Сатылуға алып келінген салаттардан алдымен сынама алады, содан кейін сезімдік тексерулер жүргізеді. Салат таза ағаш, әйнек, немесе фарфор ыдысқа салынуы керек. Олардың сезімдік белгілерін бөлме температурасында кәдімгі әдістермен анықтайды. Салат иісін, түсін, дәмін, біркелкі формаларын сақтаған, туралған жағдайын анықтайды. Шырынды, қатты, жағымды қышқылтым дәмі бар. Ащы немесе бөтен дәмі болмауы керек. Шырыны әлсіз майланған.
Базарларда қатты ұсақталған, ластанған, көгерген, шырыштанған, сұр түсті консистенциясы жұмсақ, жағымсыз ащы немесе қышқыл дәмі бар ашыған салаттарды сатуға жібермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |