Бекітемін:
Сыныбы: 9
Күні:
Тақырыбы: Ж.Жабаев
Мақсаты:
1) Білімділік: Айтыскер акын Жамбылдың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуды оқушыларға жан-жақты білім беру үшін ақынның туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете отырып, іздендіре меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, өз бетінше ізденуге дағдыландыру,әдебиетті сүюге баулу.
3) Тәрбиелік: Адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, әдебиетті, өнерді сүюге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интер тақта, сурет, кітаптар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
« ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдерін білеміз бе?» Оқушыларды топқа топтастыру арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату. Бір-біріне жылы лебіз айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Жабық сұрақ
Р/С
|
Сұрақтар
|
Иә
|
Жоқ
|
1
|
ХХ ғасыр әдебиеті империялистік әдебиетті дәріптеді
|
|
+
|
2
|
«Айқап» журналы Троицкіде шығарыла бастады
|
+
|
|
3
|
«Қазақ христоматиясының» авторы А.Құнанбаев
|
|
+
|
4
|
1913 жылы «Қазақ» газетінде А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы шықты
|
+
|
|
5
|
ХХ ғасыр әдебиеті ағартушылық-демократтық бағыттағы әдебиет
|
+
|
|
6
|
«Маса» жинағының авторы М.Дулатов
|
|
+
|
7
|
«Қазақтың бас ақыны » атты мақала А.Құнанбаевқа арналған
|
+
|
|
8
|
Ш.Құдайбердіұлы «Зар заман» ақыны
|
|
+
|
ІІІ. Тұсаукесер:
«Ой қозғау» әдісі ( слайд)
ІV.Жаңа сабақ
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
1.Жамбылдың өмірі
2. Ақын жырлаған тақырыптар
3.Жамбыл айтыстары
4. Жамбыл өлеңдерін жатқа айту
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау
V. Сабақты бекіту:
Шығармашылық жұмыс
«Мен-саған-сен маған» әдісі
1 топқа. Жамбыл өлеңдеріне ұйқас айту
Менің пірім –Сүйінбай
Сөз сөйлемен сыйынбай.
--------------------------------
----------------------------------
2 топқа
--------------------------------------------
------------------------------------------
Жақсының әрқашанда жөні бөлек,
Жаман адам жарамас бір қымтарға.
3 топқа
Әріп жұмбақ. Жасырылған әріптердің арасынан Жамбылдың өлеңін тауып оқу
АтсмвАдамдықтывпролсайт,тирангвыерліктірпнюджэзщайт,эжрбатырлықтыхшгн айт,
Елорпенюжэбірлігінйцутбюсақтағанхдлгрпеататулықтысмигнерөқұайт.авкенқұһоржэқұн
МрпнкеуқұүһҚарынбайдайжнегқдлшщзсараңдароргнңімртолыпюждщшұүпае жатыр,хһд
Оныжзнекұқбщзмақтапқұһжэдорпмиәурерпнекмитұболмайжхкуғгтқұродүйіңеэжхзи қайт.
4 топқа
Жамылдың өлеңіне талдау жаса
Он бесте-ақ домбыраны алдым қолға,
Тең басқан төрт аяғын болдым жорга.
Он алты желі ұзатты, өрістетті,
Түскендей бұлтартпайтын даңгыл жолға (Менің өмірім)
VІ. Сабақты қорытындылау: «БББ» әдісі
Бағалау
VII. Үйге тапсырма: Ж.Жабаев тақырыбын оқу, өлеңдерін жаттау.
Кері байланыс: Жүз жасаған бәйтерек
Жамбылдың атын бұрынғы Одақтың барлық халықтары білетін. Оның шығармалары орыс тіліне аударылды. Шетелдің алдыңғы қатарлы прогресшіл адамдары Жамбылды үлкен жыршы деп таныды.
Дат жазушысы Мартин Андерсен Нексе: “Сіз өзіңіздің ұзақ өміріңізде көп, қызықты, ұлы істерді бастан кешірдіңіз. Сіз бақыттысыз, өйткені сіз мәдениеттің көшпелі өмірден өсіп жеткендігін көрдіңіз және сіздің жүрегіңізешбір қартаймайды, ер жігіттің жүрегіндей болып келеді” – деген болатын. Жамбылдың көптеген өлеңдері ағылшын, француз, испан, қытай тілдеріне аударылып таралды.
Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Жамбыл – айтыстың асқан шебері.Ол өз кезеңін көптеген атақты ақындарымен айтысып, бірде-бірінде жеңілмеген.Біз бүгінгі сабағымызды сатира, жыршы, жырау, айтыс туралы айттық. Сатира, жыршы, жырау, айтыс дегеніміз не? (ауызша жауап аламын)
Дәптерлеріне Жамбыл Жабаевтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы ойтолғау жаздырамын.
“Жыр алыбы – Жамбыл”
Сабақты бекіту.
Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Ақын шығармаларының толық жинақтары бірнеше рет басылып шыққан, ол туралы зерттеу кітаптары жазылған, кинофильмдер түсірілген. Жамбыл атымен облыс, елді мекендер, көшелер аталады. Ақынның туғанына жүз елу жыл толуын ЮНЕСКО-ның ұйғарымымен күллі Қазақстан жұртшылығы, бүкіл дүние жүзі үлкен мереке ретінде атап өті.
Оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма:
1.Жамбыл Жабаев жөніндегі ақын-жазушылардың еңбектерін оқу.
2.Ақын өлеңдерін жаттау.
Сурет: kyiv-vestnik.com.ua
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу.
Дамытушылық: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, география
Сабақтық көрнекілігі: Ж. Жабаевтың суреті, шығармалары, слайд.
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру сәті
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Кезекші арқылы түгелдеу
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу
4. Оқушылар назарын өлең жолдарымен сабаққа аудару.
«Өнер алды – қызыл тіл»,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл – асыл қазына,
Байлығың - білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің,- деп сөз асылын,
өлең қасиетін сезінетін кезекті әдебиет сабағын бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, Ілияс Жансүгіровтің асқан ақындық таланты оның поэма жанрында әсіресе айқын көрінеді.
1. Олай болса, ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтейік. Кім айтады?
2. Ақынның қандай поэмаларын білесіндер?
3. «Күй», «Күйші» поэмаларының негізгі тақырыбы не?
4. Кенесары хан туралы қай поэмасында айтылады?
5. «Дала» поэмасы қандай тараулардан тұрады?
6. Ақынның оқу – білімге жазған қандай өлеңдерін білесіңдер?
7. «Құлагер» поэмасында кімнің өмірі суреттелген?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жүз жыл жырлаған жүрек (слайд - 1)
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов) (Слайд - 2) Ой қозғау сұрақтары
1. Балалар, Жамбыл Жабаевты қай шығармасы арқылы жақсы білесіңдер?
2. Қазақ әдебиетінде ақынның алатын орны қандай?
Мұғалімнің түсіндірмесі
1. Ақынның дүниеге келуі
2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылтың өмірінен көрініс) (слайд - 3)
3. Айтыстары
4. Сатиралық өлеңдері
5. Отаншыл өлеңдері
6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.
ІV. Сабақты бекіту. Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар Негізгі оқиғалар
1846 ж.------- Ақын дүниеге келді
1863 - 64 ж.---- Қоқан хандығы билік құрды
1881 ж.------- Құлмамбетті жеңді
1916 ж.------- Ұлт азаттық көтеріліс
1936 ж.------- Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі
1941 - 1945 ж.---- Ұлы Отан соғысы
1945 ж.------ Дүние салды
Шығармалары
«Кедей күйі»
«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды»
«Туған елім»
«Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық»
1. Балалар, Жамбыл атамыздың өлеңдерін жатқа айтатындарың бар ма?
(Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін оқушылар жатқа айтады)
2.«Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім!» өлеңдері мәнерлеп оқылады.
V.“Ленинградтық өренім” өлеңнің сатылай кешенді талдау
• Авторы – Жамбыл Жабаев.
• Тақырып – халықаралық достығы, Отанды сүйспеншілік.
• Жанр түрі – поэзия (өлең).
• Идеясы – автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді. Жауға – соққы беру, ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау.
• 2 шумақ.
• 33 тармақ.
• 1 бунақ.
• Әдеби теориялық ұғымдар: эпитеттер – көк, сүйкімді, заманымның өрнегі.
• Теңеу – бұлағымдай, өркеш - өркеш жарасқан, шоқылардай, судай.
• Өлеңнің тәрбиелік мәні: бәр халықтар достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.
V. Сабақты қорыту. Тест сұрақтары беріледі.
(Дәперлерін алмастыру арқылы бір – бірлерінің тесттерін тексереді)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Ақын Сәкен Сейфуллин «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»,- деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек.
«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»
Н. Ә. Назарбаев
VІ. Үйге тапсырма: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (шығарма)
VІІ. Бағалау: Жауаптарына қарай бағалау.
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру» өлеңі
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: халық ақыны Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, ақын өмірін үлгі ету, өлеңін талдау және өлеңнің мәнін ашып, меңгерту.
ә) тәрбиелік: Жамбыл өлеңі арқылы туған елі мен жерін сүйетін, асқақ арман, биік мұратқа талпынатын ұлттық рухтағы патриот ұлан тәрбиелеу
б) дамытушылық: оқушылардың шығармашылығын дамыту, ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ материалын өздігінен игеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, шығармашылық
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, музыка
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд суреттер, кітаптар
Әдебиеттер: М. Жолдасбеков «Жүз жыл жырлаған жүрек» А. «Жазушы» 1992 жыл, «Аңыз адам» журналы (Ж.Жабаев туралы) № 08 сәуір 2011 жыл, «Қазақстан әйелдері» журналы (Жамбыл туралы) №4, 1996 жыл
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау («Кубизм» әдісі арқылы)
Ж. Аймауытұлы кім және оның қандай шығармалары бар?
«Әнші»әңгімесіндегі Әмірхан бейнесі өнер тарихынан өздерің білетін қай әншіге ұқсайды?
Әміре Қашаубаев кім? Әңгімеле.
Шығарманың негізгі идеясы не?
III. Жаңа сабақ
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен
М. Әуезов
1.Бала Жамбылдан Дана Жамбылға дейін баспалдақ (интерактивті тақтада слайд бойынша әңгімелеу)
Сәби Жамбыл
Бала Жамбыл
Жасөспірім Жамбыл
Ақын Жамбыл
Айтыскер Жамбыл
Жыршы Жамбыл
Күйші Жамбыл
Дана Жамбыл
«Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім»,- деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті.
Ол тарихта «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғ. Гомері», «феномен - феникс» атағымен қалды.
«Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы» болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және елін, жерін қорғауға үндеуге арнады. Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңі.
ІV. «Аттандыру» өлеңі (электронды оқулықтан оқыту).
- Өлең кімге арналған?
- Ұлы Алғадайға арналған.
- Өлең не туралы?
- Атаның балаға арнаған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түкпірінен шыққан әкелік сезімі.
Қосымша мәлімет. 1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепрпетровск облысы, Синельникова қаласында ерлікпен қаза табады.
3. Түсіндірме күнделігі (оқушылар өздері толтырады).
Өлеңдегі сөз
Оқушы түсінігі
Арлы
ар сақтағыш, ұяты бар
Абырой ар, ұят
атақ, дәреже, бедел
Ағат
жаңсақ, жаңылыс, теріс
Аңғарлы
әріден ойлап білетін, толғамды
4. Әдебиет теориясы.
Бата да, қоштасу да – халық поэзиясының шағын түрлеріне жатады.
Бата - өлең түрінде беріліп, елге тыныштық, от басына амандық, жасөспірімдерге
бақытты өмір тілеу мазмұнында болып келеді (ақ бата, теріс бата туралы түсінік беру). Қоштасу – мазмұны, сыр – сипаты әр алуан болып келетін жыр. Мәселен, өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын достан, жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырарда қоштасу, т.б.
5. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.
6. Өлеңді талдау. Аралас ұйқасты, толғау түрінде жазылған.
V. Қорытындылау.
«Ер –ел үшін туады» бейнекөрінісін тыңдату (электронды оқулық).
«Топтастыру» стратегиясы (Алғадайдың бойындағы қасиеттер)
Ұлы Отан соғысындағы Алғадай сияқты ерлердің ерлік істерін әңгімелей отырып, ҚР Конституциясының 36-бабы және тәуелсіздіктің 20 жылдығымен байланыстыру.
VІ. Үйге тапсырма.
Жамбыл Жабаев туралы оқып, «Аттандыру» өленің жаттау.
« Біз соғысты көрген жоқпыз!» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Бата беру.
Береке берсін басыңа,
Бақ келіп қонсын қасыңа.
Балын татып өмірдің,
Жамбылдың жет жасына.
Қуанышпен достарың,
Жинала берсін қасыңа.
Шалқып жатсын дәулетің,
Тасыған селдей теңізден.
Баянды Алла бақ берсін,
Адалын берсін, ақ берсін.
Атағың кетіп Алашқа,
Астыңа алтын тақ берсін!
Әумин!
VІІ.Бағалау (Оқушылар бір-бірін бағалады).
Қосымша деректер
Жамбылдың өзі де, шәкірті Кенен де 20-дан астам күй шығарған. Ел арасында Жамбыл күйлері бүгінге дейін сақталған. Олар – «Ыңғайтөк», «Сұрмерген», «Басшылбай-Күйшілбай», «Ұран», «Ой, дүние-ай» т.б. күйлері.
Домбыраны қолыма,
Он жасымнан алғанмын.
Дәл жетпіске келгенше,
Күй тартудан танбадым.
Ұлы адамдардың киесі, пірі болады. Абылай ханда – ақ түйе, Райымбек бабада-қызыл түлкі, Кемпірбай ақында – көкала үйрек. Ал Жамбыл атамыздың киесі – қызыл шұбар жолбарыс.
Дәулескер күйші-сазгер Нұрғиса Тілендиевтің атын Жамбыл бабамыз қойған. Нұрғисаны Жамбыл «Тұқатай» деп еркелететін. Қайтыс болғанда өзін Жамбылдың қасына қоюды өсиет еткен.
Ж. Жабаев туралы «Жамбыл. Адамзаттың ұлы жыршысы» деректі фильмі және «Жамбылдың жастық шағы» кинофильмі (ақын бейнесін кейіптеуші: айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков) түсірілген.
Жамбылдың әдеби-мемориалдық мұражайы Алматы обл., Жамбыл ауд., Жамбыл ауылында 1947 жылы ашылған. Ол ақынның 1938-45 жылдары өмір сүрген үйінен ашылған.
Ақын атақты Балуан Шолақпен кездескен. Дәулескер Дина замандасымен күн құрғатпай хабарласып, жақын араласып тұрған.
«Жамбыл» журналы 2004 жылдан бері жарық көріп келеді. Редакторы және жоба авторы – Несіпбек Дәуітай.
Жамбыл атындағы халықаралық диплом мен медаль бар.
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері
Жарияланды 10-04-2013, 16:15 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: 1. білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу.
2. дамытушылық: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3. тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, география
Сабақтық көрнекілігі: Ж. Жабаевтың суреті, шығармалары, буклет, слайд.
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру сәті
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Кезекші арқылы түгелдеу
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу
4. Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, Ілияс Жансүгіровтің асқан ақындық таланты оның поэма жанрында әсіресе айқын көрінеді.
1. Олай болса, ақынның қандай поэмаларын білеміз?
2. «Күй», «Күйші» поэмаларының негізгі тақырыбы не?
3. Кенесары хан туралы қай поэмасында айтылады?
4. «Дала» поэмасы Қазақстанның неше жылдық тойына арналған?
5. «Дала» поэмасы қандай тараулардан тұрады?
6. Осы поэмада ақын көбінесе қандай көркемдік тәсілді қолданған?
7. «Құлагер» поэмасында кімнің өмірі суреттелген?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жүз жыл жырлаған жүрек (слайд - 1)
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов) (Слайд - 2)Ой қозғау сұрақтары
1. Балалар, Жамбыл Жабаевты қай шығармасы арқылы жақсы білесіңдер?
2. Қазақ әдебиетінде ақынның алатын орны қандай?
Мұғалімнің түсіндірмесі
1. Ақынның дүниеге келуі
2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылдың бата алу сәтінен көрініс) (слайд - 3)
3. Айтыстары
4. Сатиралық өлеңдері
5. Отаншыл өлеңдері
6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.
ІV. Сабақты бекіту. Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар Негізгі оқиғалар
1846 ж.------- Ақын дүниеге келді
1863 - 64 ж.---- Қоқан хандығы билік құрды
1881 ж.------- Құлмамбетті жеңді
1916 ж.------- Ұлт азаттық көтеріліс
1936 ж.------- Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі
1941 - 1945 ж.---- Ұлы Отан соғысы
1945 ж.------ Дүние салды
Шығармалары
«Кедей күйі»
«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды»
«Туған елім»
«Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық»
1. Балалар, Жамбыл атамыздың өлеңдерін жатқа айтатындарың бар ма?
(Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін оқушылар жатқа айтады)
2.«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдері мәнерлеп оқылады.
3. Мазмұны ашылады
4. Өлеңнен кейіпкерлерді табу.
Кейіпкерлер әлемі
Көпес, халық, патша, губернатор, жандарал, пристав, болыс
Өлеңді құрылысына қарай талдау
«Зілді бұйрық»
«Верныйдың» // «қадам баспай» // «қаласына» - а
Кемпір, шал //жылап жатыр// баласына – а
Ешбір ем // табылмады // іздесе де – б
Халықтың // жүректегі // жарасына – а
4 тармақты, 1 шумақты, 11 буынды,
3 бунақты қара өлең ұйқасы.
Әдебиет теориясы бойынша өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табу.
Көкорайға жайылған
Секілді едік үйрек, қаз
(теңеу)
Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып берерміз?!
Көздің жасы моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз.
Көк жайлауды қалдырып,
Қайда көшіп кетерміз?!
(аллитерация)
V. Сабақты қорыту «Топтастыру»
Жамбыл
↓
ұстаз
ақын
шәкірт
дастан
VІ. Үйге тапсырма:
Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (шығарма)
VІІ. Бағалау: Жауаптарына қарай бағалау.
Жамбыл Жабаев
Жарияланды 21-03-2013, 23:09 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Сыныбы: 9 «Б» сынып
Пәні: қазақ әдебиеті
І. Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
ІІ. Сабақтың мақсаты: оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін тексеру, білім деңгейін көтеру.
ІІІ. Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: оқушыларды іздендіре отырып, ақын туралы білімдерін кеңейту, толықтыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сөз қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: оқушылардың ақынға деген сыйластық, құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту.
ІІІ. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ ( «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны)
ІV. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пікірталас, тест
V. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, презентация
VІ. Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, ән - күй, тарих, жағрапия
VІІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу;
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу;
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. - Бүгінгі ХХI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысын бастаймыз. Сен - дерге үй тапсырмасына Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындалып келу берілген болатын.
Жабаев Жамбыл (1846 - 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігі - мен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың өмірі мен шығармашылығын терең білу үшін бүгінгі зият - керлік сайысымызды ұйымдастырып отырмыз.
I кезең «Бәйге»
Ойынның шартымен таныстыру. Ортақ сегіз сұрақ қойылады, бірінші болып текшені көтерген топ жауап береді. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Жамбыл, Хантау деп аталатын тауларының баурайында туған)
Жамбыл Жабаев қай жылы дүниеге келген?
Достарыңызбен бөлісу: |