықты беру. Ақпараттың дұрыс түсінілгенін растамау. Егер хабарламаны алушы ақпаратты жіберуші (яғни сіз) жоспарлағандай, түсінгенін растамаса, онда бұл қарым-қатынасты қанағаттанғысыз деп есептеуге болады. Мысалы, медбикенің: «Өзіңізге тағайындалған дәріні қалай қабылдау керектігін түсіндіңіз бе?» деген сұрағына пациент: «Иә, түсіндім!», – деп жауап береді, бірақ, пациент сізді оған айтқандай түсінді деп ойламаңыз. Пациенттермен қарым-қатынас психологиясы растау үшін хабарламаны пациенттің дұрыс түсінгенін білдіреді, ол үшін мейірбике ақпаратты дұрыс қабылдауды растайтын бірнеше тексеруші ашық сұрақтар қоюы тиіс. Мысалы: «Өзіңізге тағайындалған дәрі-дәрмектерді қалай қабылдайтыныңызды айтыңызшы», «Дәрігердің қабылдауына қанша уақыттан кейін келуге тиіссіз?», «Бұл дәріні немен ішесіз?» және т.б. Бұл жағдайда пациент мейірбике хабарламасын қалай түсінгенін қайталап айтып береді. Осы жерде оны түзету де мүмкін болады – бұл ең бастысы. Осылай өз ақпаратыңыздың дұрыс қабылданғанына көз жеткізесіз.
Пациенттермен тілдесу, әңгімелесу қоғамда қабылданған, барынша зерттелген қарым-қатынас арналарын білдіреді: ауызша сөз (алушы хабарламаны тыңдайды); сөзсіз қарым-қатынас (мимика, ымдаулар, кейіптер, хабарламаның мәні мен егжей-тегжейлілігін бейнелейтін қандай да бір өзге іс-әрекеттер); алушы хабарламаны тыңдайды және хабарламаны сөзсіз толықтыруды көреді; жазбаша хабарлама (алушы хабарламаны оқиды).
Әрине, кез-келген арнадағы пациенттермен қарым-қатынастың тиімді ережелері мұқият дайындықты, сұхбаттасушыға мұқият қарауды және қарым-қатынасқа өзара дайындықты білдіреді. Көбінесе адамдарда (әсіресе қарт адамдарда) көру, есту қабілетінің бұзылуы, физикалық белсенділіктің шектелуі және басқа да жеке проблемалар бар, олар қандай-да бір жолмен қарым-қатынасқа түседі. Мұның бәрі пациенттермен қарым-қатынас ерекшеліктеріне кіреді және әңгіме құру кезінде қатаң ескерілуі керек.
Ешқашан нақ қарым-қатынас арқылы әрбір адамның бірегейлігі айқындалатынын ұмытпаған жөн. Тиімді қарым-қатынастың барлық элементтерін пайдаланса да, неге кейде медицина қызметкерлері мен пациенттер бір-бірін нашар түсінеді? Бұл мәселені түсініп алу үшін қарым-қатынас жасау тәсілдері мен ережелеріне қысқаша шолу жасау қажет.
Биоэтика
• Биомедициналық этика — адам, оның өмірі, денсаулық,құндылығы, өмір сапасы туралы медицина және денсаулықсақтау саласымен байланысты тәртіп ережелер.
• Биомедицинская этиканың пәні —медицина, денсаулық сақтаусалаларында (биология, генетика, биотехнология, ес туралығылым, тағы басқалар.) мораль мәселелерін талқылау
• Негізгі мақсаты: этикалық құндылықтармен мәселелерді шешу,заманауи медицинада нақты моральдық мәселерді шешугеқатысу.
Бүгінде биомедициналық этика төрт түрлі формада берілген:
1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі қағидасы – «зиян тигізбеу». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенмділігін алады. Гиппократпен берілген дәрігерлік ету қағидалары (460-377гг.) дәрігерлік этика бастаулары мен Гиппократ антында айтылады.
2. Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «жақсылық жасау»,орта ғасырда қалыптасқан. Бұның негізінде дәрігер мен науқастың эмоционалды сұхбаты жатыр. Оның негізінде емдік үрдіс қалыптасады.
3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 жылы қалыптасқан. (авторы Петров). Негізгі қағидасы намыс тазалығы мен міндеттік нақты орындалуы. Ол медицнақауымымен бекітілген ар—ұят кодексіне негізделген.Биоэтика – дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңа түрі. Оныңнегізінде адамның құқығы мен құндылықтарын сыйлау қағидасы жатыр.
Биоэтика философиялық ғылымның маңызды нүкт
есі, ол жаңа заман медицинасының технологиялық жабдықталуымен, генді инженерия ғылымының пайда болуы, трансплантологии, адам өмірін сақтауға арналған құралдардың болуына байланысты. Бүгінде аборт, бала көтеру, жасанды ұрықтандыру, клондау, сексология, эвтаназияға байланысты этикалық
ахуалдар көп. Сенім орнату, дәрігердің науқасқа түсінікпен, жақсы, саналы қарау делінген. Деонтологиялық этикаға қарағанда биоэтикада құқықтар шағылысы аса маңызды, яғни ұрықтың өмір сүру құқығы, әйелдің түсікжасату құқығы – жүкті болу құқығы, эвтаназия құқығы –жақсы өлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет