Комалар кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі



бет2/13
Дата18.11.2022
өлшемі162,37 Kb.
#158860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Кез – келген команың кез – келген сатысында әртүрлі ауырлық дәрежесінде тіндердің гипоксиясы дамиды. Қышқыл – сілтілі жағдайдың бұзылысы метаболикалық ацидоз сипатында болады, бірақ біріншілік тыныс жүйесінің зақымдану кезінде респираторлы ацидоз дамиды. Сирегірек, мысалы, тұрақты құсу кезінде метаболикалық алкалоз, ал гипервентиляция респираторлы алкалозға әкеледі. Әртүрлі метаболикалық және респираторлы бұзылыстардың қосарлануы тән.

  • Кез – келген команың кез – келген сатысында әртүрлі ауырлық дәрежесінде тіндердің гипоксиясы дамиды. Қышқыл – сілтілі жағдайдың бұзылысы метаболикалық ацидоз сипатында болады, бірақ біріншілік тыныс жүйесінің зақымдану кезінде респираторлы ацидоз дамиды. Сирегірек, мысалы, тұрақты құсу кезінде метаболикалық алкалоз, ал гипервентиляция респираторлы алкалозға әкеледі. Әртүрлі метаболикалық және респираторлы бұзылыстардың қосарлануы тән.
  • Электролитті бұзылыстар арасында ең маңыздысы болып калий концентрациясы өзгерісі (гипокалиемия, гиперкалиемия) және гипонатриемия саналады. Соңғысы ми ісінуі патогенезінде маңызды роль атқарады. Метаболизмнің өршімелі бұзылыстары гистотоксикалық әсер көрсетеді. Команың тереңдеген сайын тыныс алу, кейіннен қанайналым бұзылыстары дамиды.

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ

  • Кез – келген команың клиникалық көрінісінде қоршаған ортаны және өзін – өзі қабылдауды жоғалту, сыртқы тітіркендіргіштерге рефлекстердің тежелуі және өмірлік маңызды қызметтердің реттелуінің бұзылыстарымен бірге естің бұзылысы басым болады. Кома кезінде науқастарды еш нәрсемен, тіпті энергиялық шаралармен де ояту мүмкін емес.
  • Естің бұзылу дәрежесіне байланысты келесі түрлерін ажыратамыз: есеңгіреу (беткей және терең), сопор, комалар (I-III сатысы). Естің бұзылу дәрежесін Глазго клиникалық кестесі арқылы анықтаймыз.
  • Есеңгіреу – (Глазго шкаласы бойынша 13-14 балл) ес бұзылуының бастапқы фазасы, ми қыртысы қорғанысының тежелуіне байланысты. Селқостық, ұйқышылдық психикалық және қозғалыс белсенділігінің төмендеуі, сөйлеу қабілеті бұзылысының болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет