Комиссар єаббасов


ТҮСІНІКТЕР «Майданнан майданға»



бет46/55
Дата22.12.2021
өлшемі3,8 Mb.
#380
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
ТҮСІНІКТЕР
«Майданнан майданға» – пьеса алғашында 1947 жылы «Дауылдан соң» деген атпен жазылған, сол жылы 22 қазандағы Қазақстан Жазушылар Одағының Президиумының отырысында бекітіледі. Ғабит Мүсірепов: «Қайымның «Майданнан – майданға» пьесасы қазақ совет драмматургиясының жақсы табыстарының бірі есебінде театр сахнасына ұсынылуы керек», – деп ерекше баға берген.

Пьеса оқиғасы – Ұлы Отан соғысынан кейінгі қазақ ауылында өтеді. Негізгі тақырыбы соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын көтерген ерлердің қажырлы еңбегі.



«Комиссар Ғаббасов» – тарихи драмалық шығарманың оқиғасы 1919 – 1920 жылдары Аягөз, Сергиополь жерінде өтеді. Шығарманың негізгі кейіпкері - Аягөзде Кеңес Үкіметін орнатуға белсене ат салысқан. Сабыржан Ғаббасов. Драмада сол заманның тарихи шындығы нанымды баяндалады. Пьесаның премьерасы 1962 жылы Семейдің Абай атындағы музыкалық драма театрында режиссер Бәйтен Омаровтың жетекшілігімен қойылған.

«Ер Білісай» – тарихи драманың оқиғасы 1919 жылы Семей облысының Жарма ауданында өтеді. Негізгі кейіпкері ақ бандыларға қарсы күресіп, ерекше ерлік көрсеткен Білісай тарихта болған адам.

Білісай Байғаранова (Жарма ауданы) азамат соғысы жалдары ақ бандыларға қарсы күресте ерлік ісімен көзге түсіп, ел аузында «Ер Білісай» атанған әйел.



«Перне» – тұрмыстық махаббат драмасы. Сәбит Мұқанов 1944 жылы 28 июльде Қазақстан Халық комиссарлары советінің жанындағы Өнер басқармасына жазған хатында былай деген: «Жазушы Қайым Мұхамедхановтың «Перне» пьесасы өнер туралы жазылған сүбелі шығарма, шынайы талантты дүние. Сондықтан Қазақстан Совет Жазушылар Одағы жолдас Мұхамедхановтың бұл пьесасын Қазақстан театрларында қойдыруды ұсынады». Пьесаның оқиғасы Ұлы Отан соғысының соңғы жылдарында өтеді.
Өлеңдері

Каталог: repository -> history -> Ұжымдық%20жинақтар
history -> Халел досмұхамедов
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет
Ұжымдық%20жинақтар -> Арман да, арман, шын арман
Ұжымдық%20жинақтар -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
Ұжымдық%20жинақтар -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
Ұжымдық%20жинақтар -> Хайруллина Ғайша- сафура Құзырғалиқызы Менің шыққан тегім, жанұям
Ұжымдық%20жинақтар -> Аудармалары
Ұжымдық%20жинақтар -> «алаш» баспасы
Ұжымдық%20жинақтар -> Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет