Майдың қышқылдық санын анықтау. Кептірілген таза колбаға 3-5 г майды өлшеп салып, оған 30-50 мл спирт пен эфирдің бейтарап қоспасын құяды да ерігенше араластырады. Ерітіндіге 5 тамшы 1%-ды фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісін қосып, 0,1 Н күйдіргіш натрий (калий) ерітіндісімен жойылмайтын ашық – қызғылт түс пайда болғанша титрлейді. Майдың қышқылдың санын (Х) мына формуламен есептейді:
а * 5,611
Х = -----------;
С
мұндағы; 5,611 – 1 мл 0,1н ерітіндідегі кристалды күйдіргіш калий мөлшері, мг:
а- титрлеуге жұмсалған децинормальды күйдіргіш натрий (калий) ерітіндісінің мөлшері, мл;
с-сынама алынған май мөлшері.
Күнбағыс, зығыр, қарақурай және жүгері майларында қышқылдық сан 6,0-дан аспауы керек; тазартылмаған мақта және көкнар майында 7,0 –14,0 аралығында.
Ескерту. Спирт пен эфирдің бейтарап қоспасын төмендігідей дайындайды: спирт- ректификаттың бір бөлігіне 2 бөлік петроль эфирін қосып араластырады да, осы қоспаға бірнеше тамшы 1%-ды фенолфталеин ерітіндісін қосып, оны 0,1 Н күйдіргіш калий ерітіндісімен қызғылт түс пайда болғанша титрлейді. .
Достарыңызбен бөлісу: |