Коммуникативтік дағдылар туралы түсінік. Коммуникатив дағдылар, коммуникативтік процесс



бет3/11
Дата04.01.2022
өлшемі27,5 Kb.
#109355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Электив 1 тақырып

Коммуникатор, коммуникант

Коммуникатор – ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) – ақпаратты қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы – жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі – олардың іс – әрекетіне тікелей байланысты болады.

ә

2. Коммуникативтік үрдіс, дағдылар туралы түсінік.

Ортақ әрекеттесудің қажетті шарты – арақатынас жасау арқылы адамдар арасында жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат алмасуы, бірін – бірі тануы және қоса әрекеттесуі. Арақатынасының негізінде жататын коммуникативтік үрдіс. Яғни ақпараттың бір адамнан басқа адамға немесе бір топқа тасымалдануы және бұл хабарды басқалардың қабылдауы.

Медициналық қызметкердің де өз міндетін атқару барысында басқа адамдармен түрлі қарым – қатынас, байланыс жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, туыстарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейірбикелермен, кіші мейірбикелермен, мекеме әкімшілігімен және т.б.) Медициналық қызметкер мен сырқат адамның қарым – қатынасының жоғары дәрежеде болуы маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

3. Коммуникативті біліктілік

Коммуникативтік біліктілік – кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым – қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қызметкерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т.б). Тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету үшін медициналық қызметкер қатынасу білгерлігін, басқа адамдармен қарым – қатынас тәсілдерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және толық мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Медициналық қызметкердің алдында тұрған мәселелердің нәтижелі шешілуі, ауру адаммен сенімділігін және түсіністік жағдайға жетуі, оның қарым – қатынас икеміне, яғни коммуникативті білгерлігіне байланысты.

 Науқаспен қарым-қатынас жасау ережелері?

Науқасқа көбірек көңіл бөлу, оны сабырландыра білу, тәртіпті сақтаудың, дәрілерді үнемі қабылдаудың қажеттілігін ұғындыра білу, сауығуының немесе жағдайының жақсару мүмкіндігіне сендіру, кейбір науқастарға нақты диагнозын дұрыс психологиялық күйзеліске түсірмей айта білу. Алайда, медицина қызметкері мен науқас арасында мұндай психологиялық жанасу тұрақтанбаса, ол нұсқаулықтарды немқұрайлы орындап, басқа медициналық қызметкерге бас бұрып немесе өзін – өзі емдеуге мәжбүр болады.

7. Медициналық қызметкер қандай қасиеттерге ие болуы керек?


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет