Анықтама. Воқиғасы орындалғандағы А оқиғасының орындалу ықтималдығын В оқиғасына қатысты Аоқиғасының ықтималдығы немесе шартты ықтималдық деп атайды. Шартты ықтималдық арқылы белгіленеді. Мұндай жағдайда А мен В оқиғалары тәуелді болады.
1-мысал. Жәшікте 20 жарамды және 10жарамсыз деталь бар, бақылаушы бір-бірден екі деталь алады.
Мынадай оқиғаларды қарастырайық. А оқиғасы – бірінші деталь жарамды, В оқиғасы - екінші деталь жарамды. В оқиғасының ықтималдығы қандай?
Шешуі. Бұл жерде екі мүмкін болатын жағдайды қарастырайық:
1) Егер А оқиғасы орындалса, онда жәшікте 29 деталь қалады, олардың 19-ы жарамды. Екінші деталдың жарамды болу ықтималдығы .
2) Егер Аоқиғасы орындалмаса, онда қалған 29 детальдің 20-ы жарамды болады. В оқиғасының ықтималдығы . Көріп тұрғанымыздай, В оқиғасының пайда болу ықтималдығы А оқиғасының орындалу, оындалмауына байланысты. Бұл жағдайда да А және В оқиғалары тәуелді және В оқиғасының ықтималдығы шартты ықтималдық болады. Бірінші жағдайда, , ал екінші жағдайда .
Теорема (тәуелді оқиғалардың көбейтіндісі). Екі тәуелді оқиғаның көбейтіндісінің ықтималдығы біреуінің ықтималдығы мен біріншісі пайда болғандағы екіншісінің шартты ықтималдығының көбейтіндісіне тең.
(18)
2-мысал. Алдыңғы 1-мысалдың шарты бойынша, бақылаушының алған екі деталі де жарамды болу ықтималдығын тап.
Шешуі. А оқиғасы- бірінші деталь жарамды, Воқиғасы- екінші деталь жарамды, АВ оқиғасы – екі деталь да жарамды. Мұнда А және В тәуелді оқиғалар. Сонымен, АВ оқиғасының ықтималдығы (18) формула бойынша есептеледі:
.