КӨНЕШҰҢҚЫРМӘДЕНИЕТІ – Жайықтан Днестрге созылған қола ғасыры мәдениеті.
КАЛИЙ-АРГОНӘДІСІ – изотопты уақытнама әдісінің бірі. Ежелгі ертетасты зерттеуге қолданылады.
КАННЕЛЮРАЛАР – ыдыс бетіндегі сырылған арықшалар. Ыдыс өрнегінің бірі.
КАПҮҢГІРІ – Башқұртстандағы ертетас суреттері сақталған үңгір.
КАТАКОМБАМӘДЕНИЕТІ – Днепр мен Еділдің төменгі ағысындағы қола ғасыры мәдениеті.
КЕЛТЕМИНАР МӘДЕНИЕТІ– Арал өңірінің жаңатас және мыстытас мәдениеті.
КЕРАМИКА – күйдірілген балшық ыдыс, қыш.
КИІККОБА – Қырымдағы мустье тұрағы.
ҚАРАБУРА – Орта Азияның ашель, мустье кезеңдеріндегі тұрағы.
ҚАРАТАУ – Оңтүстік Қазақстандағы ертетас тұрақтары шоғырланған аймақ.
ҚАРАТЕПЕ – Түркиядағы ертетемір қонысы.
ҚИМА – ағаш бөренелерінен жасалған біріктірме құрылыс. Жерлеу камерасы.
КЛИВЕР – ертетастың ауыр салмақты ұрма құралы, салмақтас.
КЛЭКТОН – ежелгі ертетастың тасты жару мәдениеті. Қолшапқы әлі шықпаған кезеңдікі.
КОКАРЕВМӘДЕНИЕТІ – Енисейдің соңғы ертетас мәдениеті.
КРЕМАЦИЯ - өртеп жерлеу.
КРОМАНЬОН АДАМЫ – қазіргі адамның Францияда 1868-ж. табылған сүйек қалдықтары.
КУКУТЕНИ - Румыния, Венгрия, Украина жеріндегі мыстытас мәдениеті.
КУЛАЙ МӘДЕНИЕТІ– Батыс Сібірдің ертетемір мәдениеті. КУРА-АРАКС МӘДЕНИЕТІ – Кавказдың ерте қола мәдениеті. КҮЛОБА – Скиф көсемінің қорғаны. Б.з.д. 4-ғ..
ҚОБЫСТАН - Әзірбайжандағы тастағы суреттер ескерткіші.
ҚОЛА ҒАСЫРЫ– археологиялық кезеңдеудегі үш дәуірдің бірі. Ерте, орта және соңғы қола болып бөлінеді. Б.з.д. 3-мңжлд. екі ж. – б.з.д. 1-мңжлд. басы.
ҚОРҒАН – жерлеу орнының үстіндегі үйінді. Қазақтарда оба деп те айтылады.
ҚЫЗЫЛОБА – Оңтүстік Қырымның соңғы қола мәдениеті.
ЛАНТЯНАДАМЫ – архантроптардың бір түрі. Янцзы өзені бойындағы мәдениет.