Коллоквиум №1



бет3/9
Дата25.02.2023
өлшемі113 Kb.
#170134
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Математиканы оқыту әдістемесі

Бақылау деп қоршаған ортаның табиғи жағдайда қарастырған жеке объектілермен құбылыстардың қатынастарын және қасиеттерін бәз қалпында зерттеу, айқындау әдістерін айтады. Бақылау ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі. Ал бақылау жүргізе білу зерттеушінің бағалы қасиеті. Бақылауды мынадай жоспар бойынша жүргізуге болады:
1)Бақылаудың мақсатын анықтау;
2)Бақыланатын объектінің маңызды қасиеттері мен ерекшеліктерін ашу;
3)Бақылау кезіндегі алынатын ақпараттарды есепке алып отыру тәсілдерін анықтау;
4)Зерттелінетін объектілердің ерекшеліктерін белгілері арасындағы өзара байланысты тағайындау;
5)Бақылау нәтижесінде талдау жасау, қорытындылар тұжырымдау.


Эксперимент – танып білудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Эксперимент деп объектілер мен құбылыстардың табиғи күйі мен дамуына жасанды жағдайлар туғыза отырып оларды жасанды түрде бөліктерге мүшелеп басқа объектілермен және құбылыстармен біріктіру арқылы зерттеу әдістерін түсінеміз. Кез келген тәжірибе бақылаумен тығыз байланысты болады. Тәжірибе жасаған адам тәжірибенің барысын, яғни объектілер мен құбылыстарды зерттегенде тиісті жасанды жағдайлардағы олардың күйін өзгеруін және дамуын бақылайды. Ғылыми-танымда ойлау арқылы жүргізілген эксперимент ерекше орын алады. Бұл формальді логикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырып қана қоймай объектінің бейнелері мен модельдерін зерттеу нәтижесіндегі жаңа білімдерге жету қызметі болып табылады. Ойша эксперимент негізінде мынадай салдар жүзеге асады.



  1. Белгілі бір ереже бойынша зерттелінетін объектінің ойша модельі құрылады, яғни идеяланған объект жасалынады.

  2. Модельге әсер ететін идеяланғанжабдықтар мен құралдар құрылып идеяланған шарттар жасалынады.

  3. Шарттарды саналы түрде жоспар өзгерте отырып салыстырмалы және еркін комбинациялау.

  4. Ойша эксперименттің барлық кезеңдерінде ғылымда қалыптасқан объективті заңдылықтарды саналы дәл пайдалану деректерді қолдану кезінде абсалюттік еркіндікке негізсіз фантазияға жол бермеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет