Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының қазіргі түркі тілдеріндегі қалыптасуы



бет1/6
Дата13.05.2020
өлшемі42,15 Kb.
#67722
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының қазіргі түркі тілдеріндегі қалыптасуы


Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының қазіргі түркі тілдеріндегі қалыптасуы
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі сын есім мен қазіргі түркі тілдері, оның ішінде қазақ тіліндегі сын есім категориясының арасында мағыналық та, тұлғалық та айырмашылық жоқ. Тек аздаған ғана фонетикалық ерекшеліктері кездеседі.

Ескерткіштерде сапалық та, қатыстық та сын есімдер, негізгі (қызыл, қара, сарығ, көк, йашыл) жəне туынды сын есімдер синтетикалық жол арқылы да (білігсіз, ічрекі, білге), аналитикалық əдіс арқылы (қара көк, ақ боз, қара торы) да жасалады.

Орхон-Енисей жазбаларында түр-түсті білдіретін негізгі сын есімдер (ақ, қатығ, сарығ, қоңыр) жəне əр түрлі өлшем атауымен, заттың нақтылы сапасымен байланысты айтылатын (үлкен, кічіг, бай, чығай, едүг) сын есімдер де көптеп кездеседі. Ескерткіштерде сын есімнің шырайларының қазіргі түрлері түгел кездеспейді.

-Лығ, -ліг, -луғ, -лүг, -лағ, -лег, -луқ, -лүк. Тілде -лығ жұрнағы зат есім тудыруда қандай қызмет етсе, сын есім тудыруда да сондай роль атқарады. Негізгі түбірге де (йалынлығ, йемліг, кучлүг), туынды сөздерге де, яғни жұрнақ үстіне қосақталып та (біліглін, ыдуқлуқ), жалғана береді. (Екі үлүгі атлығ ерті — Екі бөлегі атты еді); -лығ, -лы жұрнағы зат есімге жалғанып, сын есім (тонлығ, алтунлығ, адақлық, йазуқлық, буқалы-бұқалы, сувлы-сулы, қорқунчлығ-қорқынышты т.б), сын есімге жалғанып, зат есім жасай береді (уйар-үлкен, уйарлығ-беделді; ыдуқ-қасиетті, ыдуқлуқ-қасиеттілік). Орхон-Енисей ескерткіштерінде кейде -лығ жұрнағымен мағыналас келіп отыратын жəне соның орнына ара-тұра қолданыла беретін -лы аффиксі көне жазбаларда қос сөздер құрамында да жұмсалып отырады: інілі-ечілі (ағалы-інілі).

-Лығ, -лы аффикстері — Орхон-Енисей жазбаларында жаңадан сөз тудыруда өнімді қызмет атқаратын жұрнақтар. Қазіргі түркі тілдерінде де олар актив жұрнақтар қатарында қаралады.

-Суз, -сүз, -сыз, -сіз: Йағысыз-жаусыз, тонсыз-киімсіз, буңсуз-мұңсыз, йолсыз-жолсыз, сувсуз- сусызОрхон-Енисей ескерткіштерінде -сыз жұрнағы жалғанған сөздер ауыспалы мағынада да қолданылады: білігсіз (білімсіз, сауатсыз, надан), кергексіз (ақыры, соңы); -сыз жұрнағының шығу тарихын кейбір ғалымдар (Баскаков) -са, -се, -сы, -си-мен байланыстырса, кей ғалымдар (Гарипов) чуваш тілінде сылу (сыру) мағынасын беретін сыр етістігімен байланыстырады. Бірақ көптеген түркі тілдерінде -сыз болымсыздық ұғым беретін жұрнақ ретінде ғана танылады [1; 155].

-Ғы, -гі, -қы, -кі. Бұл жұрнақтар Орхон-Енисей жазбаларында жатыс жалғауынан кейін жалғанады. Қазіргі түркі тілдерінде де олар осындай ретпен қолданылады. Жатыс жалғауы мен -ғы,-гі аффиксінен біріккен құрамды -дағы, -дегі, -тағы, -тегі жұрнақтары мекендік мағынаны білдіреді. Бұл жұрнақтар ескерткіштерде көбінесе мекендік ұғым беретін зат есімдермен, үстеу сөздермен, сол сияқты жатыс септігінде тұрған есімдермен бірігіп, сын есімдер жасайды. Мысалы: йердекі — жердегі, булуңдағы — бұрыштағы, көңүлтекі — көңілдегі, ічрекі — іштегі, тағдақы — таудағы, балықдақы — қаладағы, бүкүнкі — бүгінгі т.б.

Жатыс септік формасындағы мекендік мағына беретін зат есімдер мен үстеуге жалғанып, мекендік ұғымды білдіретін сын есім жасайды: Йердекі тамкалығ йылқы бунсыз ерті — Даладағы жайылып жүрген таңбалы жылқы сансыз еді; Көңүлтекі сабымен — Көңілдегі сөзім.



-ғ, -г, -қ, -к, -ығ, -ук, -үг, -ық, -ик. Бұл жұрнақтар Орхон-Енисей жазбаларында зат есімге, сын есімге де жалғанып, туынды сын есім жасайды. Ол көбінесе етістіктен сын есім жасайды да, іс-əрекет нəтижесін білдіреді: Анта алығ адашыма анта сізіме едүг ешіме адырылтым — Байлығымнан, мейірманды жолдастарымнан мені елім айырды; Тамағ ыдуқ башда сүңүшдім, Күлтігін ол сүңүште отуз йашаур ерті — Біздер қасиетті Тамағ төбеде шайқастық, ол кезде Күлтегін отыз жаста еді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет