Асқын тотықтың йоды калиймен реакциясы. Колбаға 3 мл май құйып, оған 7 мл хлороформ, 5 мл сірке қышқылы, 1 мл иодты калийдің қаныққан ерітіндісін қосып болып, 60 мл дистилденген су құяды да қоспаны араластырып түсін анықтайды. Майдың сапасын қоспаның түсіне қарай бағалайды: сапалы май –қоспа сабан түстес – сары немесе сары түсті, күдікті май – қоспа түсі сарғыш – қоңыр, кейде қызғыш теңбілді болды.
Сапасыз май – қоспа түсі бүлдірген түсті қызыл болып келеді.
Альдегид реакциясы. Эфирдегі флороглюцин реакциясы (Креис) пробиркаға 3-5 г май салып бірдей көлемде қойылтыған тұз қышқылы (меншікті салмағы 1,19) мен 1%- ды эфирдегі флороглюцин ерітіндісін қосады.Пробирканы шайқап араластырады. Егер құрамында алдегид болса түсі қызылға боялады.
Ацетондағы флороглюцин реакциясы (Видеман) пробикаға 3-5 г май салып, оған осындай мөлшерде 1%-ды ацетондағы флороглюцин ерітіндісін және 2-3 тамшы қойытылған күкірт қышқылын (меншікті салмағы 1,82 – 1, 84) қосып пробирканы – шайқап араластырады. Құрамында альдегид болса шие тәрізді қызыл түске дейін боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |