Люба.
Тура біздің оқиға...
Кəріс шал.
Иə, біздің оқиға... Бізде де күріш қалды. Есіл егін ысырап
болды.
Ақеділ.
Сонда неге өйтті? Не үшін көшірді?
Жайық._Ал_сіз_өтіп_кетер_ме_едіңіз_Кəріс_шал.'>Неміс.
Соғыс келсе, фашистерге өтіп кетеді деп сақтанғандары да.
Жайық.
Ал сіз өтіп кетер ме едіңіз?
Кəріс шал.
Əй,
балам-ай, балалықпен сұрап тұрсың-ау,
көңіліне келеді
демейсің. Кеңес жері – бəріміздің отанымыз. Отанын кім сатушы еді.
Германияның өзінде де Гитлерге көпшілік ергенмен,
қарсы тұрған, сол
қарсылығы үшін жазаға тартылған немістер аз емес.
Жайық.
Сіз оны қайдан білесіз?
Кəріс шал.
Көңілім сезеді.
Жəмила.
Ренжімеңіздер. Балалықпен сұрайды ғой.
Неміс шал.
Неміс дейді –
Неміс болса несі бар?
Төрт құбыласы тегіс болса несі бар,
Гитлердің
жендеті емес бар неміс,
Болса, аяма – қылша мойнын кесіп ал.
Ұйқы-тұйқы, тірлігінің жолдары,
Болар түсті болдырмады, болмады...
Сондай
кезде пана тапты қазақтан
Қорлатпады, қорламады – қорғады...
(Еслям Зікібаев «Гер-ағаға»)
Осындай өлең бар, қарағым.
Жəмила дастархан басына көмбе нан əкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: