Көкшетау ббк 3. И 27



бет52/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
Байланысты:
археология

ЛЕВАЛЛУА – ертетастың тас құралдар жасау техникасы. Леваллуалық жалпақшалар және тасбақа тәрізді леваллуалық нуклеустар ашельдің соңы мен мустьеге тән.
ЛИКИ, Луис – Африкадағы қазба адамдарды зерттеген ғалым.
ЛИКИ, Джонатан – Олдувай шатқалында габилис адамның қалдықтарын ашты
/1960/.
ЛИКИ, Ричард – габилис адамдардың қалдықтарын табушы ғалым /1967-1968/.
ЛИКИ, Мэри – Олдувайда Бойс австралопитекті ашты /1959/. Луис Ликидің зайыбы.
ЛУЖИЦК МӘДЕНИЕТІ – Балтика мен Дунайға созылған соңғы қола – ертетемір мәдениеті.
ЛЬЯЛОВ МӘДЕНИЕТІ – Еділ-Ока аралығындағы жаңатас мәдениеті.
ЛЮСИ – австралопитектің бір түрі. Эфиопияда табылған. Зерттеуші – Джохансон.
МӘДЕНИ ҚАБАТ – адамның тұрмыс-тіршілігінің түрлі қалдықтарын сақтаған жер қыртысы.
НЕАНДЕРТАЛЬ АДАМЫ – палеоантроп адамы, алғаш 1856 ж. Германияда кейін басқа да аймақтарда да табылған. өмір с.рген уақыты – ш.а. 150-40 мың жыл бұрын. Адамның сапиенттік түріне жатады.
НЕОЛИТ – жаңа тас ғасыры, жаңатас. Б.з.д. 7-4 мңжлд. Ұсақтас өндірісінің үстемдік етуімен, тегіс және тесілген, геометриялық үлгідегі, симметриялық құралдардың, мал шаруашылығының және егіншіліктің шығуымен ерекшеленеді.
НЕОЛИТТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҢАТАС РЕВОЛЮЦИЯСЫ - өндіру
шаруашылығының шығуына байланысты жүзеге асқан түбегейлі өзгерістер. Адам өмірі, тұрмыс-тіршілігінің ертетас пен ортатаспен салыстырғанда сапалық биікке көтерілуі, адамның жер қожайынына айналуы.
НИВЕЛИРЛЕУ – ескерткіш пен табылмалардың шартты 0-ден деңгейін /биіктігі мен төмендігін/ нивелир, теодолит, т.б. аспаптар арқылы өлшеу.
НУКЛЕУС - өзектас. Құралдарды өзектастардан сындырылып алынған қалақшалардан жасау дәстүрі ашельден басталады.
ТАС ҒАСЫРЫ – адамзат тарихының алғашқы дәуірі. Ертетас, ортатас, жаңатасқа бөлінеді. 2,6 млн. жыл бұрыннан бзд. 12-мңжлд. дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет