Көкшетау ббк 3. И 27


АЛЛЮВИЙ - өзендік қатпарлар. Жазықтағы аллювий құмдардан және ұсақ жыныстардан, таулық – малтатастар мен ірі жұмыртастардан тұрады. АЗЫХ



бет49/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70
Байланысты:
археология

АЛЛЮВИЙ - өзендік қатпарлар. Жазықтағы аллювий құмдардан және ұсақ жыныстардан, таулық – малтатастар мен ірі жұмыртастардан тұрады.
АЗЫХ – Оңтүстік Кавказдағы ежелгі ертетас тұрағы бар үңгір.
АЛЬТАМИРА – Испаниядағы ертетас дәуірінің суреттері табылған үңгір /1879/.
АНАНЬИН МӘДЕНИЕТІ – Кама алқабының ертетемір мәдениеті.
АНАУ Орта Азияның мыстытас мәдениеті.
АНГОБ – ұсақ топырақты езінді. Ыдысты күйдіру алдында ангобтау әдісі болған. Орта ғасырларға тән.
АНДРОНОВ МӘДЕНИЕТІ – Оңтүстік Орал, Батыс Сібірдің оңтүстігі, Қазақстан, Орта Азияның солтүстігіндегі орта қола мәдениеті.
АНТРОПОГЕН – геологиялық тарихтың соңғы кезеңі. Кайнозой эрасына кіреді, неогеннен кейінгі заман.
АРЖАН – б.з.д. 8-ғ. жататын патшалық қорған, Ұйық алқабында /Тыва/.
АРҚАЙЫМ – орта қола заманының бекіністі қонысы, протоқала. Қазіргі Челябі обл. жерінде.
АФАНАСЬЕВ МӘДЕНИЕТІ – Оңтүстік Сібірдегі мыстытас мәдениеті.
АШЕЛЬ – ежелгі ертетастың кезеңі және мәдениеті. Франциядағы мекен атымен аталған. Ғылымға 1885 жылы Мортилье енгізді. Ескі шелль атауын ығыстырды. Олдувайдан кейінгі және Мустьенің алдындағы мәдениет. Ашельде қолшапқы құралдары шықты.
БОРЕАЛ – голоценнің басқы кезеңінің бірі. 9,5-7,5 мың жыл бұрын.
БОТАЙ – Солтүстік Батыс Қазақстанның мыстытас қонысы.
ВЮРМ – соңғы мұздану дәуірі. 185 мың жыл бұрын басталып, 12 мың жыл бұрын аяқталған.
ГЕЙДЕЛЬБЕРГ АДАМЫ – «тік жүретін адам». Қалдықтары Германияда табылған. 300 мың жыл бұрын.
ГЕОМАГНИТТІ БАРЛАУ – магнит өлшегіш аспаптар арқылы жүргізілетін барлау түрі. Жер астындағы қыздырылған және қазылған топырақ қабаттары зерттеледі.
ГИССАР ТЕПЕ – Орта Азиядағы жаңатас мәдениеті.
ГНЕЗДОВО – ерте ортағасырлық варяг және славян ескерткіштері. ГОЛОЦЕН – қазіргі геологиялық кезең. 12 мың жыл бұрын басталған. ГОМИНИД – қазба адамдар мен қазіргі адамның ортақ тегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет