Көк түс – қосқаным, түзеткенім



бет1/7
Дата20.07.2020
өлшемі37,56 Kb.
#63317
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

Уразбаева Дилара Кадиргалиевна

№ 1 топ 3-деңгей

Орал қаласы 03.02-25.05. 2014 жыл





Жазба
Орта мерзімдік жоспарды оқу бағдарламасын, күнтізбелік жоспарды басшылыққа алып, зерттеуге алған 7 сынып оқулығы, нұсқаулық, «Бірінші бетпе-бет» кезеңіндегі электронды және қағаз түріндегі ресурстар негізінде құрдым. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары lesson stady арқылы жоспарлап, өзара кеңестік.

««ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы»» тарауына орта мерзімдік жоспарды құруда негізгі міндет тізбектелген төрт сабақта сындарлы оқыту Бағдарламасының жеті модулін ықпалдастыру болып табылады. Жоспарлау көп уақыт алғанымен, сабақ барысындағы әрекеттерді алдын-ала білуге жақсы мүмкіндік береді. Оқушылардың білім деңгейлерін ескере отырып, тапсырмаларды дайындауды, оны қолдану формасын өзгерте аламын деп ойлаймын.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін әңгіме-дебат, топтық әңгіме түрлерімен, сұрақ қоюда түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау техникасын пайдалану арқылы тізбектелген сабақтарымда ықпалдастырамын.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде эссе жазу, «өкіл» әдісі, «айналмалы бекет», «ыстық орындық» стратегиясын жоспарлау нәтижесінде оқушыларды қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, жаңаны енгізуге дайын болуға дағдыландыра аламын. Ұтқырлық ерекшелігін ескеріп, жұптарға «Ойлан-Жұптас-бөліс» әдісімен ең жақсы түсініктемені табуға беремін.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша өзара бағалауға «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «сэндвич», «Бағдаршам» тәсілдерін, қол соғып, қолпаштау, ынталандырушы сөздермен сенім білдіру, табыс критерийлерімен өзін-өзі бағалауды, тест арқылы суммативті бағалауды жоспарладым. Бұл арқылы оқушылардың өз оқуын жақсартуды көздедім.

АКТ қолдану модулінде бейнежазба көрсету, интерактивті тақтада карта сызу, жеке компьютерге кесте толтыру, таныстырылым жасау, интерактивті әзірлемелер арқылы оқытуды жетілдіруді мақсат еттім.

Талантты және дарынды балаларды оқыту модулінде деңгейлік тапсырмалар, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар беріп, маршруттық картамен оқу кедергісін жоюға ұмтыламын. «Нағыз» құзіреттілікті қалыптастыруға арналған рөлдік ойындарды ұйымдастырамын.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқудың жекелеген теорияларына сүйеніп, оқуға деген қабілеттіліктің өзгеру ықтималдығын ескеремін.

Сабағымда негізгі дереккөздер ретінде интернет ақпараттарын, қосымша әдебиеттерді пайдаланамын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет