ГОМИНОИД – жоғарғы приматтар, жойылып кеткен және қазір де бар адамға жақын маймылдар.
ГОМОГАБИЛИС – «шебер адам», олдувай адамы.
ГОМОСАПИЕНССАПИЕНС – қазіргі адам, неоантроп.
ГОМО ЭРЕКТУС–«тік жүретін адам», оған жататындар: питекантроп, ланьтян адамы, синантроп, гейдельберг адамы.
ГОРОДЕЦМӘДЕНИЕТІ – Шығыс Европа жазығындағы ертетемір мәдениеті.
ГРАВЕТТ – Батыс Европадағы ориньяктан кейінгі жоғарғы ертетас мәдениеті.
ДАРТРаймонд – ағылшын археологы. Австралопитек қалдықтарын алғаш зерттеген ғалым /1924/.
ДЕНДРОУАҚЫТНАМА – ағаш қиындыларындағы жылдық сақиналарын есептеуге негізделген уақытнама әдісі.
ДНЕПР-ДОНМӘДЕНИЕТІ – ертетемір мәдениетінің бірі.
ДОЛЬМЕН – мегалиттік құрылыс. Беті тас тақтамен жабылады.
ДОМЕСТИКАЦИЯ – аңдарды қолға үйрету.
ДУНАЙ МӘДЕНИЕТІ – Орталық және Шығыс Европадағы жаңатас пен мыстытастың алғашқы егіншілік мәдениеті.
ДЬЯКОВ МӘДЕНИЕТІ – Еділ-Ока аралығындағы ертетемір мәдениеті. ДЮКТАЙ МӘДЕНИЕТІ– солтүстік Сібірдегі жоғарғы ертетас мәдениеті. ЕГИПТОПИТЕК – қазба адамдар түрі.
ЕЛОВМӘДЕНИЕТІ – Батыс Сібірдің соңғы қола ғасыры мәдениеті.
ЖЕЙТУН – Орта Азиядағы жаңатастың ескерткіші және мәдениеті.
ЖОҒАРҒЫ ЕРТЕТАС – 40-12 мың жыл бұрынғы кезең. Қазіргі адамның өмір сүре бастаған кезеңі. Ұзынша жалпақтастар жасау техникасы үстемдік еткен. Аң аулау. Өнердің шығуы.
ЗАЙСАНМӘДЕНИЕТІ – Тынық мұхиттың Ресей жағалауындағы /Оңтүстік Приморье/ жаңатас мәдениеті.
ЗАРУБИНЕЦМӘДЕНИЕТІ – Украинадағы ертетемір мәдениеті.
ЗИНДЖАНТРОП –австролоритектер түрі. М.Лики ашқан.
ИМЕРЕТИМӘДЕНИЕТІ – Батыс Грузияның соңғы ертетас мәдениеті.
ИНГУМАЦИЯ - өртемей жерлеу.
ИРМЕНМӘДЕНИЕТІ – Батыс Сібірдің б.з.д. 9-7-ғғ. мәдениеті.